Наурыз мейрамы: тарихы, дәстүрлері және қазіргі маңызы


Slide 1

НАУРЫЗ

Slide 2

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тiлiнде нава - жаңа және рәзаңһ - күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тiлiнде де сол мағынамен қалған (но - жаңа және роуз - күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап) . Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжiкстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Slide 3

Наурыз - қазақ халқының мерекесi

22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.

Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Slide 4

Наурыз құтты болсын!

Slide 5

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.


Ұқсас жұмыстар
Наурыз мейрамы: тарихи-мәдени маңызы мен дәстүрлері
Наурыз мейрамы: тарихы, дәстүрлері және Қазақстандағы мерекелеу
Көрісу күні және Наурыз мейрамы: тарихи маңызы мен салт-дәстүрлері
Наурыз мейрамының тарихы, маңызы және салт-дәстүрлері
Наурыз мейрамы: салт-дәстүрлері, ырымдары және ұлттық тағамдары
Наурыз айының маңызы мен дәстүрлері
Наурыз мейрамының тарихы, салт-дәстүрлері және ұлттық тағамдары
Көрісу күні: тарихы, дәстүрлері және қазіргі қоғамдағы маңызы
7-сынып Қазақ тілі: Сын есімнің жасалуы және Наурыз мейрамы
Қазақстандағы негізгі мерекелер: Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз және 9 мамырдың тарихы мен дәстүрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz