Саяси режимдер. Қоғамды демократия ландыру және саяси жаңару
Презентация қосу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер
кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы: Саяси режимдер. Қоғамды
демократияландыру және саяси жаңару.
Саяси режим ұғымы.
• Саяси жүйенің қызмет етуінің барынша нақты
және қозғалмалы сипаты – саяси режим.
• Осы ұғымның көмегімен қоғамның саяси
жүйесінің негізгі институттарының өміршеңдігі,
демократияның дамуы немесе күйреуі, көпшіліктің
басқаруға қатысу дәрежесі, билік органдарының
қызмет әдістері анықталады.
Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге
асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Саяси режимдер типологиясы.
• Саясаттану әдебиетінде саяси режимдердің мынадай негізгі
түрлері кеңінен қолданылады:
• Тоталитарлық режим (total – толық, жалпы);
• Демократиялық режим(demos –халық,kratos –билік).
• Мұндай типтендірудің негізіне билік жүргізудің екі әдісі
алынған. Тікелей күштеу әдісі және либерализм әдісі. Осы екі
әдіске саяси режимнің екі негізгі түрі сәйкес келеді:
авторитарлық және либералдық, олардың арасында әртүрлі
аралық түрлер болуы мүмкін. Режимдердің осы екі түрінің өзі
тоталитаризмнен демократияға өтпелі болуы мүмкін, оларды
көрнекі түрде төмендегідей көрсетуге болады.
Саяси режимдердің типологиялық
белгілері:
• Режимнің белгілері:
• 1. Билікті жүзеге асыру
сипаты мен шамасы
• Тоталитарлық Жалпы бақылау және күштеу
• Авторитарлық Қоғамдық өмір аясында
бақыланбайтын биліктің пайда болуы
• Либералды Билік тәуелсіз топтармен сұхбат
жүргізеді, оның нәтижесін анықтайды
• Демократиялық Билік заңды түрде сайланған
азаматтардың өкілдері
арқылы жүзеге асырылады
• 2. Адамдардың билікке қатынасы
• Тоталитарлық Қоғамдық сананың
билікпен кірігуі
• Авторитарлық Халықтың билікті
жатсынуы
• Либералды Қоғамның билікке ықпалы
• Демократиялық Нақты билік
ұстаушыларды сайлау
3. Көлденең әлеуметтік
құрылымдардың мәртебесі
• Тоталитарлық Кез келген көлденең
құрылымды күйрету
• Авторитарлық Кәсіби сипатқа ғана жіберу
• Либералды Кез келген ұйымға
рұхсат беру
• Демократиялық Қоғамдық ұйымдар –
ПСО негізі
4. Тыйымдар сипаты
• Тоталитарлық Билік бұйрық бергенге
ғана рұхсат берілген
• Авторитарлық Саяси емеске ғана рұхсат
берілген
• Либералды Билікті ауыстырудан
басқаның бәріне рұхсат берілген
• Демократиялық Заңдының барлығына
рұхсат берілген
Жоғарыда берілген кестеге қарап, тоталитаризмнен босану
логикасы авторитарлық және либералдық режимдер арқылы
өтетінін көруге болады. Тоталитаризмді күйрету қирату арқылы
емес, күшейту арқылы жүреді. Бұл қоғамды анархизмге барудан
ұстап тұратын, оған «Пизан мұнарасының» үйіндісі астында
тапталуға жол бермейтін авторитарлық режим. Қоғамды
тоталитарлық режимнен босату бір күнде болмайды, бұл жолда
өтпелі (аралық) режимнен өтеді.
Тоталитарлық режим
Тоталитарлық режим мыналарды жүзеге асырады:
• 1. Мемлекет тарапынан қоғамның экономикалық, саяси, және
рухани өмірін барынша реттеу.
• 2. Азаматтық қоғамды бөлшектеу және тарату: саяси және саяси
емес өмір аясы арасындағы шек жоғалады, көпшілік және азшылық
мәселесі – барлық жағынан бірауыздылықты талап етеді, рұқаст
етілмеген қызметтерге тыйым салынады.
• 3. Басқарудың әрбір деңгейінде билікті бір орталыққа
шоғырландыру, билікті барлық деңгейде қалыптастыру жабық
арналар арқылы жүзеге асырылады, қоғамдық-саяси ұйымдар
мемлекеттік органдардың қосарларына айналады.
Барынша тоталитарлық режимге сталинизм кезеңіндегі КСРО үлгі
бола алады, ол адамзат қызметінің бар саласын қамтыды:
материалдық та, рухани да.
• ХХ ғасырда тоталитарлық режим тек КСРО-да ғана емес, сонымен
бірге мынадай бірқатар елдерде де дамуға үлгерді: Италия, Германия,
Испания, Португалия, Румыния, ҚХР, Чили. Ол әрқайсысына тән
ерекшелікке ие, бірақ режимнің мәнін біріктіретін жалпы белгілері
бар. Оны өз кезінде батыс саясаттанушылары К.Фридрих және З.
Бзежинский көрсеткен болатын:
• 1. Дара көпшілік саяси партияның болуы.
• 2. Партияның өзі демократиялық бастаумен
ұйымдастырылған.
• 3. Идеологияның басым ролі дін ретінде қабылданады.
• 4. Билік тарапынан экономикаға монополиялық бақылау,
көпшілік бөлігінде соғысқұмаршылық.
• 5. Билік тарапынан бүкіл халыққа тотальды бақылау.
Зерттеушілер, егер елде осы бес белгі боса, онда бұл
тоталитарлық режим демократияға қарай өзгермейтіні туралы
«диагноз» қойды (З. Бзежинский). Алайда өмір теориялық
тұжырымдарға толы. Бұған ТМД елдері мысал бола алады.
Авторитарлық режим
• Саясаттанушылар тоталитаризммен ұқсас белгілері бар, бірақ одан
елеулі айырмашылығы бар режимнің түрін көрсетеді. Бұл
демократиялық емес, бірақ ол тоталитарлық секілді шектен
шықпаған режим - авторитарлық режим. Ол қоғамда саяси
режимнің дербес түрі ретінде өмір сүреді, бірақ көптеген
зерттеушілер оны тоталитарлықтан демократиялық режимге
ауыспалы режим деп есептейді.
• Мұнда экономикалық еркіндік бар, білім беру, мәдениет, дін
саласында да белгілі бір бостандық бар. Авторитарлық режимнің
мынадай шағын түрлерін бөліп көрсетеді:
• а) теократиялық авторитарлық режим, билікте руханилық пен
Шариғат заңдары мемлекеттің заңдары болады (Иран). Режим әрине
өзі де жеткілікті түрде қатаң, бірақ экономика Шариғат заңдары
бойынша емес, рынок заңдары бойынша жұмыс істейді;
• ә) тоталитаризмге дейінгі режим: мұнда тоталитарлық режимге,
темір тәртіпке қарай анық қозғалу;
• б) тоталитаризмнен кейінгі режим: өзінің бірқатар белгісін
жоғалтқан режим, мысалы партия монополиясы саяси плюрализмге
жол береді және дара идеологияның негізгі бетінен кері шегінеді.
Либералдық режим
• Мемлекеттің бір жағынан либералдық режимінің негізінде
азаматтық қоғам тарапынан (қоғамдағы саяси емес
қатынсатардың жиынтығы) бақылау жатады, екінші жағынан
азаматтық қоғамның өзінде реттеу сипаты көпшілік-
құқықтық институтционалды жүйелер арқылы іске асады.
• Демократиялық режим әртүрлі тараптардың теңдігі немесе
кәсіби басқарушылардың үстінен басқаратындардың теңдігі
ретінде билікті жүзеге асырудың осындай тәсілдері мен
әдістерін білдіреді. Демократия саяси режимнің жетекші
элементі ретінде әрекет етуге арналған. Режимнің саяси
бағытында әдетте демократияның плюралистігі іске
асырылады.
Демократиялық режим
Өрістетілген демократияның көрнекілеу типі өкілдік болып табылады,
бұл кезде плюрализм елде саяси-құқықтық тұрғыдан іске асады.
Құрылымдық-логикалық тұрғыдан бұл былайша көрінеді:
• а) шағын қауымдарды жалпы жиналыстар басқарады;
• ә) үлкен қауымдарды даулы, барынша маңызды мәселелер
референдумдар өткізіледі;
• б) қоғамдық пікір үнемі зерттеледі;
• в) барлық деңгейдегі өкілдік органдар жалпыға ортақ, тең, тікелей сайлау
арқылы жасырын дауыс беру арқылы сайланады;
• г) көппартиялық жүйе жұмыс істейді;
• ғ) саясаткерлер мен саяси партиялардың тартысатын негізгі аренасы
– сайлау;
• д) саяси партиялар бар болғаны мемлекеттік бағыт пен саяси режимді
жүргізуде өз нұсқасын ұсынады;
• е) азшылық өз позициясын жақтау құқығын иеленеді, жалпыға міндетті
шешімдерді сыйлауға және орындауға міндетті;
• ж) әрбір азамат билікті сынау және оның ішінде сотқа жүгіну құқығына
ие;
• з) адам құқығы – жоғары құндылық, ал оларға кепілдік беру –
демократиялық режимнің басты саяси-әлеуметтік функциясы.
Батыс саясаттанушылары (А. Лепхард) демократиялық басқарудың
мынадай типтерін атап көрсетеді:
• Президенттік.
• Парламенттік.
• Режимнің президенттік типі ел Президентінде белгілі бір дәрежеде
парламентте (АҚШ, Қазақстан және басқалары) болуы мүмкін болса
да, биліктің толық болуын көздейді.
• Демократиялық режимнің парламенттік типі Парламентте тікелей
және толықтай заң шығарушы биліктің болуын көздейді
(Ұлыбритания, Германия, Швейцария). Мұнда парламентте бір партия
көбірек болады. Мысалы, Англияда консерваторлар мен лейбористер
партиясы бірін бірі ауыстырып билікке тұрады, бұл көпшілікке бір
партиялық үлгі ұсынады.
• Қазақстанда демократиялық режимнің президенттік басқару
типі билік жүргізеді. Демократиялық режимнің басты саяси-
әлеуметтік функциялары жүзеге асырылады.
Біздің елімізде тиісті нормативтік база қалыптасқан.
Демократиялық сайлаулар –
демократиялық режимнің өзегі
• Құқықтық мемлекет, демократиялық режим қалыптастыру қоғамның
алдына бірінші кезектегі міндет қояды – қажетті құқықтармен,
бостандықтармен қорғалған тұлғаны қалыптастыру. Демократиялық
басқару негізінде сайлаулардың адалдығы және жарыспалылығы; үкімет
аппараттық ойындар нәтижесінде емес, сайлау нәтижесінде
қалыптастырылады; саяси азшылық (заңды оппозиция) құқықтарын
құрметтеу; көп партиялы немесе қос партиялы жүйе секілді сипаттар
жатады.
• Сайлаулар демократиялық форманың орталық институты болып
табылады. Демократиялық сайлау дегеніміз не?
• Ең алдымен олар бәсекелес болуы тиіс. Оппозициялық партиялар мен
кандидаттар сөз, жиналыс, жүріп-тұру бостандығын пайдалануы тиіс.
• Демократиялық сайлаулар кезеңді болуы тиіс. Демократиялық елдер
президентті мәңгілікке сайламайды. Сайланбалы тұлға халық алдында
есеп береді. Демократиялық сайлаулар - өкілді, яғни ел халқының
көпшілік ересек бөлігін қамтуы тиіс және
түпкілікті болып табылады.
Әрбір елде таңдау механизмі сайлау жүйесі арқылы іске асырылады.
Сайлаудың екі негізгі мүмкіндігі бар: көпшілік дауыспен сайлау
(мажоритарлық сайлау жүйесі) немесе теңдей өкілдік (мысалы,
партиялардан, облыстардан, штаттардан және с.с. өкілдік).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz