Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )


Slide 1

Орындаған:

Тексерген:

СОӨЖ

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау(Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып Дулат және т. б. )

Slide 2

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Алаш қозғалысының тарихнамасы

Ахмет Байтұрсынов салған сара жолдың зерттелуі

Тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған (ғылыми маңыздылығы жоғары) еңбектер

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

XX ғасырдың соңында еліміз халықтарының ұлы жетістігі Қазақстан тәуелсіз мемлекеттілігінің орнатылуы болды. Алаш қайраткерлері туралы зерттеулерге жол ашылғаннан кейін ұлттық мүдде тұрғысынан олардың өмірі мен қоғамдық саяси істерін қарастыра бастады. Олардың қызметін жаңаша көзқарас тұрғысынан М. Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры» еңбегінде Ә. Бөкейхановтың, М. Шоқайдың өмірі мен қызметі баяндалған. М. Қозыбаевтің «Ақтаңдақтар ақиқаты» еңбегінде «Қазақ зиялыларының кейіннен Алаш партиясына топтасқандары саяси күресті буржуазиялық демократия шеңберінде жүргізді. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституциялық жинақталған кейбір саяси бостандықтар ғылым мен мәдениет даму көлемінде күресін бақты. » Т. Омарбековтың, М. Қойгелдиевтің «Тарих тағлымы не дейді?», С. Өзбекұлының «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер. » монагрфиялық зерттеулері, т. б. зерттеушілердің саяси лидерлер жөніндегі еңбектері баспасөз бетінде жарияланып тұрды. М. Шоқай, М. Тынышпаев туралы тарихи-танымдық еңбектер де соңғы кезде жарық көрді. М. Шоқайдың таңдамалы шығармалары 3-томдық жинағыжәне Ә. Бөкейхановтың таңдамалы шығармалары 2-томдық қазіргі кезде баспадан шыққан. А. Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған еңбектерден Р. Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітабын атауға болады. Е. Серікбаевтың «Бүкіл ресейлік құрылтай және «Алаш» зиялылары мақаласында құрылтайға депутаттар сайлау барысы мен оның жұмысына шолу жасаса жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау мәселесі осы тақырыпты ғылими тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Ашкееваның Н. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы саяси әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастары атты авторефераты ХХғасырдың басындағы саяси процестердің басында болған лидерлердің саяси қызметіне, шығармаларына талдау жасай келе ұлттық лидерлердің саяси-әлеуметтік көз-қарасын көрсеткен.

Кіріспе

Slide 4

Осы тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т. б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рұсқұлов т. б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.

Slide 5

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы - 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі

Slide 6

К. Нұрпейісов өзінің «Алаш һәм, Алашорда» еңбегінде: шын мәнінде, Ахмет Байтұрсынұлының және оның серіктерінің Кеңес өкіметі жағына кездейсоқ өтпегені белгілі. Бұл туралы Ахаңның өзі «Жизнь национальностей» журналында 1919 жылы 3 тамызда жазған «Революция және қазақтар» атты мақаласында төмендегідей пікір білдірген еді: «Егер де бұрын бір топ адамдар патша чиновниктері атынан қырғыздарды (қазақтарды) жауапсыздықпен қамап, әр түрлі зорлық-зомбылықтарға жол берген болса, дәл осындай қылықты шет аймақтарда большевик-коммунистер деген атты жамылған осындай және басқадай адамдар тобы байқатты. Патша өкіметі кезінде, бұрын мұндай жағдаймен ымыраға келмеген мен және менің пікірлестерім, енді тағы да осындай істер Советтің Ресейде түгелдей орын алуда деп ойлап ымыраға келмей кеңес өкіметін мойындауғы қарсы болдық. Бірақ монархиялық билік бағытындағы Колчактың пайда болуы осы және басқа билік туралы ойлауға мәжбүр етті. Сонда біз қырғыз (қазақ-Т. О) халқының ежелгі арманы оңшыл ма әлде солшыл ма әйтеуір, жүзеге асар болар дегенге көзіміз жеткендіктен жергілікті большевиктердің іс-әрекеті біздерге ұнамды көріне қоймаса да кеңес өкіметі жағына шыққанды жөн көрдік» [4, 241 б. ]

Slide 7

1. Имаханбет Р. С. Ахмет Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. «Алаштың Ахметі»: Респ. Ғыл. -тәж. конф. Материалдары. -Қарағанды: «TENGRI Ltd», 2013. -382 б.

2. Нұрпейісұлы К. Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция. // Егемен Қазақстан. 1997 ж. 5 желтоқсан. −3-5 бб.

3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) . Бес томдық. 3-том. - Алматы: «Атамұра», 2002. - 768 б.

4. Нұрпейісов. К Алаш һәм Алашорда. - Алматы «Ататек» 1995- 256 б.

5. Омарбеков Т. Қателескен Ленин бе, жоқ әлде қазақ зиялылары ма? // Егемен Қазақстан, 1991.

6. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті, 2004. -388 б.

Ахмет Байтұрсынұлы жайында жазылған

тәуелсіздіктен кейінгі еңбектер

Slide 8

Тарихтың ойлы-қырлы беттерінде халық жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын есімдер болады. Ал менің осы жұмысты жазуыма және рухани сана-сезімімнің қалыптасуына айрықша әсер еткен тұлға-Ахмет Байтұрсынұлы. Мен осы Ахмет Байтұрсынұлын пір тұтамын. «Қайтсем халқыма пайдамды тигіземін, қалай ғана ұйқысынан оятамын, қайтсем қара халықтың көзін ашамын» - деген мақсатты ойларын үнемі жадымда сақтаймын. Абай атамыз «Болмасаң да, ұқсап бақ»-дегендей, мен де туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған қоғам қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен, шығармаларымен қаруланып, жігерленіп, оның ізін жалғастырып, қазақ халқының дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру үшін және руханиятын кеңейту мақсатында осы тақырыпты таңдап алдым. Ол бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған, қазақ халқының саяси, әлеуметтік, мәдени, рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Осы еңбегімде Ахмет Байтұрсынұлының Қазақ елінің тарихындағы мәдениетін, өркениетін дамытуға қосқан үлесін ашып көрсетуге, қазақ халқы, ұлты үшін еткен еңбектеріне шолу жасауға тырыстым. Ахмет Байтұрсынұлы туралы өздерінің еңбектерінде К. Нұрпейісов, М. Қозыбаев, К. Көшербаев, Ө. Айтбайұлы, Т. Омарбеков. Ә. Нысанбаев т. б жазады. Осы жұмысты жазу барысында Ахмет Байтұрсыновтың өзінің еңбектерін негізге ала отырып, «Ақжол», «Тіл тағылымы» т. б. еңбектері мен шығармаларын пайдаландым

Ахмет Байтұрсынұлы

Slide 9

Бұл шағын еңбек алты Алаштың ардақтылары Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермековтер туған орта - Ақтоғайда бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына арнап шығарылды. Ақтоғай - Алаштың үш бірдей көрнекті қайраткерлерін берген қасиетті де киелі жер. Кітаптың "Алаштың Ақтоғай" аталуы да осыдан. Көлемі жағынан шағын болса да, туған жер мен ел тарихынан мол мағлұматтар беретін бағалы дүние.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау жайлы
Байтұрсынұлы пен
Алаш және Түркістан автономиясы
Алаш қозғалысы
Алаш және қазақ халқының дамуы
Алаш арысы - көреген көсем Мұстафа Шоқайдың өміріне шолу
МҰСТАФА ШОҚАЙ
Ұлт - зиялыларының өмірі туралы мағұлмат
Алаш қозғалысы, ұлт зиялылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz