Үшқоңыр



Үшқоңыр

Шамалған - Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
Тұрғыны 13 616 адам (2009) .
Үшқоңыр

Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда және округке қарасты Айқым, Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т. Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын, алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды
Тарихы

Көптеген елдерді араладым. . . бірақ бәрі өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған Үшқоңыр төбесіне жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен. . .
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Үшқоңыр картасы

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Үшқоңыр ұшырған қыран

Үшқоңыр мәдениет үйі

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде - 10-16°С, оңтүстікте - 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Өңірдің климаты

Өңірде 1997 ж. етті-сүтті мал, құс, көкөніс, картоп, жеміс - жидек өсіруге мамандандырылған 20 шаруашылык, 4 ҒЗИ, ауыл шаруашылығы машиналарын сынау, құс есіру, тәжірибе станциясылары болған. Олардың негізінде 1997 жылдан 14 өндірістік кооператив, 2 ЖШС, 3088 шаруа қожалығы құрылды. Сондай-ақ, 1 асыл тұқымды, 2 тәжірибе шаруашылығы, 1 акц. қоғамға біріктірілді. Олар жеке меншік, шетел инвестициясына өндіріс орындарын ашу бағытында жұмыс істеуде. "Хамле" ЖШС төтті тоқаштар өндіру, "Синтекс - 396 Қазақстан" ЖШС-і темекі өнімдерін, "Либелла-Ботлерс-Алматы" ЖШС-і алкогольсіз сусындар өндіреді.
Өңір өнеркәсібі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz