Мультимедиялық технологиялар




Презентация қосу
Мультимедиялық
технологиялар
Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім
алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз» 2011 жыл ҚР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев
Мультимедиа
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты
және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған
компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді —
мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және
мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-
түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте
көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді.
Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға,
дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында
көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық
программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап,
бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.
Мультимедиялық
технологиялар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 2011 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.
Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің
12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың
жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.
Қазіргі кезеңде ғылыми–техникалық прогрессті жеделдетудің ең маңызды
шарттарының бірі адам қарекетінің барша саласында жетілдірілген әмбебап
есептеутехникаларын, компьютерлерді және мультимедиялық оқу
құралдарын қолдану басым болып отыр. Осыған байланысты компьютер
есептегіш машиналарды қолдану саласының кеңеюі, болашақта әрбір адамнан
жеке компьютермен жұмыс жасай білуді талап етеді. Сондықтан, мектеп
оқушыларының оқу орны қазіргі заманғы әмбебап компьютерді пайдалану
үшін қажет біліммен, машиналармен және дағдылармен қаруланып, күнделікті
өмірде компьютерді кеңінен пайдалануға және мақсатты бағдарламалар құрып,
жұмыс істеп үйренуі тиіс.
• Мультимедиялық технологиялар -бейнелік және аудиоэффектілік
әртүрлі мульти-бағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті
програмалық жабдықтардың басқаруымен орындай алатын
электрондық құжаттарды дайындау тәсілі.
• Физикадағы жаңа материалды меңгеру сабағында, зертханалық
жұмыс орындауда, есептер шығару сабақтарында, тақырып пен
тарауды оқуды аяқтаукезіндегі қайталау сабақтарында, білімді
тексеру сабақтарында мультимедиялық қондырғылар
кеңінен қолданыс таба алады.
• Сонымен қатар, соңғы жылдары әдістемеге енгізілген
эксперименттерді компьютер арқылы модельдеудің де,
студенттердің эксперименттерді қолдарыменжасағанындай
болмаса да, приборды танып білуіне, оның қолданылу деңгейін біліп
жұмыс істеуінің маңызы зор болып отыр. Сондықтан, біз өзіміз
құрғанжүйеміздің бір элементі етіп компьютерлік виртуальды
эксперименттерді алып отырмыз. "Компьютерлік виртуальды
эксперимент" бағдарламасын колдану әдістемесін жасадық. Бұл
бағдарлама бойынша физикалық
эксперименттерді (демонстрациялық тәжірибелерді, зертханалық
жұмыстарды) студенттер өзбеттерінше орындайды. Бұл
студенттердың іскерлік дағдыларын калыптастырып,
шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Қазіргі кездегі компьютерлік және инновациялық мультимедиялық технологиялар оқу
үрдісін толықтыруға мүмкіндік жасайды. Көп жағдайда, кейбір физикалық құбылыстар
мен көріністерді мектеп жағдайында көрсету мүмкін емес, сонымен оқытудың бейне –
мультимедиялық бағдарламаларының көрсететін көмегі өте зор. Бірақ, мүндай
бағдарламалардың ролін көтеріп жіберуге болмайды. Себебі, ешқандай нәрсе нақты
физикалық экспериментті алмастыра алмайды, яғни, ол жерде зерттеуші табиғатта
болатын құбылыстарды "виртуальды нақтылықта емес" жағдайды көреді.
Біріншіден, жаңа материалды түсіндіру барысында демонстрациялық тәжірибелерді
көрсетуге болады. Осындай демонстрациялар өте көрнекі жәнеоқушылардың тақырыпты
түсінуіне ғылыми дүниетанымының оянуын жақсартады да, олардың пәнге
деген қызығушылығын тудырады. Демонстрациялардың кәдімгі бейне – оқу
фильмдерден артықшылығы, мұғалім бағдарламаның параметрлерін өзгерте
отырып, оқушылардың "Егер былай болса, қалай болады?" деген сұрағына, "ал
ендеше көрейік..." деп жауап бере алады.
Екіншіден, бағдарламаны физикалык практикум ретінде қолдануға болады. Бұл сабақтарды
компыютерлік сыныпта өткізген дұрыс. Бұл жағдайда әрбіроқушы зертханалық жұмысты
жеке, өз бетімен орындайды. Осындай зертханалық практикумдарға оқушылар алдын–ала
теориялық дайындықпен келуі, олардыңэксперименттік қондырғылармен саналы түрде
жұмыс істеуіне және олардың пәнді тереңірек түсінуіне әсерін тигізеді.
Үшіншіден, бұл бағдарламаны эксперименттік бейне – мультимедиялық есептер
құрастыруға да пайдалануға болады.
Төртіншіден, осы бағдарламаның негізінде жобалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге
болады. Бағдарлама теориясы мектеп бағдарламасының аумағынаншығатын күрделі
физикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Бесіншіден, дайын бағдарламаны пайдаланып, оқушылар білімін тексеретін тест
сұрақтарын көрнекі түрде оқушылардың ғылыми дүниетанымын тудыратындай етіп
дайындауға болады.
Оқу телехабарлары ғылым мен техниканың, өнер мен әдебиеттің,
саясат пен экономиканың, дін мен әлем проблемаларының дамуы,
байланыстары,медиафорум арнайы жедел түсінікті, көрнекті, ақпараттар
жүйелі жеткізіліп, интернеттен қажетті мәліметтер алынып, талданып
ұтымды оқу материалдарын толықтыру шығармашылықты туындатады.
Ізденіс пен тәжірибе, озық технологиялар мен инновациялар толықтырып
қарқынды оқытуға жеткізеді. Оқу телехабарларын мынадай жағдайларда
пайдалану тиімділігі артып, өз нәтижелерін береді:
• өте күрделі тақырыпты зерделеуде, әсіресе көрнектілік аса
қажет болатын тақырыпты түсіндіруде, мұғалімге арнайы
«телеоқытушының» іс–тәжірибесі көмектесе алады;
• оқу бағдарламасына байланысты нысандарға тікелей
қатысты, мазмұнды мәселеге орай телетопсеруен жасау мәнді;
• оқу бағдарламасының мазмұнына сай, тікелей үдеріс,
құбылыс, мәтінге байланысты ақпараттар көріністері, сөйлемдері,
мемлекеттік тілде қысқа, нақты баяндалуымен ғана тиімді;
• мультимедиялық арнаулы бағдарлама жан–жақты қарастырылып,
тікелей оқу–тәрбие үрдісіне сәйкестірілген соң оның берері мол;
• арнаулы оқу үрдісіне, нақты тақырыпқа, қатысты лайықталған
электронды оқу құралының мәні еселеп артуда, оны
тираждау ерекше мәнді, әсіресе компьютерлендіру, соңғы
техникамен жарақтандыру, жабдықтау және қазіргі формациядағы
мамандардың біліктілік жаңа белеске көтереді, басты ерекшелігі
заман талабына лайықты болуына ұмтылысын қажет етеді.
Мультимедиялық оқыту материалдары типтік бағдарламаларға
тікелей сай шығарылып, нақты оқу орындарының түрлеріне
қатысты шығарылып, қолданылуда оның болашағы үлкен.
Теориялық оқу материалдарын баяндау үшін арнайы тәжірибе
даярланады, оның қойылу мақсаты, көрсетудеқолданылатын
жабдықтар, тәжірибенің қойылуы, тәуелділік,
заңдылық анықталып үдеріс, құбылыс, эффект нақты баяндалып,
теңдік шығарылады. Оны оқу құралынан схема түрінде көруге
болады. Мысалы, физика пәнінің хрестоматиясынан,
анықтамалардан, энциклопедиядан, ғылыми–көпшілік журнал,
әдебиеттерден алынған үзінді нақты, дәлме–дәл берілуі–
жазылуы–бейнеленуімен мәні артады.
Мультимедиялық бағдарлама жасау оны типтік
бағдарламаға нақты сәйкестендіру, көлемін шамалау,
мазмұндылығын арттыру, қажетті мәліметтерді іріктеп алу,
арнайы тәжірибелерден өткізіп, қазіргі кезеңмен ұтымды
байланыстыру, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты, үлттық бірыңғай тесті талаптарына лайықтап,
бәсекелестікке барынша қабілетті білім негіздерін беруге
жеткізуге, қарқынды оқытуға ықпалын арттырады.
Оқыту үрдісін жетілдіруге қатысты ғылыми – зерттеу
жұмыстарын зерделеп, талдау негізінде оқытудың техникалық құралдарына
байланыстымультимедиялық технологияның даму тенденцияларын келесі
кезеңдерге бөлуге болады

1. Ұйымдастырушылық (1900–1930 ж.ж)
2. Эмпирикалық (1930–1950 ж.ж.)
3. Әдістемелік (1950–1965 ж.ж.)
4. Ғылыми–зерттеу кезеңі (1965–1980 ж.ж.)
5. Бағдарламалап оқыту әдісін пайдалаігу
кезеңі (1980–1990 ж.ж.)
6. Кешендік (1990–1995 ж.ж.)
7. Компьютерлік технологияларды оқыту
үрдісіне енгізу кезеңі (1995–2000 ж.ж.)
8. Мультимедиялық оқыту технологияларды
, коммуникациялық
құраладарды оқыту үрдісіне енгізу кезеңі (2000–
2006 ж.ж.)
Қазіргі кезеңде мультимедиялық оқыту технологиялары
зерделеніп, электрондық оқыту құралдары, электронды
оқыту әдістемелік құралдарын ЖОО ғалымдары игеру,
меңгеру, пайдалану оларды талдаулар арқылы жобалаулар
жасап, құрылымын өздері құрастырып, пікір алысып,
ұсыныстар мен ой бөлісулер, конференциялар, семинарлар
арқылы іс–тәжірибеден өткізуде.
Оқу–тәрбие үрдісіне теориялық, іс–тәжірибелік талдаулар,
оның тарихына пайымдаулар, ғалымдардың ойлары,
әдіскер, практик мамандардың пікірлері, озық, тиімді,
оңтайлы ықпалдар, нәтижелер келесі
тұжырымдама жасауға жеткізеді:
· оқытудың техникалық құралдары–пассивті оқыту
құралдары;
· компьютерлік технологиялар–активті оқыту құралдары;
· мультимедиялық технологиялар–
интерактивті оқыту құралдары деп үш топқа бөлуге
негіздеме береді.
Қолданылған әдебиеттер:
• 1. Касаева А.Ж. Формирование познавательной
деятельности учащихся на основе решения субъективно
творческих задач: дисс. ... кан. пед. наук. – Москва, 2003
• 2. Курманов М.К. Подготовка будущих учителей физики в
университете к формированию познавательной активности
учащихся: автореф. … докт. пед. наук. – Алматы, 2000.
• 3. Орманова Г.К. Практика использования проблемного
изложения материала для активации познавательного
интереса студентов к физике // Научные труды ЮКГУ им.
М.О.Ауезова, Шымкет, 2006
• 4. Орманова Г.К., Беркімбаев К.М. Использование
комьютерных моделей в процессе
обучение студентов физике. Москва, 2012 «Вестник
Российского университета дружбы народов» №3, Стр 88-92

Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық технологиялар тұжырымдамасы
Жобаларды құрудың бағдарламалық құралдары
Мультимедиялық технологияның мүмкіндіктері
Мультимедиа жүйесі
Мультимедиялық жабдықты демонстрациялық экспериментте қолдану
Мультимедиа технологиялары
Инновациялық технологиялар
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Мультимедиялық құралдардың түрлері
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және білім беру ортасы
Пәндер