Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы. Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз



Алматы Технологиялық Университеті
Орындаған: Есболат Н.
Жакашева А.
Болат Д.
Тобы: БТ-16-12
Тексерген: Абдрешов. С. Н
Тақырыбы: Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы.
Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз
Алматы, 2018ж

Жоспар:
Кіріспе
Өсімдік уларына байланысты классификациясы
Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясы
Токсикологиялық маңызы бар басқада өсімдіктер
Тағамдық токсикоинфекция
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әртүрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.


Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер:
Өсімдікте кездесетін, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. “Алкалоид” - сілті тәрізді заттар деген мағына. Өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі. Алкалоидтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді және ас қорыту жүйесінде жақсы сіңеді. Қазір 1000-ға тарта алкалоидтар бедгілі. Олардың 200-ге жуығы жақсы зерттелген. Алкалоидтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде де кездеседі, бірақ барлық бөліктерінде бірдей емес. Көптеген өсімдіктердің тек белгілі бір бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы: көкнәрдің (мактың) алкалоиды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутотоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас алкалоидтардың болуы жиі кездеседі. Көптеген алкалоидтардың құрамында оттегі болады. Ондай алкалоидтар қатты түрінде болады.

Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер

Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясы
ЭФИР МАЙЛАРЫ (терпендер, камфаралар) . Көптеген өсімдіктер құрамында кездеседі. Олар көбінесе өсімдіктердің гүлі мен ұрығында көптеп кездеседі. Өсімдіктердің өздеріне тән иістері осы майларға байланысты. Олардың көбі тиген жерлерін тітіркендіріп кызартады, кейде күйдіруге дейін барады, қабыну процессі пайда болады. Олар бүйректер мен өкпелер арқылы бөлінетіндіктен ағзаларға өз әсерін тигізеді. Қан арқылы орталық жүйке жүйесін қоздырады.
Химиялық құрамы бойынша 3 топқа бөлуге болады:
1) Құрамында оттегі жок эфир майлары немесе терпендер. Оларға жататындар терпентинді, арша, аир және т. б майлар.
2) Құрамында оттегі бар эфир майлары. Анис, аскөк, тмин, камфара майлары.
3) Құрамында күкірті бар эфир майлары. Қыша, сарымсақ майлары жатады.

Түймешетен, (Пижма, Tanacetum vulgare) .
Құрамындағы эфир майы гүл шоғырында 1, 5-2 %, жапырақтарында 0, 2-0, 6 %-ға дейін болады. Май құрамында 1% камфора, бор және пинен, сонымен қатар, альколойдтар, органикалық қышқылдар бар. Өсімдіктің токсикалық қасиеті эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге тітіркендіріпәсер етеді.
Эфир майы бүйрек және орталықжүйке жүйесіне әсер етіп, уланған малда қозу пайда болып, қозғалысы бұзылып, тырысып - бүріседі. Улану іш тастауғада әкеліп соқтырады. Бір тәуліктен кейін мал өледі. .

Қазанақ (Багульник болотный, (Іedum palustre) .
Гүлдеген кезде қазанақ өткір, есеңгірететін иіс бөледі, сондықтан мал көп жемейді. Барлық жануарларға уытты әсер етеді. Қазанақ құрамында 0, 32 %эфир майы бар, және гликозид эриколин табылған. Май құрамындағы ледоль жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді. Ол біраз мөлшерде организмге түсіп орталық жүйке жүйесін салдандырады, ішектің, жатырдың сезімтал жүйкелерін салдандырады және тыныс алумен жүрек жұмысын бұзады. Қазанақ жапырақтары аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырып, көп мөлшерде есеңгіретіп әсер етеді. Қой мен ешкі уланғанда гастроэнтерит байқалған.

Токсикологиялық маңызы бар басқада өсімдіктер
Су пияз (пролеска, mercurіalis perennis)
Супияздың уытты заты ауа тотығатын түссіз, майлы сұйықтық. Сұйықтың иісі никотинге ұқсайды және никотин тәрізді ұщқыш болып келеді. Оның дәмі ащылау және кептіргенде де өзінің қасиетін сақтайды. Өсімдіктің барлық түрі уытты, бірақ жеке бөліктерінің әр мезгілдегі уыттылығы жете зерттелмеген. Кептіргенде уыттылығы аздап төмендейді. Супияздың құрамындағы метиламин мен басқада улы заттар асқорыту және зәр шығыру жолының кілегейлі қабығын, бүйректі тітіркендіреді.

Тары ( просо, Panicum)
Көк тарымен ірі қара және ұсақ малды азықтандырғанда қарамықпен азықтандырғандағыдай улану белгілері байқалады. Бұл ауру - тары токсикозы дептеаталады.
Тарыдан улану қойларда жас кезінде ауыр өтеді. 3-8 айлық қозылар уланса, өлімге ұшырайды. Орта Азияның кейбір жерлеріндегі отарларда өлім 50-80%-ға жеткен. Ересекқойлар тарыдан улануға төзімділеу келеді. Тарыдан улану жануарлардың сезімталдығына көп байланысты. Көбінесе терісі пигменттелмеген малдар уланады.

Картоптан улану Алқа тұқымдасының (Solanaceae) көптеген өкілдері бар. Олар вегетацияның белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат -гликозид соланин бөледі. Оның ерекше болу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (соланидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан олгликоалколоидтарға жатады.
Соланин картоптың (S. Tuberosum), қызанақтың (S. Lukopersicum), баклажанның (S melongena) және тағы басқа да алқа тұқымдастардың құрамында болады.

ТТИ-экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінің зақымдалуымен және су-тұзды алмасудың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақыттағы аурулар тобы.
Тағамдық токсикоинфекциялардың берілу механизмі - фекальды- оральды.
Берілу жолы - алиментарлы.
Тағамдық токсикоинфекция

Этиологиясы.
Энтеротоксин өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsilla, Serratia, Enterobacter, Citrobacter, Pseudomonas, Vidrio жатады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz