Тұлғалық белгілер және оның мәдениетпен байланысы




Презентация қосу
Тұлғалық белгілер және
оның мәдениетпен
байланысы
Тұлға дегеніміз кім?

Жеке адамның өзіндік адамгершілік,
әлеуметтік, психологиялық қырларын
ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және
қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік
қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму
жемісі және белсенді қызмет ету мен
қарым-қатынас орнату арқылы жеке
адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне
енгізудің жемісі.
Мәдениет

Адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан
және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі
шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан –
мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық
өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи
дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына
сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі
түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Мәдениет тарихы

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған
кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін
анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін
бағындырып, көздеген мақсатына
жететіндігін білдіру үшін қолданылады.
Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең
қолданылуы 19 ғ-да Мәдениет өрлеу
дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың
еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол
кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де
пайда болды.
Тұлғалық белгілер

Адамның даралық ерекшеліктерін
көрсететін, психологиялық және
физиологиялық элементтерін және оның
ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір
бойы қалыптасатын психофизиологиялық
жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы —
негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері"
деген ғылыми анықталған терминді
қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға
қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады.
Тұлғаның жеке дара қасиеттер

1. Мінез-құлық
2.темперамент
3.қабілет
4.талант
Темперамент типтері

Сангвиник (лат. sanguinis — қан) — оптимист адамды белгілеу үшін
қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы
шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте
өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне
елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі
оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге
ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып
жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із
қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек
келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі,
мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді.
Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа
онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну
көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты
болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады.
Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі
болып, іс үстінде лезде суыйды.[1]
Холерик (гр. холе — өт) — темпераменттің типі (Мінезді, қызу мінезді,
жігерлі адам). Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері
оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-
сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні
сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із
қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына
қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді
келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істеуші, анық, әсерлі,
мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан
білініп тұрады. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі,
бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға
құмар. Өзі де ұйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады,
шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және
ашуын ұзақ сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті
сезімдерімен, эмоциялық қозғыштарымен, шамданғыштығымен,
жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай
мимикасымен сипатталады.
Флегматик (грек. φλέγμα, флегма, лимфа) - Флегматик темпераменті
сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін
байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-
тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес,
қимылдары сараң.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді,
елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ
сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да
қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене
қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз.
Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда
мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін
байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап
шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз,
өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін
тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін
сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді. [
Меланхолик (грек. μέλαινα χολή — қара өт) — адамдарға тән төрт
темпераменттің бірі. Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге
сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі
әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте
баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды.
Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады. Егер де
меланхолик — темпераментті адам дұрыс тәлім-тәрбие алмаса, ондай
адам өзінен-өзі тұйықталып, жұрттан өзін оқшау ұстауы мүмкін. Адамда
болатын темпераменттердің қай-қайсысы да жүйке жүйесінің туа біткен
қасиеттерінен туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке дара
қасиеті болып саналады.
[1] [2]

Меланхолик, уайымшыл - (ағылш. melancholic; нем. Melancholiker m;
гр. melanos - черный + сһоlе – желчь) - жабырқаңқы көңіл-күй мен
қамықтыратын ойларға бейім адам. Қозуы әлсіз (өз темпераменті
бойынша), жан толғанысының терең және ұзақтығымен дараланатын
адам.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден
назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер :
«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы»- деген [1].
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру
тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер
жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда
мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек
артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді:
«Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің
сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». [2].Ғасырлар бойы
күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ
кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың
жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты
емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен
дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет.
Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген
марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ
белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени
дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат
қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның
құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады.
Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Адамды калыптастыру қызметі
Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына
жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты
нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек
жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті,
ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке
адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» .
Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен
адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі
ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік
пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық
арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке
тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз
бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз
дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік
мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Арнайы психология және педагогикадағы коррекция ұғымы
Фразеологиялық бірлік - номинативті тілдік бірлік
Отбасы тәрбиесі
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Тәрбиедегі жаңашылдық
Экономикалық Отбасы тәрбие
Білім берудің мазмұны мен түрлерін еркін таңдау
Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны
Тұлғалық белгілер
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі
Пәндер