Судьялардың мәртебесі және өкілеттілігі



Судьялардың мәртебесі және өкілеттілігі
Пән:Құқық қорғау органдары
Дайындаған:Тарих, заңтану, өнер және спорт кафедрасының ЮК-71тобының студенті
Аусеитова Айгерим
Тексерген:Сыздықов С. Р.
Шоқан уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
2018-19оқу жылы

Мемлекеттік билік органдары
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Заң шығарушы билігінің органдары:
ҚР Парламенті;
Жергілікті өкілетті органдар; ң
Атқарушы билік органдары:
ҚР Үкіметі;
Министрліктер;
Комитеттер;
Агенттіктер;
Ведомстволар;
Әкімдіктер;
Сот билігінің органдары:
Жоғарғы Сот;
Жергілікті соттар;

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда жəне тəртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару жəне атқарушылық биліктен бөлінген жəне мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
Сот билігі
Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша əділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.
Сот төрелігінің міндеттері:
1. Соттардың қылмыстық, азаматтық, əкімшілік істерді жан жақты, толық жəне объективті шешуі;
2. Азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;
3. Заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту;
4. Құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;
5. Құқық бұзушылықтарды ескерту.

Сот жүйесі
Жоғарғы Сот
Жергілікті соттар
1) Облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Əскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар жəне басқалар) ;
2) Аудандық жəне оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот-гарнизонның əскери соты жəне басқалар) .
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (əскери, қаржылық, экономикалық, əкiмшiлiк, кəмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi жəне басқа) соттар құрылуы
мүмкін.

ҚР-да сот төрелігін атқарудың жəне сот қызметін ұйымдастырудың конституциялық қағидаттары.
1. адамның кінəлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі;
2. бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе əкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3. өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4. сотта əркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5. жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;
6. айыпталушы өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес;
7. ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) жəне заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куə болуға міндетті емес;
8. адамның кінəлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9. заңсыз тəсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10. қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру
Судьяларды сайлау мен тағайындау:
1. ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын жəне Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;
2. ҚР-сы облыстық жəне оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық жəне оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын жəне облыстық жəне оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;
3. ҚР-сы аудандық жəне оған теңестірілген сот төрағаларын жəне судьяларын ҚР-сы Əділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Əділет Министрі ұсынуымен ҚР- сы Президенті тағайындайды.

Судьялардың тəуелсіздігі принципі:
судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;
сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;
сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;
судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;
соттар саясаттан тыс;
нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;
судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;
8. судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Судьяларға қойылатын талаптар:
Аудандық соттың судьясы болып:
1) жиырма бес жасқа толған;
2) жоғары заңи бiлiмi, мiнсiз беделі және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі бар;
3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады) ;
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
5) сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған (мамандандырылған магистратурада оқуды бiтiрген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады) Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.
Заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар және тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат Облыстық соттың судьясы бола алады. Жұмыс iстеп жүрген судьялар үшін тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы талап етілмейді. Тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысына Жоғарғы Соттың жалпы отырысына шағым жасалуы мүмкін. Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының қорытындысын кандидат Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz