ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ


Slide 1

ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Дайындаған:Аусеитова А. Н.

Тексерген:Сыздыков С. Р.

Slide 2

Жоспар:

Әділет органдарының қалыптасу тәртібі. ҚР әділет министірлігінің құрылу тарихы.

Әділет органдарының қызметінің қағидаттары, басты мақсаттары мен міндеттері, жүйесі.

Slide 3

Қазақстан Республикасының әділет органдары (бұдан әрі - әділет органдары) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жауапты және Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы өкімет органдары болып табылады

Әділет органдары

Slide 4

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі - мемлекеттік басқару органы. Оған мемлекет қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, мемлекетің органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық тәртібін қолдау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау міндеттері жүктелген.

Әділет министрлігі

Slide 5

ҚР Әділет министірлігінің құрылымы:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ;

Әділет департаменті ;

Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті;

Заңнама департаменті;

Заңға тәуелді актілер департаменті;

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті;

Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті;

Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті ;

Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті ;

Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті;

Зияткерлік меншік құқығы департаменті;

Сот актілерін орындау департаменті. Экономика және қаржы департаменті. Ішкі әкімшілік департаменті. Кадр қызметі департаменті. Ішкі бақылау басқармасы. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы. Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы.

Slide 6

ҚР әділет министірлігінің құрылу тарихы.

1920 жылы

ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды

1946 жылы 28 наурыз

Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды

1960 жылы 26 наурыз

Қазақ КСР Әділет министрлігі таратылды

1970 жылы 25 қыркүйек

Қазақ КСР Әділет министрлігі қайта құрылды

2001 жылы 30 қаңтар

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктің «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитет» құрылды.

2001 жылы 29 наурыз

Министрліктің «Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті» құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

2001 жылы 14 сәуір

Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылды, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшіліктеу жөніндегі комитетіне және оның Астана, Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.

2001 жылы 2 қараша

Министрліктің лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.

Slide 7

2001 жылы 28 желтоқсан

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.

2002 жылы 23 сәуір

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрлік туралы ережеге министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен толықтыру енгізілді.

2002 жылы 22 тамыз

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрліктің негізгі міндеттерінен заңнаманы кодтау шығарылды; нормативтік құқықтық кесімдерді құқықтық сараптау нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын заңды сараптаумен ауыстырылды; министрліктің негізгі міндеттері заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ соттық-сараптау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру міндеттерімен толықтырылды.

Slide 8

2003 жылы 31 желтоқсан

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары (әділет басқармалары) министрліктің Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері болып қайта аталды

2004 жылы 3 наурыз

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.

2004 жылы 28 қазан

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.

2005 жылы 8 ақпан

ҚР Үкіметінің қаулысымен министрліктің аудандарда, қалаларда және қала аудандарында мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге министрліктің осы аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен өзгерту енгізілді.

2005 жылы 30 желтоқсандағы

ҚР Үкіметінің 2005 жылы 30 желтоқсандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды, ереже және оның құрылымы бекітілді. Дін істері жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.

Slide 9

Әділет органдары қызметінің қағидаттары

1) заңдылық;

2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, барлығының заң алдындағы теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;

3) жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен,

ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-әрекет жасасу;

4) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне тәуелді болмау;

5) гуманизм, демократия, жазалаудың орындалуын саралау мен даралау, жазалауды түзеу ықпалымен біріктіру;

6) әділет органдары жүйесінің біртұтастығы қағидаттарында құрылады.

Slide 10

Әділет органдарының міндеттері:


Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау органдары
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОТАРИАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Ішкі істер Прокуратура органдары Құқық қорғау органдарына жататындар
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Ақ жол» ҚДП
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Атқарушы билік органдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz