Қазақтың ұлттық аспаптары туралы


Slide 1

Қазақтың ұлттық аспаптары

Slide 2

Болат Сарыбаев

Сарыбаев Болат (1927-1984) - музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.

Slide 3

Шанағы дөңгелек шеңбер етіліп екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бұзау, түйе терісі қапталып жасалады. Дабылды саусақпен немесе таяқшамен ұрып ойнайды.

Дабыл

Slide 4

Бір жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңырау ілінген ұрмалы-сілкімелі, жарғақты, сырғалы аспап. Бақсылардың қолданатын аспабы болған.

Даңғыра

Slide 5

Бірнеше түрі бар: қан жығалы, қол дауылпаз, қазан дауылпаз, нар дауылпаз. Қазан дауылпаз қазан тәрізді шұңғыл, шанақты, үш бұтты. Оның қабын қағып, белгі беру үшін пайдаланған, аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе халықтық мерекелерде және үлкен оркестр құрамында ойналады.

Дауылпаз

Slide 6

Сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған.

Асатаяқ

Slide 7 Slide 8

Қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі

босап, сыртқы қабығы бөліктенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін белдеуше бау тағады.

Тұяқтас

Slide 9

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық аспаптары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық даусын қалыптастыра отырып, өнерге қызығушылығын арттыру, халқымыздың ұлттық музыка аспабының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары (домбыра, жетіген, дабыл т. б. ), CD дискі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, т. б.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқушыларды музыкамен қарсы алу.

3. Қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру.

4. Ой сергіту.

5. Қорытынды.

6. Үй тапсырмасы.

Slide 10

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған.

Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар.

С Ы Б Ы З Ғ Ы

Slide 11

Сазсырнай - саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

Slide 12

Жетіген - шертіп ойнайтын жеті ішегі бар музыкалық аспап. Тиектің орнына асықтарды пайдаланған. XX ғасырда белгілі фольклор зерттеушісі Болат Сарыбаев жетігенді көне көз қариялардың сипаттауы бойынша құрастырып, қайта қалпына келтірді. Ертеде жетіген аспабын жыраулар жиі қолданған - оның әуені аң аулуға шыққанда немесе алыс жорыққа аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.

Slide 13

Шаңқобыз - темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі - ағаш шаңқобыз - ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады.

Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Бұл аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады.

Slide 14

Қылқобыз - әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші - балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі - прима қобыз.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Музыкалар үйі
Қазақтың ұлттық аспаптары
Үрмелі асбаптары
Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
Дыбысты шығармау белгісі
Салалас құрмалас сөйлем
Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы
Соль нотасының сұрағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz