Математиканы оқытудың пәні: теориясы, әдістемесі және мазмұны


Slide 1

Математиканы оқытудың пәні. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

Орындаған: Жеңіс Ардақ

Тексерген: Қошанова Майра

Тобы: ЖМК-511Ғ

Slide 2

Математиканы оқытудың пәніне түсінік беру

Математиканы оқыту әдістемесі (методикасы) -педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің теркіні "метод" "әдіс" - "жол" деген грек сөзінен шыкқан. Математика әдістемесін басқаша "математика педагогикасы", "математика дидактикасы" деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.

Slide 3

Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Соңдықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу кажет.

Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалары мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді.

Slide 4

Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.

1. Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі ете ерте дәуірден басталып, біздің заманымызға дейінгі УІ-У ғасырларға дейін созылады. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т. б. ) қалыптасады.

2. Тұрақты шамалар немесе элементар математика кезеңі. Біздің заманымызға дейінгі VI -V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVII ғасырына дейін созылған Бұл аралықта негізінен тұрақты шамалардың қасиеттері зерттеліп, ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ғылымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.

Slide 5

Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі.

3. Айнымалы шамалар немесе жоғары математика кезеңі. XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылған Бұл дәуірде жоғары математикалық білім негізін қалайтын математика салалары пайда болды. Олар Декарт (1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) жене Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтималдықтар теориясы т. б.

4. Қазіргі математика кезеңі. Бұл дәуір XIX ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше кеңейіп, көптеген математикалық жаңа теориялар пайда болады.

Slide 6

Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар: өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі өз талабы. Математика өз тарапынан басқа ғылымдардың даму барысына да пәрменді әсер етіп отырады.

Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын, оны үйретудің, үйренудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді, осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе-іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұкият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-әрісіне, күш-кабілетіне лайық келетіндерін тандай білу проблемасы. Осыған байланысты математика оку пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады.

Slide 7

Өзгерістердің туындауының негізгі себептері:

оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптардың туындауы;

ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер, салалар пайда болуы;

қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сөбилер мен жасөспірімдердің таным кабілетінің жаңа мүмкіңдіктері мен қырларының ашылуы;

педагогика ғылымдарының, математика әдістемесінің дамуы, көпшілік мектептердегі алдыңғы қатарлы оқьггу тәжі-рибелерін пайдалану.

Slide 8

Математиканы оқыту әдістемесі

Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс:

Математиканы не үшін оқыту керек?

Нені оқыту керек және кандай төртіппен, ретаен оқыту керек?

Математиканы калай оқыту керек?

Математиканы калай оқыту керек?

Осыған сәйкес математика әдістемесі үш негізгі кешенді проблема туындайды.

мектеп (немесе басқа оку орны) математика курсының мазмұны жайлы проблема;

осы курстың кұрылымы туралы проблема;

оқыту әдістері жайлы мәселе.

Slide 9

Математика пәнін оқытуда және оны жақсартуда мынадай факторларды еске алу кажет:

пәннің ішкі логикасы мен оны өзгерту, түрлендіру мүмкіндіктерін пайдалану;

курстың мазмұнын күрайтын мәселелер арасындағы барлық ішкі байланысты ескеру;

бұл мәселелердің мектептегі математикалық білім берудегі мәнін анықтау;

материалды дидактикалық өндеу, талдау оның ұғымдылығын, қонымдылығын арттыру мүмкіндігін ашу.

Slide 10

Мектеп бағдарламасы

Математика пәні бойынша мектепке қандай материал кандай ретпен өтілуі тиіс екендігі мектеп математикасы бойынша бағдарламалар мен окулықтарда көрсетілген.

Бағдарламалар мен жаңа мектеп оқулықтарына талдау әрбір сыныпқа арналған оқулықтарда, мұғалімдерге арналған қосымша кітаптарда келтіріледі.

Slide 11

"математиканы қалай оқыту керек" деген мәселе "математиканы оқыту әдістемесі" пәнінің еншісіне тиеді. Оның жалпы құрылымын мынадай схемамен көрсетуге болады.


Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: пәні, мақсаты, міндеттері және мазмұны
Арнайы мектепте математиканы оқытудың әдістемелік негіздері
Қазақстандағы бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі: теория, тәжірибе және даму перспективалары
Математиканы оқытудың мектепке тән үш негізгі мақсаты мен міндеттері
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың әдістері: дәстүрлі жіктелуі және И.Я. Скаткиннің тұжырымдары
Комбинаторика мен ықтималдық теориясының элементтері: математиканы оқыту әдістемесі
Математиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері: түсіндірмелі-иллюстрациялық, қайта жаңғырту және ғылыми негіздері
Математиканы оқыту әдістемесі: оқу үдерісі, ойындар және бағалау
Планиметриядағы салу есептері: конструктивтік геометрия теориясы және мектепте оқытудың әдістемесі
Педагогика: тәрбие мен оқытудың теориясы, тарихы және салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz