Француз энциклопедияшылары
Презентация қосу
Француз энциклопедияшылары
Орындаған: Мүтәліп Ш.Н.
Тексерген: Рахимжанова Б.Х.
Астана 2018
1. АҒАРТУ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ФРАНЦУЗ АҒАРТУ ФИЛОСОФИЯСЫ.
2. Ф. ВОЛЬТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.
3. Ш. МОНТЕСКЬЕ ФИЛОСОФИЯСЫ.
4. Ж. ДЕ ЛАМЕТРИ МЕН Д. ДИДРО МАТЕРИАЛИЗМІ.
5. Ж-Ж. РУССО ФИЛОСОФИЯСЫ.
6. П. ГОЛЬБАХ ФИЛОСОФИЯСЫ.
7. К. ГЕЛЬВЕЦИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР.
Ағартушылар парасат, зерде мүмкіндігі арқылы бұрыннан қалыптасқан діни,
метафизикалық, схоластикалық ой-өрістен құтылу қажеттігін көрсетті.
Ағартушылардың «Sapere aude!» («Даналыққа ұмтыл!») ұраны тарихи дәуірдің
парасатқа деген терең сенімін көрсетеді.
Ағарту дәуірінің өкілдері:
Францияда (18 ғ.) – Ф.Вольтер, энциклопедистер, Ж.-Ж.Руссо, Ш.Монтескье,
Д.Дидро, П.Гольдбах, К.Гельвеций және т.б.
АҒАРТУ ДӘУІРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
1. Ағарту идеологиясы мен антиклерикализм идеяларының дамуы.
2. Философияда деистік материализмнің өріс болып,
оның материя мен қозғалыстың бірлігі – дуализмге негізделуі.
3. Философияның объективті және субъективті идеализмге қарсы шығып,
табиғи ғылымдармен бірлігін көрсетті.
4. Буржуазиялық 18-19 ғғ. әлеуметтік философиясы капиталистік қатынастарға
өтуін және қоғамдық келісім теориясын негіздеді.
1. АҒАРТУ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ФРАНЦУЗ АҒАРТУ ФИЛОСОФИЯСЫ
ФРАНЦУЗ АҒАРТУ ФИЛОСОФИЯСЫНДА
үш бағыт бөлінді:
1.ДЕИСТІК;
2.АТЕИСТІК-МАТЕРИАЛИСТІК;
3. УТОПИЯЛЫҚ-СОЦИАЛИСТІК (КОММУНИСТІК).
1. ДЕИСТІК философия:
1) Құдайды терістеді;
2) Құдайды тек бастама ретінде қарастыру, оның адам мен табиғат процестеріне
араласпауын көрсету.
Өкілдері: Вольтер, Монтескье, Руссо, Кондильяк.
2. АТЕИСТІК-МАТЕРИАЛИСТІК философия:
1) Құдайды барлық формада терістеу;
2) Дүние мен адамның пайда болуын материалистік тұрғыда қарастыру;
3) Таным мәселелрінде эмпиризмді мақұлдау.
Өкілдері: Ламетри, Дидро, Гельвеций, Гольбах.
3. УТОПИСТЕР-СОЦИАЛИСТЕР (КОММУНИСТЕР) философиясы:
XVIII ғ. ортасында пайда болды. Басты мәселесі – әлеуметтік әділдік пен
теңдікке негізделген идеалдық қоғамды қалыптастыру.
Өкілдері: Р.Оуэн, А.Сен-Симон.
Француз ағартушы-философы Ф. Вольтердің (1694-1778 жж.) негізгі еңбектері:
«Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы».
Оқымыстының дүниетанымдық көзқарастарының негізінде тарихи дәуірде кең таралымын
тапқан деистік материализм жатыр.
Ф. Вольтер ғылымға «Philosophie de l'histoire» - «ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ»
ұғымын енгізді. Тарих барысын идеялардың өзгеруімен байланыстырды.
Ф. Вольтер дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді
біз сезімдік тану арқылы аламыз деп санады. Ол Демокрит пен Эпикурдың атомистік
көзқарасын қолдап: «Дүние элементтері материалдық... субстанция», – деген пікір
білдіріп. И. Ньютонның тартылыс заңын қолдап, оны «материяның негізгі қасиеттерінің
бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар» – деген тұжырымға
келеді.
Ойшыл сол кездегі жаратылыстану деректеріне сүйеніп, адамның түйсіктері мен жүйкесі,
жан-дүние құбылыстарының мимен байланысты екенін көрсетеді. Жануарлардың да
адамның дене құрылысына ұқсас мүшелері бар, демек, олар да дүниені сезініп, бұлдыр
болса да дүниені тани алады деген ой қорытындысына келеді.
Ф. Вольтер дүниетанымының, философиялық көзқарасының құрамдас бөлігі еркін
ойшылдық пен жауынгерлік атеизм болды. Ол Құдайдың бар екенін тек қана
қарапайым халықты қорқыту үшін үстем тап өкілдерінің ойдан шығарған идеясы
деп көрсетті. Вольтер шіркеуді білім мен ғылымның жауы деп санап,
оны – «жексұрынды жаншуға» шақырды.
Шарль Луи Секонда Монтескье (1689-1755) – барон, француз философы, ғалым. Негізгі
еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдар рухы жөнінде», «Римнің өрлеуі мен
құлдырауының себептері».
«Персиялық хаттар» еңбегінде Ш. Монтескье монархиялық тәртіпті, ақсүйектердің
шашпалығын, діни қызметкерлердің екіжүзділігін айыптап, христиан дінін сынағанмен,
Құдай идеясын толығынан теріске шығармай деистік көзқараста болды. Құдай өзінің
құдіретті күшінің негізінде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейін
Ол табиғаттың әрі қарай өмір сүруіне килікпейді.
Монтескьенің «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауы жөнінде» еңбегінен өз заманының
күрделі мәселелері қарастырылған тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты діни
жолмен түсінуден (христиандық провиденциализм), немесе оны неше түрлі кездейсоқ
оқиғалардың жиынтығы ретінде қараудан бас тартады. «Әрбір мемлекеттің өрлеуі мен
құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және физикалық себептері бар» –
дейді.
«Заңдардың рухы жөнінде» еңбегінде Ш. Монтескьенің әлеуметтік-философиялық
көзқарастары байқалады. Қоғамның дамуы заңның сапасымен байланыстырылады.
Қоғамдық заңды ол екіге бөледі. Біріншісі – адамның биологиялық табиғатынан
туындайтын «табиғи заңдар». Екіншісі – әлеуметтік заңдар.
Негізгі табиғи заңдар – өмір сүру үшін азық табумен байланысты. Егер Т. Гоббс бұл
үшін адамдар тартысқа түсіп, «бәрі бәріне қарсы соғысады» деген болса, Ш. Монтескье,
«жалғыз адам әлсіз болғандықтан басқалардан көмек іздейді, басқалармен бейбіт өмір
сүруге тырысады» – деген пікірге келеді.
«Географиялық детерминизм» (себептілік) теориясының авторы болды.
Бұл теория бойынша климат пен география қоғамның құрылысына әсерін тигізеді.
Мысалы, оңтүстік, климаты жылы мемлекеттер – деcпотизм құрылыстағы мемлекеттер,
солтүстік, климаты суық мемлекеттер – демократиялық құрылыстағы мемлекеттер,
орталық европа, климаты орташа мемлекеттер үнемі деспотизмен демократияға
өтіп отыратын мемелекеттер болып саналады.
Ш. Монтескье құқтың үш түрін анықтайды: а) халықаралық құқтар – мемлекет,
халықтар арасындағы қарым-қатынасты реттейді; б) саяси құқтар – мемлекеттің ішкі
жағдайын, басшылар мен халық арасындағы байланысты реттейді; в) азаматтық
құқтар – адамдардың өзара қатынастарын реттейді.
Ш.Монтескьенің атақты «Билікті бөлу» теориясында мемлекет құрылымы
бір-біріне тәуелсіз заң шығарушы, атқарушы, сот деген үш бұтаққа бөлінеді.
Ш. Монтескье мемлекетті басқару түрлеріне республика, монархия мен деспотияны
жатқызды. Республикалық басқару саяси заңмен бекітілген бостандықтар негізінде
жүзеге асады. Деспотиялық басқару ешқандай заңды мойындамайды, елді
бақытсыздыққа ұшырататын зорлық-зомбылыққа жол береді. Монархиялық басқару
жүйесі жоғарыда көрсетілген басқарулардың екі ортасында орналасады.
Ж. де Ламетридің (1709-1751 жж.) басты еңбегі «Адам – машина» деп аталады.
Адамды машина – жоғары дамыған интеллект деп санап, ол адам мен машина
арасындағы ұқсастықты қарастырып, аналогия жүргізді. Ол органикалық емес
дүниеден органикалық өмір, одан өсімдік, одан жануарлар, одан адам жаралған деді.
Ламетри қозғалысқа келтіру материяның ажырамас қабілеті (атрибуты)
екеніне ерекше көңіл аударды. Кез келген дененің, тыныштық жағдайында болса да,
барлық уақытта ішкі қозғаушы қуаты болады.
Ламетридің айтуынша, қозғалыстың бастауы материяның,
субстанцияның өз ішінде, оның барлық бөліктерінің өз бетінше қозғалатын
қабілетке иелігінде.
Материя қозғалысының негізі болатын күш немесе субстанцияның одан
айырмашылығы болады және одан тысқары жатады. Бірақ, «оған (материяға) әсер
ететін ешқандай басқа субстанцияны көзге елестетуге де, дәлелдеуге де болмайды».
Сондықтан «сірә, материя өз ішінде жандандыратын және қозғаушы күшті
ұстайды». «Материяны белгісіз бір материалдық емес қозғалысқа келтірді дегенді
дәріптеу қисынға келмейді».
Этикада Ламетри утилитаризм теориясын ұстанды. Оған сәйкес адам өмірінің
мақсаты – адамның өз басының бақытқа жетуі.
Д.Дидроның (1713-1784 жж.) басты еңбектері: «Философиялық принциптер»,
«Материя және қозғалыс туралы», «Даламбер мен Дидро әңгімесі».
1751-1780 жылдар арасында ол 35 томдық «Энциклопедияны» басқарып құрастырды.
«Энциклопедияны» діни көзқарастан бос, табиғи мен әлеуметтік ғылымдар, өнер,
өнеркәсіп идеяларын қамтыды.
Оның құрастыруына (1-35 Т.; 1751-1780 жж.) мынадай белгілі философтар үлес қосты:
Вольтер, Монтескье, Кондильяк, Гольбах т.б.
Ол қозғалысты – материяның маңызды қасиеті, абсолютті тыныштықты –
табиғатта болмайтын абстрактылы түсінік ретінде қарастырады.
Қозғалысқа ұзындық, ендік, тереңдік тәрізді ақиқат қасиеттерді жатқызады.
Материяның ішкі белсенді қасиетінің қозғалыспен тығыз байланысын қарастыра
отырып, Д. Дидро қозғалыс түрлерінің сапалық айырмашылықтары түсінігін көрсете
алған жоқ. Қозғалыстың барлығын қарапайым түрге, механикалық қозғалысқа
апарып теліді, сапалық ауысуларды, секіріс түрлерін теріске шығарды, үздіксіздікті
барлық ғалам қозғалысының заңы деп пайымдады. Дидроның ойынша, адам – тек
физикалық, басқа денелерден ойлау қабілетімен ғана ерекшеленетін тіршілік иесі.
Мысалы, ол адамды сезімталдық пен жадыға ие болған құрал, сайманға ұқсатты.
Дидро түсіндірмесіндегі «орта» дегеніміз – бәрінен бұрын саяси орта, тек осы
қоғамда ғана жұмыс істейтін құқық заңдары. «Егер заңдар жақсы болса, онда әдет-
ғұрып та жақсы, егер заңдар жаман болса, онда әдет-ғұрып та жаман», – деді ол.
Ж.-Ж. Руссо (1712-1778 жж.) – философ, педагог. Басты еңбектері: «Қоғамдық келісім
немесе құқық принциптері туралы», «Тәрбие», «Эмиль немесе тәрбие туралы».
Философияда деизмді, яғни құдайға сенумен қатар жанның мәңгілігін мойындады.
Ол материя мен рухты екі негіз деп санады (дуализм).
Таным теориясында сенсуалистік көзқараста болды.
«Қоғамдық келісім немесе құқық принциптері туралы» еңбегінде
мемлекет қоғамдық шартқа негізделуі қажет деді.
Қоғамды түсінуде радикалды позицияда, яғни феодалды сословиені сынап, мүлік
теңсіздігін, жеке меншіктің керек еместігін айтты.
Ж.-Ж. Руссо бойынша теңсіздіктің қайнар көзі өркениет болып табылады.
Ол жатсыну феноменін дамытты. Оның бірнеше түрін көрсетті:
1) саяси жатсыну – өкмет басшылары мен қол астындағы азаматтар арасындағы жатсыну;
2) әлеуметтік-экономикалық жатсыну – әлеуметтік теңсіздікті тудырушы жеке меншік;
3) моральдық жатсыну – жақсы өмір сүру үшін адамдардың адамгершіліктері азаяды;
4) психологиялық жатсыну – қоғамның дамуына байланысты адамдарды жалғыздық
сезімі билейді; 5) жалпымәдениеттік жатсыну – өнер мен ғылым адамдарының
арақатынасында жалған мен екі жүзділіктің енуі.
Тәрбие теориясында жаңа туған сәбилерде ешқандай теріс мінез-құлықтар
болмайтындығын айтып, олардың жақсы мұраттарын қоғам жаншып тастамас үшін (өйткені
қоғамда теңсіздік үстемдік етеді), сәбилерді табиғатта тәрбиелеу керек деді.
Материя мен қозғалыс туралы ілім П. Гольбахтың (1723-1789 жж.) «Табиғат
жүйесі» атты әйгілі еңбегінде толық беріледі. Замандастары бұл еңбекті
«материализмнің інжілі» деп атады.
Материя барлығына және өз-өзіне себеп болатындығынан,
оның өмір сүруін қозғалыстан тыс пайымдау мүмкін емес деп есептеді.
Гольбах, жиынтығы мәңгі өмір сүретін объективті дүниені құрайтын табиғаттың
барлық құбылысын материалдық бөлшектер қозғалысының көптеген түріне саяды:
«Ғалам – бұл барлық өмір сүрушілердің зор күрделі қосылысы, барлық жерде біздің
алдымызға себеп пен салдардың ұшы-қиыры жоқ үздіксіз тізбегін алып келеді.
Табиғат идеясы қозғалысты қажеттілік ретінде өзіне қосады. Бірақ, табиғат өз
қозғалысын қайдан алғанын бізден сұрайды. Біз «өз-өзінен алады, өйткені ол – ұлы
бүтін, одан тыс ешнәрседе өмір сүрмейді» – деп жауап береміз» (Гольбах П.А.).
П. Гольбах деистердің (әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен
табиғатқа Құдай әсерінің қатысы жоқ дейтін философиялық ағым) негізгі кемшілігі –
«табиғаттың өзіне тән қуатын» терістеуде деп есептейді.
Гольбах адамды зұлымдыққа итермелейтін табиғат емес, керісінше, әлеуметтік
жағдайлардың оларды зұлым болуға итермелейтінін, мәжбүр ететінін көрсетеді.
Мысал үшін, қатал әкімшілдік (деспотизм) азаматты емес, бұл әлемнің күштілері
алдында бауырымен құрдай жорғалаушы жағымпазды және өзінің шынжырын мақтан
тұтатын құлдарды туындатады деді.
Қоғам туралы ілімінде Гольбах адам сұраныстары мен мақсат-мүдделері тіршілік
әрекеттерінің негізі болатын «адам табиғаты» және «табиғи адам» түсініктеріне сүйенді.
Алғашқы сұраныстары – ас ішу, киім, баспана т.б., екіншісі – мақтаныш, қызғаныш,
атаққұмарлық, сараңдық т.б. болып келетін мақсат заңы «парасатты өзімшілдіктен»
(разумный эгоизм) өз көрінісін табады.
Гольбах адамның өзіндік мақсаты немесе
«өзін-өзі парасатты сүюі» әлеуметтік рақымшылдық негізіне қызмет етеді деп есептеді.
Әлеуметтік орта өзгерісі қоғамдық пікірге, адам парасатының прогресті жетілуіне
тәуелді деп қорытынды жасады.
Нәтижеде Гольбах «пікір – әлемнің билеушісі» деп, қоғамдық өмір түсіндірмесінде
идеалистік тұрғыда қалды.
Клод Гельвецийдің (1715-1771 жж.) басты еңбегі «Ақыл туралы» деп аталады.
Ол бойынша адамның ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді.
Сондықтан адамдар дүниеге келгенде белгілі бір ақыл-мінезбен тумайды деп санады.
К. Гельвеций адамда екі түрлі қабілетті – сезімталдық пен есті мойындады.
Ақыл табиғаттың берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі де санады.
Таным туралы ілімдерінде Гельвеций сенсуализмді дәйекті дамытты. Адамның
сезім мүшелеріне сыртқы материалдық денелер әсерінің нәтижесінде пайда
болатын түйсікті білім бастауы деп есептейді. Рухани белсенділік – елестету, ықылас,
ой, әдетте, түйсіктен шығарылады. Гельвеций ақылды адам түйсігінің жиынтығы деп,
ойлау қызметін, түйсіктерді бір-бірімен салыстыру үдерісіне саюға талпынды.
Гельвецийдің ойынша, бақытқа ұмтылу – адамның өнегелі сезімі оянуының
бастауы. Жеке мақсат – адамның мінез-құлқының және іс-әрекетінің басты себебі.
Жеке адамдар арасындағы мақсаттың бір-бірімен қайшылықты болатынын есепке
алған ол жеке мүддені қоғамдық мақсатпен сәйкестендірудің қажеттігі туралы ойын
білдіреді. Дегенмен, мәселенің мұндай қойылымы абстрактылы болды.
К. Гельвеций пікірінше, заңдар бәрін жүзеге асырады. Ал заңдарды кім жасайды?
Әрине, халық емес, билеуші монархтар. Бұл жерде әділетті заңдарымен өзінің қол
астына қарайтын азаматтарын мақсатына жеткізетін сауатты және гуманист
билеушінің таққа келетініне үміттеніп, бақытты жағдайды күтуге тура келеді.
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. -
Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы:
Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо,
2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192
б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен
баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы.
Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде
пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-
238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы:
Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ
университеті, 2010.-240 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz