Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары туралы


Slide 1

СӨЖ №1

Тақырыбы: Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары.

Орындаған: Советжанова Ж. Ә.

Тексерген: Бейсембекова З. Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік - технологиялық факультеті

Семей қаласы 2018ж

Slide 2

Танымал тұлға - Билл Гейтстің балалық шағы

Билл Гейтс 1955 жылы 28 қазанда АҚШ-тың Вашингтон штаты Сиэтл қаласында дүниеге келген. Әкесі Уильям Гейтс - заңгер, анасы Мэри Гейтс қарапайым мұғалім еді.

Билл Гейтс ең алғашқы еңбек жолын 13 жасында достарымен бірге хакерліктен бастаған яғни мектеп компьютерін бұзған. Бірақ 13 жасар мектеп оқушысына ешқандай жаза қолданылмаған. Керісінше оны компьютерлік орталықта жұмыс істеуге шақырған. Өзінің алғашқы бағдарламасын Билл Гейтс мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазып, қолданысқа енгізді. Ақша табу үшін мектебіндегі сабақ кестесінің электронды нұсқасының бағдарламасын жасаған. Оның бұл жұмысы мектеп ұжымына ұнап, бағдарламасын 4200 АҚШ долларына сатып алған.

Slide 3

Студенттік өмірі

Билл Гейтс мектепті 1973 жылы бітірген және оқуды Гарвард университетінде жалғастыруға бел буған. Сонымен қатар ол барлық емтиханды жоғары бағаға тапсырған. Жалпы 1600 балдың 1590-ын жинаған. Гарвардтағы оқу оны жалықтырғандықтан, ол бос уақытында покер ойнаған және бағдарламалар жасаумен айналысқан. Бір ерекшелігі Билл Гейтс өзінің институттағы мұғалімдеріне 30 жасында миллионер атанатынын хабарлаған. Профессорлар Билден жақсы бағдарламалаушы шығатынын, бірақ нашар адам болатынын айтқан. Тәртіпсіздігінің кесірінен 1974 жылы болашақ Microsoft басшысы ауруханаға түсіп, оқуы үзіліп қалған. Оқуын тек бір жылдан кейін ғана бітіріп шыққан. Бір таң қаларлық жағдай Билл Гейтс 31 жасында миллиардер атанған.

Slide 4

Билл Гейтстің Еңбек жолы

Компаниясының тарихы 1975 жылы басталады. Гарварда Билл Гейтс және Пол Аллен атты дос-студенттер «Атақты электроникалар» журналындағы жаңа Altair 8800 дербес компьютер туралы мақаланы оқыған соң, оған Basic тілін ойлап табады. Осы жылы Билл Гейтс Алленге жазған хатында компанияның атауын «MICROcomputer SOFTware» (микрокомпьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету) деп қою туралы ұсыныс жасайды. 1980 жылдың басында компанияның негізін салушы Аллен мен Гейтстің жолдары екіге бөлінеді. Аллен өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса бар зейінін компанияның дамуына бұрады. 1983 жылы Аллен акциясының әрбір данасын $10-ға сатып, Microsoft компаниясынан біржолата кетіп, дүниежүзіндегі ең бай адамдардың біріне айналады. Ол 2011 жылы «Forbes» журналының тізіміне $13 млрд капиталымен 57 орынды иеленеді.

Slide 5

Microsoft компаниясы өзінің жетістігін 5 факторға балайды:

Slide 6

Билл Гейтстен табысты болудың 10 ережесі

Бірінші ереже. Бәсекеге қабілеттілік.

Екінші ереже. Табандылық.

Үшінші ереже. Кітап оқу.

Төртінші ереже. Ең маңызды, бір тапсырмаға ден қоя білу.

Бесінші ереже. Өз қабілетіңді дұрыс бағалау.

Алтыншы ереже. Қолыңнан келетін істі жаса.

Жетінші ереже. Тиімді жолды іздеңіз.

Сегізінші ереже. Ыждаһаттық.

Тоғызыншы ереже. Өз командаңды жасақтау.

Оныншы ереже. Өзіңді сырттай бағалай алу.

Slide 7

Билл Гейтстің қанатты сөздері:

Slide 8

Билл Гейтстің өмірден түйген қағидасы

Өмірде бәрі әділетті емес және сен оған көнуің керек.

Әлемді сенің намысың мен ішкі жағдайың қызықтырмайды.

Оқу біткен соң бірден көп жалақы алып, лимузинмен жүргізуші жалдап байып кетпейсің. Тек оған жету үшін еңбектену керек.

Оқытушыңа қарағанда, сенің жұмыс істеу қабілетіңе байланысты бастығың көтеріледі.

Сәтсіздіктерің үшін ата-анаңды кінәлауға асықпа. Керісінше қателіктеріңнен сабақ ал.

Көшеде тамақ сату - сен үшін ұят емес. Оны сенің ата-әжең үлкен мүмкіндік дер еді.

Ата-анаң сен өмірге келгенше, мұндай іш пыстырар адам болмаған. Олар сені жеткіземін, балалық шағы жақсы өтсін деп еңбектенген.

Сенің тест тапсырып, тапсырмауыңның өмірге ешқандай әсері жоқ.

Өмір семестрлерге бөлінбеген. Жаздық каникулдар да жоқ. Өзіңнің «меніңді» табуың ешкімді қызықтырмайды. Ол үшін жұмыстан тыс уақытты пайдалануың керек.

Шынайы өмірді теледидардағы өмірмен шатастырма. Шынайы өмірде уақытыңның көп бөлігі дәмханада емес, жұмыс орнында өтетінін біл.

Ботаник және көзілдірікті жандармен жақсы қарым-қатынаста бол. Олар сенің бастығың болуы ғажап емес.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)
Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері
Діни бірлестіктер
Туристік бизнес және нарық
Рокфеллер Джон Дэвисон туралы ақпарат
ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шетелдегі бай кәсіпкерлер
Ежелгі Рим мәдениеті
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz