Мата түрлері



Тақырыбы: Мата түрлері
СӨЖ №2
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік - технологиялық факуьтеті
Группа: ТК-703
Орындаған: Советжанова Ж. Ә.
Тексерген: Нурлыбекова А. А.
Семей қаласы 2018жыл

Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
а. Мата туралы жалпы түсінік
б. Мата түрлері
ІІІ. Қорытынды бөлім

Маталар туралы жалпы түсінік
Мата (лат. textile - мата, материя) - химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасалуы
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты) жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.

Шет жерлерден әкелінген жібек, жүн маталар көшпенділер тұрмысына өте көне заманда енген. Біздің жерімізді мекендеген ғұн тайпалары Қытайда шығарылған жібек, мақта маталарды сый ретінде, соғыстан төскен олжа және шаруашылық өнімдеріне айырбастап алған. Сырдариядағы Жетіасар қорғандарынан қызыл күрең жібек маталардың бөліктері табылған. Бұл Орта Азия территориясынан өткен Ұлы Жібек жолы керуенінің маталарын көптеген халықтар сатып алғандығын көрсетеді. Ал, Қазақстанда өндірістік жолмен тоқылған алғашқы жүн мата 1910 жылы құрылған Қарғалы шұға фабрикасында шығарылады. Онда1913 жылы 110 мың метр шұға мата өндірілген. Одан кейінгі жылдары Семей шұға мата комбинаты, Қостанай костюмдік мата комбинаты, Семей мәуіті иіру фабрикасы, т. б. ірі өндіріс орындары салынды.

Маталардың түрлері:
Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.

Барқыт туралы түсінік
Барқыт - өң бетінде қысқа түктері бар қалың мата. Өндірісте барқытты алу үшін таза жібек пен синтетикалық материал пайдаланылады. Ол ежелден байлық пен салтанаттың белгісі ретінде саналған. Егер матаның құрамында жібек болса, ол ұзақ уақытқа дейін құндылығын жоғалтпайды. Содан болар, барқыт бағалы көрінеді. Барқыт суды көп сорады, бірақ тез кебеді. Барқыттың басқа да қасиеттеріне назар аударсақ:
1. Барқыт аллергия тудырмайды.
2. Қыл-қыбыр жинамайды әрі тоқ ұрмайды.
3. Барқыт киім ұзақ уақыт киілсе де, өңін бермейді.
4. Жұмсақтығына байланысты оңай бүктеледі. Егер көйлекті бүрмелі етекпен тіктіргіңіз келсе, барқыт мата тігу кезінде қиындық тудырмайды.
5. Жуылғанда дақ тез кетеді, оған қоса, қысқарып қалмайды. 6. Барқыт киімдер үтіктеуді қажет етпейді, тек булау әдісімен кептіруге болады.
7. Барқыт ауа өткізеді, жылу сақтап тұрады. Сондықтан, терлетпейді.


Атлас матасы
Жақсы жағы:
Атлас - барлық мерзімнің классикасы.
Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады.
Нашар жағы:
Атластың күтімі оңай емес.
Оның түсін сақтаймын десеңіз, тек қана қолмен, жылы суда мұқият жуғаныңыз жөн.
Атласты кептіру де ыждаһаттылықты талап етеді.
Ең ыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасы болып есептеледі.

Кенеп матасы жайлы . . .
Кенеп матасының Отаны - Египет болып саналады. Ніл алқабының табиғат жағдайлары осы өсімдіктердің өсуіне қолайлы кенеп матасын тоқуда египет тігіншілерінің шеберлігі жоғары жетістіктерге жетті. Ежелгі Египет кенеп матасының қасиеті біздің осы күнге дейін сақталған мата үлгілерін анықтауға жол береді. Себебі сол кезде шығарылған 1 см 2 осындай матада 84 негізгі және 60 арқау жіп болады екен. 240 см жұқа көре әрең көрінетін мата небәрі 1 - ақ грамм шыққан. Тігінші мұндай жіпті тек саусақпен ғана сезетін болған. Бірақ Египеттік кенеп матасының жұқалығы табиғи жібектен кем түспейді. Мұндай матадан тігілген киімді бес қабаттап кисе де адам денесі анық көрінетін болған.

Жібек матасы
Жібек- тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде сондай талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше - піллә түзеді. Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады. Сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болатындықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады.

Драп матасы
Драп-аппараттық иірімжіптен жасалған күрделі өрімді ауыр, тығыз жүн матасы. Драп әдетте екі қабаттан тұрады, соның арқасында жоғары жылу оқшаулағыш қасиеттері бар. Матаның бет жағы жиі жоғары сапалы жүннен шығарылады. Драп өрімінің құрылымы мен суретіне байланысты түктелген және жұтылмаған, бір және көп түсті, тегіс беті және сурет астары бар болуы мүмкін. Драптан қысқы және маусымдық пальто тігіледі.

Шифон матасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz