Үнді философиясы



СӨЖ №1
Тақырыбы: Үнді философиясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік - технологиялық факультеті
Группа:ТК-703
Орындаған: Советжанова Ж. Ә.
Тексерген: Мұқатаева А. А.
Семей қаласы 2018

Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
а. Ежелгі Үнді философиясы
б. Үнді философиясының ерекшеліктері
в. Үнді философиясының мектептері
ІІІ. Қорытынды бөлім

Үнді пәлсапасы б. з. д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Үнді пәлсапасы

Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады:
1. Атман - Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
2. Манас - өмір барысында қалыптасқан адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін

Варна сөзі “түс, қабық, бояу” дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болады. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталады.

Варналар туралы. . .
Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вай-шьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері

Ведалар туралы. . .
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі ІІ және І мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек көне Үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып - дамуында айқындаушы рөл атқарды.
Веда сөзі “білім” дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеледі.

Ведалар 4 бөліктен тұрады:

Үндідегі философиялық мектептер.
Ведалық түсініктерді мойындау - мойындамауына байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері (даршандар) екі топқа бөлінеді:
“Астика”, “ортодоксальды”, “негізгі”, “ведалық” - Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.
“Настика”, “бейортодоксальды”, “бейведалық” - Ведалық білімге оппозициялық мектептер.

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Г. Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа - тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы - біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын) немесе Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай 4тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі мақұлықтардың ешқайсының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау; сатья - шаыншылдық; апариграха - үйірсектікке.

Жайндар жайлы. . .
Жайндардың онтологиясытуралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп көрсетті: 1. джива -тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2. зат; 3. кеңістік; 4 және 5. қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6. уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. “Тірі” болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар “тірі емеске” жатады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz