C дәрумені


Slide 1

“Астана медициналық университеті”

“Медициналық биохимия” кафедрасы

Тақырыбы: C дәрумені

Орындаған: Кибатов С. С.

Тексерген: Идырысова А. А.

Астана 2018

Slide 2

ЖОСПАР

І Кіріспе

ІІІ Негізгі бөлім

Дәрумендер туралы жалпы түсінік

С дәруменінің маңызы, құрамы, құрылысы, тәуліктік қажеттілігі

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

С дәрумені (аскорбин қышқылы)

Slide 4

Витамины (латын сөзінен vita- өмір) -адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.

Slide 5

Дәрумендер ферменттер құрамына кіреді және ферментативті реакциялардың құрамдас бөлігіне жатады. Ағзада дәрумендер болмаған жағдайда ферменттік жүйелердің қызметі бұзылады. Құрамына дәрумен кіретін ферменттердің 100-ге жуық түрі белгілі.

Slide 6

C6H8O6

С дәрумені - аскорбин қышқылы(лат. Acidum ascorbinicum) . Антискорбуттық дәрумен. Химиялық құрылысы бойынша аскорбин қышқылы L-глюкозаның құрылысына жақын қышқылдық лактоны болып табылады.

Slide 7

1928 жылы алғаш рет витамин C таза түрінде бөлінді, ал 1932 жылы аскорбин қышқылы адам организмде жетіспеуден цингу ауруын тудыратындығы дәлелденген.

1970 жылы Лайнус Полинг АҚТ-тың ұлттық академиясына жариялаған баяндамасында “Эволюция және аскорбин қышқылының қажеттілігі” ұсынған тұжырымдамасында С витаминінің жоғары дозалары денсаулық үшін оңтайлы әсер етеді. Полинг бұл теориялық негізге сол заманда қол жетімді әдебиет көздері арқылы жеткен. Полинг С витамині үлкен дозалары адамды көптеген аурулардан (тұмау, онкологиялық жане т. б. ) сақтайды

Slide 8

Аскорбин қышқылы немесе С витамині (суда еритін витамин, күшті антиоксидант), ағзада маңызды рөл атқарады. Ол тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады. Тіндік алмасуға неғұрлым оңтайлы ықпал жасайды, гемоглобинмен эритроциттерді тотығудан сақтайды. Ағзадағы қалпына келу процестеріне қатысады, капилляр қабырғасының қалыпты ұстап тұруында маңызды рөл атқарады.

Slide 9 Slide 10

Бауырда гликоген қорын жинауға ықпалын тигізеді. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында стероид гормон синтезіне және тироксин алмасуына қатысады. Жасуша мембранасының қорғаныштық механизмдерін арттырады. Улы заттарға қарсы тұру қорғаныштық іс-әрекет жасайды (анилин, қорғасын, нитрозамины, күкіртті көміртек және т. б. ) антиблостомогенді әсер етеді.

Slide 11

Дәруменнің қайнар көзінің негізі-өсімдіктер. Адамдар және жануарлар дәруменді тікелей өсімдіктен және жанама көзі арқылы жануарлардан алынатын өнімдер.

Дәрумендердің құрылуында микроорганизмдердін алатын орны ерекше. Дәрумендер адам ағзасына тағаммен асқазан ішек жолдарына түсіп, көптеген туындылар құрайды. Олар ақуыздармен қосылып ферменттер құрайды. Сол ферменттер зат алмасу процесіне қатысады.

Slide 12

Адам ағзасында аскорбин қышқылы құрылмайды және жинақталмайды. C витамині (ересектерге 50-ден 100 мг-нан, балаларға-30-дан 70 мг-нан тәулігіне) тағаммен түсуі керек. Оның негізгі көздері болып табылады итмұрын (1200 мг 100г), қарақат (200 мг 100 г), цитрустар (40-60 мг 100 г), итбүлдірген, мүкжидек, алма, шабдалы, шие (910-15 мг 100 г), бүлдірген (60 мг 100 г), қырыққабат (40-50 мг 100 г), таңқурай, қарлыған (25-30 мг 100 г), қызанақ, жасыл тәтті бұрыш, қызыл бұрыш, жасыл пияз, қымыздық, саумалдық, салат (40-55 мг 100 г), аскөк ақжелкен (150 мг 100 г), картоп, қызылша.

Slide 13

Аскорбин қышқылын синтетикалық жолымен (ұнтақ, түйіршік, таблетка түрінде ) шығарады. Аскорбин қышқылы түрлі поливитаминдік препараттар құрамына кіреді.

Slide 14

Азық-түлік өнімдерінің сақтау мерзімі оның құрамындағы С витамині елеулі ықпал етеді. Тазартылған көкөністерде С витамині тез бұзылады. Көкөністерді тұздау кезінде С витамині жойылады. Аспаздық өңдеуден кейін аскорбин қышқылының концентрациясынын төмендеуі байқалады. C витамині қышқыл ортада жақсы сақталады.

Slide 15

АҚШ-тағы Айова университетінің ғалымдары адам ағзасына тамыр арқылы енгізілген С дәрумені рак клеткаларын өлтіретінін анықтады. Бұл туралы Redox Biology журналы жазды. Зерттеу жасаған ғалымдар рак клеткаларында сутегі пероксидіне қажетті каталаза ферменті аз екенін анықтаған. Ғалымдардың айтуынша, ол С дәрумені ағзаға тарағанда бөліне бастайды екен. Аталған зерттеу барысында каталаза жетіспеушілігінен рак клеткалары оны катализатор ретінде қолдана алмайтыны байқалған. Ал ағзаға С дәрумені енгізілгенде, пероксид молекулалары рак клеткаларын өлтіретіні анықталған. Бұл жағдайда көрші клеткаларға зақым келмейді. Ғалымдардың айтуынша, С дәруменінің таблеткаларын қолдану пайда бермейді. Себебі асқазан арқылы қан айналымына ол аз мөлшерде түседі екен. Бұған дейін зерттеу тышқандарға жүргізілген. Қазір америкалық клиникалардың бірінде ерікті адамдарға осы әдіс қолданылуда. Алдын ала нәтижелер бойынша, химиотепартия мен С дәруменін беру науқастардың жағдайын жақсартқан.

Slide 16

C дəрумені жетіспеушілігінің белгілері

Адам ағзасында “С" дəруменінің қажетті мөлшерінің жетіспеушілігі бірқатар белгілерді білдіруі мүмкін. Оларды екі түрге бөлуге болады:

Айқын түрі - бұлшықеттердің үнемі ауыруымен, енжарлықпен, селқостықпен, терінің құрғауымен және қызылиектің қанауымен сипатталады;


Ұқсас жұмыстар
Этерификация реакциясында Гидролиздену реакциясы
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі Минералды заттар
Дәрумендер (витамин)
Құрамында витаминдері бар дәрілік шикізаттар
Дәрумендер жіктелуі
Анемия анықтамасы
СУЛЬФАНИЛ ҚЫШҚЫЛЫ ЖӘНЕ ДӘРІ - ДЕРМЕК ҚҰРАМЫНДАҒЫ ТУЫНДЫЛАРЫ
Пантотен қышқылы (В 3 дәрумені)
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К туралы
Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz