Пантотен қышқылы: биохимиялық функциясы, жетіспеушілік белгілері, тағамдық көздері және клиникалық қолданылуы


Slide 1

“ Астана Медицина Университеті” АО ЖАЛПЫ ХИМИЯ КУРСЫМЕН БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

“Пантотен қышқылы (В3 дәрумені) ”

Орындаған:Тұрманбек М. А.

Топ:214ЖМ

Тексерген:Идырысова А. А.

АСТАНА-2018ж

Slide 2

Жоспар

1. Жалпы түсінік

2. Ағзадағы негізгі қызметі

3. Биологиялық мәні

4. Қажетті фактор

5. Алдын алуы және емдеуі

6. Жетіспеушілігі

7. Дәруменнің көзі

8. Тәуліктік қажеттілігі

9. Дәрілік препараттар

10. Тағам түрлерінің құрамындағы пантотендік қышқылдар

Slide 3

В3 дәрумені - пантотен қышқылы

Пантотен қышқылы 1933жылы Вильямс ашқан. Пантотен қышқылы химиялық табиғаты бойынша β-аланин мен пантой қышқылының (α-, γ- дигидрокси-β, β-диметилен қышқылдары) туындысы болып табылады.

Slide 4 Slide 5

Ағзадағы негізгі қызметі

Пантотен қышқылының коферменттік түрі коэнзим А ( HSKoA) болып табылады.

Slide 6

Ол белсендіруші ретінде және CH3-C=O “ацетил радикалын” тасымалдаушы ферменттердің құрамына кіреді.

HSKoA тиолаза ферментінің құрамына кіріп, үш карбон қышқылдарының циклы, α-кетоқышқылдардың тотыға декарбоксилдену, жоғарғы май және амин қышқылдарының биосинтезі мен тотығу сияқты биохимиялық реакцияларға қатысады.

Slide 7

Пантотен қышқылының биологиялық мәні

Пантотен қышқылының ацетилдену коферменті коэнзим А-ның құрамына кіреді, сонымен қатар май қышқылдары синтетазасының ацетилтасымалдаушы белогының коферменті пантотеин-4-фосфаттың түзілуі үшін пайдаланады. Коэнзим кофермент ретінде мынадай ферменттер мен процестердің католитикалық белсенділігін қамтамасыз етеді:

- ацил-КоА-синтетазаның, ол ацил КоА (ацетил-КоА және т. б. ) сияқты май қышқылының белсенді түрлерінің түзілуін қамтамасыз етеді;

- май қышқылының тотығуы;

- кетон денелерінің, ацетилхолиннің, холестериннің және басқа стероидтардың синтезі;

- цитраттың түзілуі, Кребс циклында сукцинил-КоА айналуы, сукцинил-КоА-ны пайдаланатын синтетикалық реакциялар;

- бөтен қосылыстар мен биогенді аминдерді залалсыздандыру реакциясы;

Slide 8 Slide 9

Қажетті фактор

Суда еритін витамин. Атына сәйкес бұл В табиғатында кең таралған. В3 витамині құрғақ температурада, яғни духовкада, грилдерде, қорытқыш негіздер және қышқылдарда әртүрлі тағамдарда, консервілерді қатырғанда, обработкада жасағанда жойылады.

Slide 10

Пантотен қышқылы жетіспеушілігінің салыстырмалы спецификалық белгілеріне өкше мен табанның күйгендік сияқты қызулары,

аяқ пен қолдың саусақтарының парестезиясы (сезімталдықтың өзгеруі), аяқтағы шаншып аурулары жатады. Асқазан-ішек бұзылыстары тəбеттің нашарлауы, геморрагиялық гастроэнтериттер, колит (тоқ ішектің қабынулары), ішектің ойық жаралары, диареялар, бойдың өсуі тежеледі жəне салмақ кемуі түрінде өтеді. Сонымен қатар күштің кетіп əлсіреулер мен шаршаңқылықтар дамиды, бас аурулары, ұйқысыздық, шаштың ағаруы мен түсуі, антиденелер синтезінің төмендеуі жəне инфекцияларға бейімдік байқалады.

Slide 11

Алдын алуы және емделуі

Қолданады: Операциядан кейінгі атонияға, яғни ішек функциясының жүруіне, сонымен қатар, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде, тері және шырышты қабаттардың қызметінің зақымдалуында остеоартрозға, артриттердің әртүрлі түрлеріне фотодерматоздарға, терінің құрғауында, шаштың түсуінде т. б. қолданады. Витаминнің 400мг/тәулігіне бұлшықетке және оған дейін 500мг/тәулігіне ауыз арқылы қолданады.

Slide 12

Пантотен қышқылының жетіспеушілігі

Пантотен қышқылының болмауы немесе жетіспеушілігі кезінде адамдар мен жануарларда дерматит, неврит, салдану, жүрек пен бүйректің зақымдалуы, апатияға, депрессияға әкеледі, бұлшықеттерінің әлсіздігінің байқалуы, шаш пен жүннің пигментсізденуі, өсудің тоқтауы, тәбеттің болмауы, арықтау сияқты аурулар дамиды. Пантотен қышқылының жетіспеушілігінен туатын мұндай көптеген клиникалық белгілер оның метаболизмдегі ерекше орнын дәлелдейді.

Slide 13

Дәруменнің қайнар көзі

Дәруменнің көзі - жұмыртқаның сары уызы, бауыр, арахис, ашытқы, астық тұқымдас, тауықтың еті мен өсімдіктердің жасыл бөліктері. Пантотен қышқылы ішектің микрофлорасымен синтезделеді.

өмірін ұзартуға болатыны анықталды

Slide 14 Slide 15

Тәуліктік қажеттілігі

Тәуліктік қажеттілігі 10мг; еңбек жұмысымен айналысқанда, жүктілік кезінде, баланы емізгенде және ақуыз жетіспеушілігінде көбейеді немесе жоғарылайды.

Slide 16

Дәрілік препараттар

Кальций пантотенат 50мг таблеткада. Кальций пантотенаты ампуласын 20% ерітіндімен алмастырып бұлшықетке егеміз. Құрамына шет ел және Ресейлік поливитаминдік комплексті ундевид және помпливид витаминдік минералдарды және шет ел препараттары кіреді.

Slide 17

Тағам түрлерінің құрамындағы пантотен қышқылы

Тағамдар Құрамы, мг%

Ананас 0, 16

Апельсин 0, 25

Анар 0, 56

Саңырауқұлақтар 2, 7

Ашытқы 12

Қауын 0, 23

Инжир 0, 4

Картоп 0, 3

Жүгері 0, 35

Пияз 0, 13

Сүт 0, 4

Сәбіз 0, 26

Ұн 0, 5

Қияр 0, 27

Жаңғақ 0, 82

Бауыр 5, 8-6, 8

Помидор 0, 25

Бүйрек 3-3, 8

Тауық жұмыртқасының сарысы 4

Slide 18

Қорытынды

Қорыта айта кететін болсақ, пантотен қышқылы не В3 дәрумені жоғары май және амин қышқылдарының биосинтезі мен тотығу сияқты биохимиялық реакцияларға қатысады.

Пантотен қышқылының жетіспеушілігі көптеген ағзаның ақауларына алып келуі мүмкін, айта кетсек дерматит, неврит, салдану т. б. Сондықтан пантотен қышқылының жетіспеушілігінен туатын мұндай көптеген клиникалық белгілер оның метаболизмдегі ерекше орнын дәлелдейді.

Slide 19

Қолданған әдебиеттер

1. “Биологиялық химия”,

Сейтембетов Т. С., Төлеуов Б. И.,

Сейтембетова А. Ж.

2. “Медициналық биология”

С. Тапбергенов

3. “Витамины и минералы”

Лифлянский В. Г.

4. “Биологическая химия”

Николаев Н. Н.

5. Полный справочник для врачей

“Витамины и минералные вещества”

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Витаминдердің физиологиялық маңызы, жетіспеушілік синдромдары және тағамдық көздері
Суда еритін витаминдер: физиологиялық рөлі, тағамдық көздері және жетіспеушілік аурулары
Тағам құрамындағы С дәруменінің маңызы: көздері, жетіспеушілік белгілері және денсаулыққа әсері
Дәрумендер: классификациясы, физиологиялық рөлі, тағамдық көздері және жетіспеушілік пен артық мөлшердің әсері
Витаминдер мен В1 (тиамин): физиологиялық рөлі, көздері және жетіспеушілік белгілері
Витаминдер: жіктелуі, физиологиялық қызметі және жетіспеушілік пен артықшылықтың клиникалық белгілері
Дәрумендер: тарихи негіздері, классификациясы, тағамдық көздері мен клиникалық маңызы
Глутамин қышқылы: биотехнологиялық өндірісі, фармакологиялық қасиеттері және клиникалық қолданылуы
Дәрумендер: түрлері, физиологиялық қызметі және жетіспеушілік белгілері
Өсімдіктердегі микро- және макроэлементтердің рөлі мен жетіспеушілік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz