Пациент және жақындарының қауіпсіз қоршаған ортасы




Презентация қосу
Пациент және жақындарының
қауіпсіз қоршаған ортасы

Ақылбеков
Ғалымжан 104ЖМ
Кіріспе
Медициналық қызметкерлердің кәсіби этика кодексі (бұдан әрі - кодекс) кәсіби
медициналық қызметті іске асыру кезінде медициналық қызметердің жүріс-
тұрысындағы этикалық нормалар мен тұжырымдардың жиынтығын анықтайтын, құжат
болып табылады.
Осы кодекс медициналық қызметкерлер, қоғам және науқастар арасындағы
қарым-қатынастарды реттейді, және жеке тұлға мен жалпы қоғамның құқықтарын,
абыройын, денсаулығын қамтамасыздандыруға бағытталған, сонымен қатар өз қызметі
үшін қоғам алдында медициналық қызметкердің жоғары өнегелік жауапгершілігін
анықтайды. Осы кодексте медициналық қызметкер ретінде жоғары және
(немесе) орташа мамандырылған медициналық білімі бар, мамандар танылады.
Адамның өмірі мен денсаулығы басты, негіз салушы құндылықтар.
Медициналық қызметкердің қызметі - бала біту сәтінен бастап, оларды сақтауға
бағытталады, және адамға деген адамгершілікпен қарауды, жеке тұлғаны құрметтеу,
аяушылық пен ортақтастықты, тілектестікті, қайырымдылық пен мархабаттылықты,
сабырлықты, өз ара сену, парасаттылық және әділділікті талап етеді.
Бұл кодекс адамның өмірі мен денсаулығы, оның туылу мен өлімін алып
отырған, медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде қолдануға арналған.
• Ең бастысы науқастардың мүдделері!
Ауруларды болдырмау, салауатты өмір салтын
насихаттау, аурулардың алдын алу және денсаулықты
қалпына келтіру жолы - адамдар өмірінің ұзақтығына,
өлімнің төмендеуіне ықпалы зор!

Ұйымның құндылықтар жүйесі
науқас - қамқорлықтың бастауы
қауіпсіздік
жауапгершілік
алқалылық
мөлдірлік
кәсіпқойлық
• Науқас - қамқорлықтың бастауы жоғары сапалы қызметтерді көрсету үшін әрбір жеке
алынған науқастың қажеттіліктерін бағалау. Науқастардың абыройын және жеке
тұлғасын құрметтеу.
• Науқастың қауіпсіздігі сапалы медициналық көмектің маңызды бөлігі. Оның мақсаты
емдеу кезінде науқастарға келтірілетін, зиынды максималды төмендету болып
табылады. Ддұ медициналық көмектің сапасын ағымдағы кәсіби білімдерге сәйкес
келетін және денсаулыққа қатысты қажет етілетін нәтижелерге жетуін көтеретін, жеке
тұлғалар мен популяцияға ұсынылған медициналық қызметтер дәрежесі ретінде
анықталады.
• Алқалылық тұрақты өз қызметін талдау және ынтымақтастық, сонымен қатар
жауапгершілік паритеті мен жұмыс көлемі негізінде сену жүйесін қалыптастыру.
• Жауапгершілік жарияланған тұжырымдар мен жоғары стандарттарға қолдау жасау,
науқастармен қарым-қатынастарда да, ұжым ішінде де сенімділік пен парасаттылықтыі
жоғары деңгейін көрсету.
• Мөлдірлік жеке тұлғалық және ұжымдық әрекеттерде адалдылық пен парасаттылық
тұжырымдарын ұстану.
• Кәсіпқойлық тұрақты даму және білім алу
• негізінде, науқас пен ұжым игілігіне жоғары
• нәтижелерге жетуге өзінің алдыңғы қатарлы
• білімдерін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін
• бағыттау.
Қызмет ету қоғам және мемлекет жағынан ерекше сенім
білдірудің көрінісі болып табылады, бұл кәсіпорын
қызметкерлеріне адамгершілік және моралдық-этикалық
көрінісіне жоғары талаптарды қояды.
Қоғам, емхана қызметкері өзінің барлық күшін, білімін
және тәжірибесін атқарып отырған кәсіби қызметіне барлық
күшін салатынына, өз ісіне, өз отанына – қазақстан
республикасына әділ және адал атқаратынына кәміл сенеді.
Өз қызметінде шжқ «№6 қалалық емханасы»мкк
медициналық қызметкері денсаулықты сақтау және
медициналық көмек бөлігінде қазақстан республикасының
заңнамасын, дәрігерлік антты, адамгершілік пен
қайырымдылық тұжырымдарын ұстанады.
Өз қызметінде емхана қызметкерлері келесілерге
міндетті:
• қолда бар қорлар аясында өз кәсіби мамандырылуы, лауазымдық нұсқауы мен қызметтік
міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсетуді
қамтамасыздандыруға жауапгершілікті, сонымен қатар моралдық жауапгершілікті артады;
• жынысы, жасы, расасы және ұлтына, тұру мекен-жайына, оның әлеуметтік жағдайына,
діни және саяси нанымдарына, сонымен қатар басқа да медициналық емес жағдайларға
қарамастан, медициналық көмекті кез келген адамға көрсетуге;
• өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдылары, икемдері мен эрудициясын тұрақты жетілдіруге;
• медициналық қоғам қатарындағы тазалығын дәріптеу, өз қателіктеріндей, әріптестердің
қателерін талдау;
• адал емес және құзыреттілігі төмен әріптестердің тәжірибесіне, сонымен қатар әр түрлі
науқастардың денсаулығына зиян келтіретін, білімсіздерге жол бермеу;
• өз әрекетімен шжқ «№6 қалалық емханасы» мкк беделін орнықтыру, мүдделерін
қорғау, қызметкерлердің сенімсізденуіне жол бермеу;
• науқастардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қадағалануын және
қорғалуын қамтамасыздандыру;
• емхана қызметкерлерінің бірлігі мен ұлт аралық келісімнің нығаюына ықпал ету;
• еңбек тәртібін қатаң ұстану, өз қызметтік міндеттерін бейтарап және сапалы орындау, ол
үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
• жоғары мамандырылған жұмыс істеуге барлық күш жігерін салу, қойылған міндеттерді
шешуде оңтайлы және тиімді тәсілдерді қолдану, берілген мемлекеттік меншікке ұқыпты
қарауға барлық күшін салу;
Өлім қатарындағы науқасты рухани қолдау.
• Медициналық қызметкер өліп бара жатқан адамның
бейнетін қолда бар және заңды тәсілдермен жеңілдетуге
міндетті. Медициналық қызметкер науқасқа оның ниетімен
кез келген дәни конфессияның қызметкерінің рухани
қолдауын алу құқығын кепілдендіру тиіс.
• Қызметкерлерді ынталандыру
• Кәсіби қызметіндегі өзінің күш-жігерін, білімін және
тәжірибесін қолдануы үшін, инновациялық технологияларды
енгізгені үшін, кәсіби біліктілігі үшін, қол жеткізген сыртқы
және ішкі индикаторлары үшін қызметкерлер жылдың
нәтижелері бойынша шжқ «№6 қалалық емхана» мкк бас
дәрігерінің сыйақысымен марапатталады.
Қорытынды

• Медициналық көмектің кез келген түрін көрсету
қауіпсіздігінің аса маңызды талаптарының бірі
пациентті міндетті түрде сәйкестендіру болып
табылады. Бұл талапты орындамау немесе қате
орындау пациенттер денсаулығына қатер төндіруі
мүмкін – айталық, егер препарат ол тағайындалған
пациентке емес, мысалы тегі бірдей немесе
палатадағы көрші пациентке енгізілсе. Оталық
блоктарда, күйік бөлімшелерінде, перзентханаларда
зерттеу үшін биологиялық материалдарды алған кезде
де осыған ұқсас, пациенттерді сәйкестендіру қажет.

Ұқсас жұмыстар
ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫ
Медицина қызметкерлері мен пациенттер үшін аурухана қауіпсіздігі мейіргердің денсаулығына қауіп төндіретін факторлар
Пациент қауіпсіздігі
Пациенттерді қауіпсіз жылжыту кезіндегі мейіргердің рөлі
Педагогика, жеке тұлға
Фармацевтикалық көмек тұжырымдамасы
Дәрілік препараттардың қауіпсіздігі мен пайдасын анықтау
Көшіру жұмыстары
Эмоциялық-ерік сферасының бұзылыстары
Медицинадағы биоэтика
Пәндер