Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар



“Астана Медициналық Университеті” АҚ
“Молекулярлық биология және медициналық генетика”кафедрасы
Тексерген: Тулепбергенова С. А.
Орындаған: Орынбасар А. П.
Группа:104 ОМ
Астана 2018

Кіріспе
Негізгі бөлім
Сигналдар және олардың түрлері
Гормондар
Эндрокиндік бездер
Гипофиз
Гипоталамус
Қалқанша бездері
Бүйрек үсті безі
Ұйқы безі
Жыныс бездері және гормондары
Қорытынды
07. 08. 25
Жоспары:

Жасушадан тыс сигналдар химиялық және физикалық болып бөлінеді.
Химиялық сигналдар: аминокишқылдар, ақуыздар, гормондар, нуклеотидтер, май қышқылдары және оның қосындылары, стероидтар (майға ұқсас қосындылар) және кішкентай органикалық емес молекулалар. Физикалық сигналдар: жарық энергиясы, жылу, суық, қысым және т. б.
Барлық сигналдық молекулалар 3 классқа бөлінеді:
Гормондар. Ішкі секреция бездерінде синтезделеді, содан кейін қан ағымы арқылы барлық ағзаға жеткізіледі. Олар гидрофобты болуы мүмкін (стероидтар, қанықпаған май қышқылдарының қосындылары) және гидрофильді (пептидтер, ақуыздар, аминқышқылдарының қосындылары және т. б. ) .
Гистогормондар. Жеке жасушалармен синтезделеді және қан жүйесіне түспейді, тек қана локалді әсер етеді. Мысалы - өсу факторы.
Нейротрансмиттерлер. Әртүрлі құрылымы және қызметі бар.

Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан немесе лимфаға бөлінетін, безді клеткаларда түзілетін заттарды айтады.
Оларға тән қасиеттер:
1) әсер етудің дистанттылығы
2) биологиялық әсердің қатаң талғамдылығы
3) жоғары биологиялық белсенділік
Эндокринология - бездер, олардың қызметі, және олардың сөлдерінің бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым.
Эндокринология ғылыми ұғым ретінде 1904 ж. У. Бэйлисс, Э. Стерлинг енгізген.
“Гормон” терминін 1905 ж Бейлис және Старлинг 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген.
Алғаш 1849 ж Аддисон “кола ауруын” суреттеп жазғаннан басталады. Қазіргі кезде 60-қа жуық гормон бар.
07. 08. 25

Безден бөлінетін уыт- гормон :
химиялық құрамы әртүрлі, болмашы мөлшерде-ақ
ағзаға айтарлықтай физиологиялық өзгеріс әкеледі;
зат алмасу үрдісін жеделдетіп, өсу, көбею
қарқынын үдетеді т. б. ;
биологиялық белсенді, әрекетшіл;
Гормон, грек тілінде «hormo»- қозу, қоздырылу,
әсерлену немесе жаңалану деген мағынаны
ұғындырады.
Гормондар туралы ғылым-эндокринология, яғни
бездерді, олардың қызметін, бездерден бөлінетін
сөлдерді зерттейді.

Гормондардың жіктелуі:
1. Анатомиялық жіктеу, яғни гормондарды олардың бөлінетін мүшелерінің атымен атау.
2. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады:
1) Табиғаты ақуыз болып келетін: гипофиз, бүйрек үсті безінің және қалқанша безінің гормондары. Асқазанда табиғаты белок болып келетін гастрин гормоны бөлінеді, ол тұз қышқылының түзілуін және ас қазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді.
2) Амин қышқылдарының туындысы: мысалы, тирозиннің туындысы адреналин, норадреналин, дофамин, тироксин-тирозиннің, гистамин-гистидиннің, серотанин-триптофанның туындысы.
3) Стероидты: жыныстық, картикостероидтар (бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары) жатады (холестериннен синтезделеді) .
4) Жергілікті: гормон тәрізді әсер етеді, гистамин, серотонин, брадикинин, калликреин, ренин т. б.
07. 08. 25

3. Гормондар биологиялық қызметіне сәйкес:
Көмірсудың, майдың, ақуыздың алмасуын реттейтін-инсулин, глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т. б. ;
Тұз және су алмасуына қатысатын- альдестерон, вазопрессин;
Кальций мен фосфордың алмасуына қатысатын-паратгормон, кальцитонин;
Эндокриндік бездердегі гормондардың синтезін, секрециясын реттейтін- троптық, гипотадамус;
Репродуктивтік қызметке (көбею, бөліну, өсу) қатысатын- эстродиол, прогестерон, тестостерон;
Гормон синтезі жүретін жерлердегі метаболизмді реттеуге қатысатын- гистамин, секретин т. б.

Гормондардың әсер ету механизмі
Қанға қосылған гормондардың әсері іс жүзінде зат алмасуда барлық жағына бірдей таралады.
Гормон әсерін іске асыратын нысана- жасушасын білуі тиіс. Гормондар танитын жасуша компоненті рецептор деп аталады.
Рецептор гормондарды байданыстыратын ақуыз.
Активтену үшін гормон молекулалары мен олардың сәйкестігі “құлыпқа дәл келген кілт” тәрізді, субстраттың ферменттің активті центріне “үйлесе алғандай” болуы керек.
Әрбір гормонның өздерінің меншікті рецепторлары болады. Әр рецептор гормонның бір молекуласын қайтымды байланыстыра алады.

Гормондардың әсер ету түрлері
Аралас(йодтиронин гормондары)
Мембраналық (адреналин, глюкагон, кальцитонин, паратгормон, гипофиз гормондары және т. б. )
Мембрана-жасушалық
Цитоплазмалық (стероидты гормондар)
Гормондық баланс
Қалыпты жағдайда эндокридік бездердің арасында гормондық баланс болады.
Кез келген без қызметінің ауытқуы ағзаның қалыпты жұмысынан ауытқуына, мысалы, гормонның шамадан тыс бөлінуі немесе жетіспеуі әр түрлі аурулар пайда болады.

Басты эндокриндік бездер:
Гипоталамус, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша маңы бездері, ұйқы безі және жыныс бездері жатады. Олардың жалпы массасы 100 г аспайды.
Өте аз мөлшерде ағзаға әсер етуі - гормонның ерекше қасиеті

07. 08. 25

Бездер
Гормондар
Гипоталамус
гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Гипофиз
соматотропин (өсу гормоны)
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Ортаңғы немесе аралық бөлімі
мелотропиндер (интермедии)
Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Қалқанша безі
тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас)
Ұйқы безі аралшықтары
инсулин, глюкогон
Бүйрекүсті безінің қабығы
кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),
андрогендер, эстрогендер
Аталық ұрық бездері
андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Аналық ұрық бездері
эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)
Айырша бездер
тимозин т. б.
Эпифиз
мелатонин т. б.
Диффуздық энтериндік жүйелер
паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Эндокриндік жасушалар
ренин - ангиотензивтік жүйе
Бауыр және бүйрек
соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента (бала жолдасы)
жатыр
эстрогендер, релаксин, прогестерон


ГИПОФИЗ
Гипофиз омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі.
Гипофиз мидың астыңғы бөлігінде орналасқан: алдыңғы(аденогипофиз), аралық және артқы бөлік(нейрогипофиз) .
Гипофиз бөліктері гистологиялық тұрғыдан ажыратылады, олар әр түрлі қызмет атқаратын гормондар бөліп шығарады, барлығы ақуызды зат.
Гипофизде гормон түзілуге гипоталамус реттеуші қызмет атқарады.
Алдыңғы бөлік 6 гормон: өсу гормоны
(самотропин СТГ),
адренокортикотропты гормон(АКТГ),
тиреотропты гормон (ТТГ), гонадотропты гормон(ГТГ),
пролактин және лютеиндеуші гормон(ЛГ) ;
Артқы бөлігі 2 гормон: вазопрессин мен окситоцин;
Аралық бөлігі меланотропин(МСГ) бөледі.

Гипоталамус - мидың бір бөлігі. Оның жүйке жасушасында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді. Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 1960 ж ашылды (Р. Гиллемин мен Э. Шелли) . Алғаш олар рилизин-фактор және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын.
Мысалы, Р. Гиллемин ғылыми тобы 1 мг таза тиреолиберин бөліп алу үшін 300 мың қойдың гипоталамусын өңдеген.

07. 08. 25
Қалқанша бездің гормондарына йодтирониндер
(тироксин және трийодтиронин) және кальцитонин
жатады. Тироксин және трийодтиронин энергияны
алмасуын реттеп, клетканың бөлінуі мен ерекшеленуіне
әсер етеді, ағзаның дамуын қамтамасыз етеді.
Кальцитонин фосфорлы кальций алмасуының
реттелуіне қатысады. Қалқанша бездің ерекше бір
қабілеті аспен түскен йодты, тирозиннің құрамын дағы
байланысқан йодқа айналды рып, тироидтық
гормондардың синтезін қамтамасыз етеді.

Қалқанша безі - ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің бірі. Ағзада айналып отыратын қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпалар мен мүшелерге жеткізеді.
Қалқанша без ағзада сумен және қоректік затпен бірге йодидты өзіне шексіз сіңіреді. Қалқанша бездің белсенді гормоны тироксин, трийодтиронин.
Тирозин амин қышқылынан түзіледі.
Қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде гормондардың бөлінуі бәсеңдейді (гипофункция) болмаса артығымен бөлінеді (гиперфункция) .
Гипофункция кезінде адамдарда енжарлық, селқостық пайда болады, ұйқы басады, ойлау қабілеті төмендейді, ақылынан алжасады. Ол жағдай кездессе, дене өсуін тоқтатады, кретинизм пайда болады. Гипофнукцияның басқа түрі - эндемиялық жемсау(зоб) . Гиперфункция кезінде зат алмасу күшейеді, сырқат адамда қорқақтық пайда болады, жүйке жүйесі қозып, жұқарады.

Қалқанша маңындағы безде екі пептидтік гормон - паратгормон(паратирин) және кальцитонин түзіледі.
Екі гормон да Ca2+ мен Р алмасуына әсер етеді.
Паратгормонның нысана-мүшесі - сүйек ұлпасы мен бүйрек.
Ағзада паратгормон артық болғанда сүйек ұлпасы бүлініп бұзылады, ал гормон жетіспеген кезде қанда және басқа да сұйық ұлпасында кальций йондарының мөлшері азаяды.
Кальцитонин паратгормонға қарама-қарсы әсер етеді. Нысана-мүшесі - сүйек ұлпасы. Ол сүйек ұлпасының еріп, Са элементінің бөлініп қанға қосылуына кедергі жасайды.
Кальйитонин D витаминімен бірге әсер етеді.

Бүйрек үсті безі сыртқы қыртыс қабатынан және ішкі ми затынан тұрады.
Сыртқы қыртыс гормондары - кортикостероидтар ағзаның экстремальды жағдайларға төтеп беруін қамтамасыз етеді: кортикостерон, кортизол және альдостерон.
Кортикостерон мен кортизол көмірсудың алмасуына қатысады.
Альдестерон көмірсудың алмасуына қатыспайды, ол электролиттердің және судың алмасыун ретейді.
Ми заты екі түрлі гормон бөледі: адреналин және норадреналин- катехоламиндер тобына жатады. Жүйке жүйесінің медиаторы. Адреналин негізінен көмірсудың алмасуына және біршама ғана липидтердің алмасуына әсер етеді. Майдың ыдырауын активтендіреді, бос май қышқылдарының мөлшерін көбейтеді және май қышқылы түзілуін тежейді. Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериялық қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін нерв ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады, қан тамыры саңылауы тарылады.

Ұйқы безі он екі елі ішектің шажырқайында, қарынға таяу орналасады. Сондықтан халық арасында шажырқай безі деп атайды.
Құрамында ас қорыту ферменттері: ұйқы безінде түзіледі де, түтікше арқылы он екі елі ішекке барады.
1869 ж. Лангерганс ұйқы безінің құрылымын сипаттап, бездің Лангерганс аралшығында екі түрлі жасуша типі - α- инсулин және β- глюкагон екі түрлі гормон бөледі.
Инсулиннің негізгі нысанасы бауыр, бұлшық ет және майлы ұлпа. Инсулин негізінен көмірсудың алмасуына әсер етеді, жасуша мембранасы арқылы қанттардың өтуін, ең алдымен глюкозаның фосфорлануын арттырады.
Глюкагон инсулинге антогонист, ол бауырда фосфорилаза жұмысын белсендіреді. Фосфорилаза гликогеннің ыдырауына қатысады, қан құрамында глюкозаның концентрациясын арттырады.

07. 08. 25
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz