Педагогикалық қарым қатынас стилі
Презентация қосу
Педагогикалық қарым қатынас стилі
Дайындаған:Әбілхаева А.Е
Қабылдаған: Тогжанова А.М
◦Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың
түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен
әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің
балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері
болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке
кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын
алады.Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-
қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык,
либералдық, демократиялық.
◦Қарым-қатынастың аеторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың
қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың
пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын,
нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай
еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып,
педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс
ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау
сияқты қасиеттері басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында
оқушылардың тұлға ретінде дамуына көп кедергілер кездеседі және ұстаз
бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, шиеленіс, қарама-
қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң»,
«Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады.
◦ Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-
қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім
ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып,
олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-
қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске
асырылады. Мұндай стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың
субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды
психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар
оқушылардьң көңіл-күйін, психологиялық жағдайын түсінуге, олардың
мүмкіншіліктерін жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-
бағдар беруге тырысады. Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін
оқушылар да өз беттерінше жұмыс істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық,
өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль
бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз,
бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады.
◦Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім
қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне
ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың
тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді.
Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің
сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім
балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне
немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап
қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық танытпайды.
Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас
барысында ынтымақтастық, түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен
тимесең, мен тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны
ұстанады.
◦Н.Н.Ханның зерттеуінше мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде
ынтымақтастың қарым-қатынасты іске асыруға даярлығы мынандай
компоненттерді қамтиды: Педагогикалық іс-әрекетке деген кәсіби
ынтаның болуы. Оқу процесінде оқушы түлғасын қалыптастыруға
қажетті білім көлемінің болуы. Педагогикалық процестің қызметіне
жағымды әсер беру мақсатындағы кәсіби іскерліктер жиынтығы.
◦ В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай
топтамасын анықтаған:1. Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі
қарым-қатынас (мұғалім окушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар
мұғалім соңынан қалмайды). 2.Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық
қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады,
татулық, достық қатынас орнайды). 3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік
рөль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында такты дистанция
сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады). 4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас
орнату {мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан
үрейленіп жүреді). 5. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-
қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ
бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді). 6. Мұғалімдер шәкірттер алдында өзінің
артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен
гана айналысады, үнемі өзінің балалардан жогары екенін дәлелдеуге тырысады).
◦Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне,
қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік
стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру
үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін,
құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы
зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті зерттеуге арналған
диагностикалық әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық-
психологиялық әдебиеттерде өте көп. Солардың бір мысалы ретінде
адамның қарым-қатынас жасауға бейімділігін анықтауға байланысты
мынандай тестті қарастырып өзімізді зерттеп көрейік.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz