Болашақ мұғалімдерді ақпараттық- компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі



Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-
компьютерлік және математикалық
модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі

Қазіргі кезде «Информатика» пәндерінде - Компьютерлік модельдеу тақырыптарына баса назар аударылуда. Компьютерлік модельдеуден әртүрлі деңгейдегі лабораториялық практикумдар жасалынып оқу процесіне енгізілуде. Дегенмен, оқу процесінде компьютерлік модельдеу тақырыптарын оқытудың жеткілікті дәрежеде әдістемелік шешімі табылмай отырғандығы байқалады. Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың кеңінен таралуы мен орасан зор жылдамдықпен дамуы барлық дерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттелетін объектіні модельдеу жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуді қажет етуде. Дұрыс таңдалған және өз дәрежесінде тиімді құрылған модель зерттеу жұмыстарын жеңілдетіп, объекті туралы толығырақ мәлімет алуға көмектеседі.
Зерттеудің өзектілігі

Модельдеудің негізгі идеялары барлық оқу курстарында күрделі объектілерді оқу, зерттеу үшін тиімді тәсіл ретінде пайдаланылады. Көптеген зерттеушілер модельдеуді білімді игерудің негізгі әдісі және жалпы дидактикалық ортасы ретінде қарастырады.
Өз кезегінде компьютерлік модельдеудің процестерді сипаттауда визуалдау ерекшелігі арқылы танымдық ролі артуда. Түрлі ақпараттық модельдерді құру және зерттеу дағдылары жалпы оқу дағдыларына қатысты болатыны белгілі. Ұсынылып отырған жұмыста модель түрлері, оларды құру тәсілдері баяндалады.

Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби дайындау жүйесі.
Зерттеудің объектісі:
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге негізінде оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні

Болашақ информатика, математика, физика және кәсіптік білім пәндері мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту арқылы кәсіби дайындауды психологиялық-педагогикалық тұрғыда теориялық негіздеу, оның әдістемелік жүйесін даярлау.
Зерттеудің мақсаты:

Зерттеудің міндеттері:
қазіргі ғылым мен техниканың жетістік-
тері негізінде кәсіби дайындаудың
теориялық негіздерін анықтау
1
2
3
4
ақпараттық-компьютерлік және матема-
тикалық модельдеу негізінде кәсіби
дайындау тұжырымдамасын жасау
ақпараттық-компьютерлік және матема-
тикалық модельдеуді қолдануға даярлығының
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
білім беруді психологиялық-педагогикалық
тұрғыда негіздеу

Зерттеудің міндеттері:
кәсіби дайындаудың әдістемелік
жүйесін негіздеу
5
6
7
арнайы пәндерді оқыту үдерісінде кәсіби
дайындаудың педагогикалық
технологиясын жасау
оқыту тәжірибелерін эксперимент
жүзінде тексеруден өткізу

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, экологтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ғылыми еңбектері.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралдар ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы тәжірибелі-эксперимент жұмысы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру эксперимент барысында жүзеге асты және халықаралық (Павлодар 2009, Астана 2009), республикалық ғылыми-практикалық (Ақтөбе 2009) ғылыми-теориялық конференцияларда; республикалық педагогикалық оқуларда (Арқалық, 2010) және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының жыл сайынғы өтетін конференцияларында, ғылыми-әдістемелік семинарларында, мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда көрініс тапты.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні) сипаттама беріледі.
«Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу туралы жалпы түсінік» атты бірінші тарауда "модель" түсінігінің анықтамасы, модель белгілері, модельдеу мақсаты, модель құрудың негізгі этаптары, модель түрлері, модель қасиеттері, модельдердің сандық және сапалық бағалары қарастырылды.

“Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі» атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнындарында кәсіби даярлаудың теориялық негіздері сипатталады, болашақ мұғалімдерді қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық аспектілері қарастырылады, жоғары оқу орнында оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолданудың қазіргі жағдайына сипаттама беріледі, болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби даярлаудың тұжырымдамалық негіздері айқындалып, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығын қалыптастыру моделі келтіріледі.

Үшінші тарауда экологиялық жүйелерді модельдеу мысалдары келтіріліп, теориялық материалды практика тұрғысынан зерттеуге арналған лабораториялық жұмыстар мен оларды орындаудың әдістемелік нұсқаулары көрсетілген.
Төртінші тарауда студенттердің сабақ барысындағы тақырыптар бойынша алған білімдерін қорытындылау мен бағалау үшін тест сұрақтары қарастырылған.

Бесінші тарауда тақырыптық көрнекі сүлбелер берілген. Ұсынылған сүлбелер студенттердің пән талаптарына сай көрнекі білім алуларына көмектеседі.
Оқу-әдістемелік құрал болашақ жаратылыстану мамандарының модель және оның ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдаланудағы рөлі туралы кең мәлімет алып, өз беттерінше қарапайым жүйелер модельдерін құру дағдыларын қалыптастыруларына ықпал етеді.

МОДЕЛЬ
қасиеттерi белгілі
бір мағынадағы
жүйенің немесе
процестің
қасиеттеріне ұқсас
объектілер
немесе
процестер жүйесі;
сериялы бұйымдарды
жаппай өндіруге
арналған үлгі,
эталон; кез-келген бір
объекті жұмысы,
мыс., процессордың
жұмыс істеуін
модельдейтін
программа
немесе құрылғы.

Модельдеуші (модель субъектісі) тек адам бола алады. Модельдеу объектісі табиғи (өсімдік, күн системасы) және адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы мүмкін.
Модельдеудің жалпы схемасы

Барлық модельдердің көпбейнелілігі негізінен үш топқа бөлінеді:
- материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген/;
- бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік) ;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz