Ортақ меншік
Презентация қосу
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ортақ
меншік
Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның
меншігіне мүлік түскен кезде пайда
болады, оны өзінің мақсаты
өзгертілмейінше бөлуге болмайды
(бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға
сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа
(фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан
шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс
құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды (АК-
тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды
тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай-
ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-
аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы
әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар,
келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады ("Жеке кәсіпкерлік
туралы" Занның 3-бабы, 3-тармағы). Ортақ меншік
ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ
мүлкінен де туындайды.
Меншіктің үлестік түрі деп мүлік
объектісін қатысушылар
арасында нақты үлеске бөлуді
айтады.
Ортақ мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету
барлық қатысушылардың
келісімімен жүзеге
асырылады (АК-тің 212—
213-баптары).
Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің
бір түрі болып табылады, оған
қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ал
айқындалмаған үлестеріне иелік етеді.
Демек, үлестер, егер заңда өзгеше
көзделмесе, тең деп танылады. Мұндай
мүліктерді бөлу қатысушының бірі одан
шыққанда немесе ортақ меншік
тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.
Заңда ортақ бірлескен меншіктің
мынадай түрлері қаралған:
ерлі-зайыптылардың ортақ
меншігі;
шаруа қожалығының (фермер)
ортақ меншігі;
жекешелендірілген тұрғын үйге
ортақ меншік.
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ерекше
мәртебеге ие. Азаматтық кодекстің 223-
бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеде тұрған кезде
жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-
зайыптылардың үлесті меншігі болатыны
не олардың әрқайсысына тиесілі екені
олардың арасындағы шартта көзделмесе,
олардың бірлескен меншігі болып
табылады.
Шаруа (фермер) қожалыгының
ортақ меншігінің құқықтық
ерекшеліктері. Шаруа (фермер)
қожалығы дегеніміз бір шаңырақта
бірлесіп еңбек етіп, ауыл
шаруашылығына арналған жерді
игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге,
пайдалануға байланысты іс-қимыл
әрекеті болып табылады.
статистика
Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес ортақ
бірлескен меншіктің тұрғын үйдің
жекешелендірілген тұргын үйге байланысты
жаңа түрі пайда болды. Тұрғын үй және тұрғын үй
кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы
мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған
пәтерге ортақ меншік болады ("Тұрғын үй
қатынастары туралы" Заңның 58-бабы).
Ортақ бірлескен меншіктің мұндай түрі
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй
қатынастары туралы" және басқа құжаттармен
реттеледі.
Жай серіктестіктің ортақ меншігі. Кәсіпкерлік
кызмет кезінде ортақ меншік өзіндік құқықтық
ерекшеліктерге ие болады. Азаматтар, заңды
тұлғалар заңды тұлға болмай-ақ бірлескен қызмет
туралы шарт жасасады. Сөйтіп бірлескен меншікті
пайдаланады. Демек, жай серіктестік бірлескен
шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде
құрылады екен. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай
серіктестік шарты) бойынша тараптар ортақ
шаруашылық мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет
жасауға міндеттенеді.
Ортақ, бірлескен меншікті құрудың басқа да жағдайлары.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Азаматтық кодексте
ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері болатыны
айтылған
(АК-тің 219-бабының 2-тармағы). Соның бірі жай
серіктестіктің түріне жататын — консорциум.
Консорциум — бірлескен шаруашылық қызмет туралы
шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық
міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп,
күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты
уақытша одақ (бірлестік) (АК-тің 233-бабы).
Меншік құқығын тоқтатудың жалпы
негіздерінен басқа ортақ меншік құқығын
тоқтату да бар, бұл жеке қатысушы үшін оның
үлесін ортақ меншіктен бөлу арқылы жүзеге
асады.
Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың
талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару
қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі,
ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот
арқылы шешіледі.
Шаруа (фермер) кожалығы
мүшелерінің бірі одан шыққан кезде,
шаруашылықтың өндіріс құрал-
жабдықтары бөлінуге жатпайды.
Қожалықтан шыққан адамның бұл
мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне
сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы
бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz