Мектепте АКТ – ның құралдарының даму тарихы


Slide 1

Мектепте АКТ - ның

құралдарының даму тарихы.

Бастауыш мектепте

компьютерлік

технологияны қолдану

дың қазіргі жағдайы.

Информатиканы орта

мектепте оқыту

жалпы мәселелері

Ақпаратттық коммуника

циялық

оқыту технология

ларының мәселелері

және болашағы.

Slide 2

Бастауыш мектептердегі оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемнің күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігіне ақпаратты саналау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларында адаптация - жағдайда бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір басты мәселесі оқыту процесінің тиімділігін арттыру есебінен, материалды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісіне жаңа көзқарас «мектеп пәнінің реестріне кіретін әрбір ғылым пәнінің «моделін» балалардың ойлау жүйесінде құрастыру проблемасына алдын алғы әзірліктер жасау» (В. В. Давыдов) . Оқушылардың ақпарат тасқынның салмағын қалыпты көтеру үшін, оларды ақыл - ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау. Объект пен түсінік арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс - тәсілдеріне баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.

Slide 3

Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интеллектуальды қабілетін дамыту бойынша, соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізінде екі идея алынды:

1 - ші идея

интелектуальдік дамудағы

маңызды өзгеріс, тек

мәдениеттілікті

өзгерту арқылы ғана мүмкін;

2 -ші идея

Мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін

жақын арадағы неғұрлым

сенімді жол комьютерді мектеп

Тәжірибесінде жедел қарқынмен

қолданысқа енгізу. Осы зерттеулердің

бірінің нәтижесі - балалар үшін

ЛОГО бағдарламасының арнайы

тілін түзу болды. Қазір бұл әлемде

педагогикалық практикада кеңінен

қолданыс тауып, біздің елімізде де

барған сайын кең таралып отыр.

Slide 4

Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуалды бола түсуі,

оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру үшін оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жалпы мәселелсін шешудегі әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін бөле қараумен байланысты. Қорыта келгенде, бастауыш мектепте компьютерлік қолдану барысына жасалған таңдау төмендегідей тұжырым жасауға мәжбүрлейді:

Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері,

балалардың мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге

ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарап, олардың сапалы

оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептеге компьютерлік

технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе

түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық - педагогикалық жүйелер

жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық - гигиеналық

нормалары анықталып, үй және қашықтан оқу тәсіліне жаңа

мүмкіндіктер ашылуда.

Slide 5

Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді.

Негізінен пәнаралық белсенді байланыстарға негізделген

теориялық біліммен салыстырғанда, негізінен информатиканы ғылым ретінде оқытуға бағытталған;

Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың өзіне тән ерекшелігі, сабақты жүргізудің ойындық үлгісі;

Компьютерді пайдаланудың кеңейту мен тереңдету процесіне бірқатар себептер кедергі болуда, солардың негізгісі саналатын - отандық мектептердің төмен тұрған экономикалық базасы мен мұғалімдердің дайындаудың нашарлығы.

Slide 6

Информатиканы орта мектепте

оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекетінің интелектуалды түрлерінің жан - жақты әсер теуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе. Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушылардың дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Slide 7

Ақпаратттық коммуникациялық

оқыту технологияларының мәселелері

және болашағы.

Презентациялар

технологиясы.

Оқыту

технологиясы

Жобалар

технологиясы

Дистанциялық

технологиясы

Slide 8

1-ші презентация: Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар т. с. с. ) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы - мұғалімдерді жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады. Осыларға қоса, мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.

Slide 9

Бұл процестің негізі - мынада мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта кететін жайт - соңғы бақылау баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты өалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін, әрі қызықтылығын көрсетті, оның мысалы ретінде орыс тілі ережелерін оқып үйрену кешенін пайдалануды келтіруге болады.

Slide 10

Оқыту. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады. Мысалы, біздің зерттеулеріміз

а) теориялық материалды бірнеше бөлікке бөліп, оларды есте сақтау үшін бірнеше тапсырма орындалатын программаланған оқыту процесі жүргізілсе;

ә) бір компьютерге балаларды бірін - бірі үйретулері үшін өз таңдаулары бойынша екеуден отырғызса;

б) оқытуға арналған есеп дұрыс құрастырылып, оның нәтижесін бақылау да объективті түрде жүргізілсе, жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40 - 50 % ға қысқаратынын, оларды меңгеру сапасы 30 - 50 % - ға артатынын көрсетті.

Егер компьютер сабақты жүйелі түрде өткізудің басты компоненті бола алатын болса, онда жоғарыда айтылғандарға төмендегілердей тағы да бірнеше

технологиялар қосылады.

Slide 11

Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу.


Ұқсас жұмыстар
АКТ даму тарихы
АКТ құралдары
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕР
Қазіргі заманғы АКТ классификациясы
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар рөлі. Акт саласындағы стандарттар
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
Тест бағдарламалар пошта
Ақпараттық технологияны оқу процесінде қолдану арқылы оқушы
МЫҢЖЫЛДЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
АКТ пәнін оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz