Азаматтық хал актілерін тіркеудің тәртібі және азаматтардың құқықтық және әрекет қабілеттілігі


Slide 1 Slide 2

І. Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы заңда» заңының 163-бабына сәйкес туу, қайтыс болу, неке қию, некенi бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесiнiң атын және тегiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк органдарда (бұдан әрi - АХАЖ органдары) тiркеуге жатады. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы заңда» заңының 164-бабына сәйкес, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi АХАЖ бөлiмдерi, ал мұндай бөлiмдер жоқ жерлерде - жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.

Slide 3

Азаматтардың құқық қабілеттілігі

Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Slide 4

Некені тіркеу. Некенi тiркеуге ниет бiлдiрушi адамдар немесе арыз берушiнiң бiреуi өздерiнiң тұрғылықты жерiнде не ата-аналарының тұрғылықты жерiндегi АХАЖ органына арыз бередi.

Slide 5

II. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы.

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Slide 6

Азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану. Жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы жасайды.

Әрекет қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуір жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды, бұдан кейін одан қорғаншылық алынады.

Slide 7

Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.


Ұқсас жұмыстар
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі: азаматтық-құқықтық негіздері
Азаматтардың құқықтары мен әрекет қабілеттілігі: азаматтық-құқықтық қағидалар, шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі және кәмелетке толмағандардың құқықтары
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері, айналым қабілеттілігі және құқықтық қорғау
Рим жеке құқығындағы тұлға: құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және әлеуметтік мәртебелер
Келісімшарттардың азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және жасасу тәртібі
Әкімшілік құқық субъектілері және азаматтардың әкімшілік-құқықтық статусы
Кәсіпкерлік құқығының азаматтық-құқықтық тәртібі: міндеттер, заттық құқық және мемлекеттік тіркеу
Мұрагерлік құқығы: азаматтардың меншігін мұралау ұғымы, мәні, негіздері және қабылдау тәртібі
Келісімнің азаматтық-құқықтық табиғаты, түрлері және мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық іс жүргізу: ұғымы, сатылары, пәні мен құқықтық бастаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz