Қазақстан құмдары




Презентация қосу
Қазақст
ан
құмдары
Кеңшағыл

Кеңшағыл– Арал маңы Қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды
алқап. Қарағанды облысы Ұлытау және Ақтөбе облысы Ырғыз
аудандарының шекарасында орналасқан. Солтүстік-шығыстан
оңтүстік-батысқа қарай 16 км, енді жері 5 – 7 км-ге созылып
жатыр. Абсалют биіктігі 101 м. Жер бедері тізбекті төбелерден,
белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты су көздерінің тереңдігі 1 –
25 м аралығында. Бор және палеоген шөгінділерінен түзілген.
Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ
селеу, жүзгін, қияқ, көкпек өседі. Мал жайылымы ретінде
пайдаланылады.
Қызылқұм құмдары Өзбекістан мен Қазақстан екі
елдердің аумағында орналаса отырып, шамамен 300
мың шаршы метр ауданды алып жатыр. Қазақстан
бөлігіндегі шөлді байтақ далалары кең тақырлар
түрінде (қыздырған күн сәулесінен саз топырақтың
сызаттанып бөлінген телімдері), кейде биіктігі 40 м
болатын құм төбелер және сор топырақты болып
келетін жазық далалар бейнесінде келеді. Бұл көріністің
саяхатшыға өзіне тән ерекшелігі бар. Құмдарда
жергілікті фаунаның жеке өкілі – сексеуілді (Haloxylon)
және оның тұрақты серігі сексеуіл жорғаторғайын
(Podoces panderi) – Орталық Азия шөлдерінің эндемигін
жиі кездестіруге болады. Егер жазғы уақытта шөлді
алқапты бірқалыпты және мұңлы деп сипаттауға
болса, көктем кезінде бұл өңірдің бейнесі өзгеріп салады,
себебі, бай өсінді аз уақытқа болсын қызыл құмдарды
сан алуан түске бояйды.
Қандыағаш құмы
Қандыағаш құмы – құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы Орда ауылынан 10 – 12 км жерде.
Ұзындығы 18 – 20 км, ені 2 – 3 км, жалпы аумағы 42 км2.
Қандыағаш, Нарын терегі, қарағай, Қырым қарағайы, ақ
қараған, Каспий талы, жүзгін, жиде, қызыл тал, көп жылдық,
бір жылдық шөптердің бірнеше түрі өседі. Қандыағаш
құмында арагідік дауыл соғып, құм көшкіні болып тұрады.
Жетіқоңыр құмдары
«Жетіқоңыр» -бұл, нақты айтқанда, жалпы есім, өйткені
дәл осылай қазақтар құрғақшылыққа төзімді өсімдіктері
басқан қозғалыссыз құмды жоталарды атаған. Жезқазған
қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Жетіқоңыр
құмдары уақыт өте жаңалаштанып, қазір нағыз
сюрреалистік көрінісін жасап тұр. Қазіргі күндері
Қазақстанның орталық бөлігіне мүлдем тән емес көріністер
кездеседі: құмды дөңдер аясында түйелер ілбіп жүреді, ал
құммен артына нүктелерден сызықша-іздер қалтырып
домалақ басты кесірткелер жорғалап жүреді. Ақкеңсе
метеостанциясының аздаған тұрғындары қонақтарды
қуана қарсы алады және өздерінің ақ ниетті
қонақжайлығымен әрдайым таң қалдырады.
Нарын құмы
Нарын құмы, Каспий ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында
орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет аудандары және Батыс
Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін
қамтиды. Аумағы 40 мың км². Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір
Каспий теңізінің Хвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Неоген, пермь-триас
жыныстары да кездеседі. Батпайсағыр, Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке
құмды массивтерінен тұрады. Солтүстік-шығысын Қамыс-Самар жайылмасы алып жатыр.
Климаты тым континенттік, қаңтар айындағы орташа темпертурасы –10,4 – 12,2 °С, шілдеде 24,9
– 25,5 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 214 – 246 мм. Қардың қалыңдығы 10 см-ден аспайды.
Жерге түскен ылғалдың булану мөлшері жауын-шашыннан 5 – 6 есе артық. Аңызақ жел, шаңды
дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5 – 2 м
тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұратты жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі
жайылма ағыны кейде Нарын Құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы
негізінен бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады. Еркекшөп,
жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, терек, қандыағаш, көктерек өседі. Киік, қоян,
қарсақ, дала күзені, т.б. кездеседі. Нарын Құмы аумағында Орда геоботаникалық қорықшасы
орналасқан.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3
том, 2 бөлім
↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.
— Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-
607-02-8
↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Ұқсас жұмыстар
Емен шегершін
Есет Көтібаров бастаған көтеріліс
Қазақстан Республикасының шөлді аймақтары
Жер қоры
Орал тауларынан
VІ-ІХ ғасырдағы қалалық мәдениет
Насекомдармен Далалы, шөлейтті аймақтар
ҚҰМ БАЛШЫҚ ҚАЛЫПҚА ҚҰЮ
Қазақ жерінің шөлді аймақтары
Атырау тарихы
Пәндер