Күш
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: Күш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының білімін, білік дағдыларын
қалыптастыру және жетілдіру.
Дамытушылық:
1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау,
салыстыру, оқылған құбылыстармен фактілерді салыстыра
білу, қорытынды жасау.
2. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға
салу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғамдық жұмысқа араласуға,
бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ребус, тақырыпқа байланысты
суреттер, өикен қорытындылауға арналған сұрақтар,
сөзжұмбақ, тірексызба.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастырылу кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу, бөлме тазалығын қадағалау.
Ә) Оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Өткен сабақты қорытындылау.
А) Ньютонның І – заңына мысал келтір.
Ә) Инерциялық санақ жүйесі дегеніміз не?
Б) Қозғалыс түрлерін ата?
Күш
Ауырлық Үйкеліс
күші күші
Серпімділік Тіректің
күші реакция
күші
Ауырлық күші деп – денелердің жерге тартылу күшін
айтады. Fa= mg
Fa – ауырлық күші
m – дененің массасы
g- еркін түсу үдеуі,
g- еркін түсу үдеуінің моделі шамамен 9,8 м/ с2
Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын
еркін түсу үдеуі деп атайды.
Мысалы: Доптың ауада
жерге түсуін еркін түсу
үдеуі деп есептеуге
болады.
Серпімділік күші – дененің пішіні
мен көлемі өзгерген жағдайда
болады.
Мысалы: Серіппені қолымызмен
Бұл күш денелерді қысып, одан кейін оны бос жібере
қысу, созу, майыстыру салсақ, онда серіппеде туындайтын
немесе бұрау кезінде серпімділік күші оны бастапқы
пайда болады. қалпына келтіреді. (38 – сурет)
Серпімді деформациялар кезінде денеде
туындайтын серпімділік күші оның
созылуына тура пропорционал /F серп /= k l
бұл формула Гук заңын өрнектейді,
мұндағы Fсерп - серпімділік күшінің
модулі, k - қатандық немесе
коэффициенті, l = l – l0 – дене
ұзындығының өзгеруі. (39 - сурет)
Үйкеліс күші - деп денелер тікелей жанасқанда пайда
болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінінң
бойымен қозғалыс бағытына қарама – қарсы
жаққа қарай бағытталады.
Дененің үйкеліс күші (F үйк) екінші дененің бетін
басып қысатын Р күшке (демек, тіректің N
реакция күшіне де) үйкелісетін беттердің
материалы мен өнделу сапасына
байланысты болады.
(40-сурет)
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін
серпімділік күшін айтады.Үйкеліс коэффициенті
үйкелісетін беттер жұбының өңделу сапасы мен
материалына байланысты болады. Табиғатта үйкеліс күші
үш түрде көрініс табады: сырғанау үйкелісі (мысалы,
конькишінің мұз бетімен сырғанауы кезінде), тербеліс
үйкелісі (бір дене екінші дененің бетімен домалау
жағдайында туындайтын) және тыныштық үйкелісі
(мысалы, дененің көлбеу жазықтықта жатуы). Үйкеліс күші,
денелер беттерінің кедір –бұдырлығынан (41, а сурет) және
жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысынан
туындайды (41, ә сурет)
Күшті сан мәні жағынан сипаттау үшін біз оны
өлшей білуіміз керек. Динамометрді пайдалану
серпімді деформацияның шамасы(созылуы немесе )
сығылуы түсірілген күшке тура пропорционал болуына
негізделген. Сондықтан созылған серіппе ұзындығы
бойынша күштің мәні туралы айта айтамыз. (42 - сурет)
Күштің өзі туғызатын үдеумен қандай байланыста
болатынын байқауға мүмкіндік беретін тәжірибені
қарастырайық (43- сурет). Тәжірибе бір қарағанда
қарапайым болып көрінгенімен, дәл нәтиже алу едәуір
қиынырақ. Кішкене арбаға динамометрдің бір ұшын
бекітіп, ал оның екінші ұшын блоктан асыра тасталған
жүгі бар жіпке ілеміз. Арба түсірілген күштің әрекетінен
үдеу алатын болады. Арбаның (t) қозғалу уақытын
секундомермен өлшейміз де, ал (S) жүріп өткен жолын
шкалада белгілеп, аламыз. (43-сурет)
Денеге бір күш ғана немесе, бағытттары әр түрлі бірнеше
күш әрекететеді. Мұны тәжірибе жүзінде анықтауға
болады, алайда бұл жердеНьютонның беделіне жүгінейік.
Оның тұжырымдауынша, күш – векторлық шама,
сондықтан ол векторларды қосу ережесіне бағынады.
(44 - сурет).
Мысал қарастырайық. Екі ойыншы бір мезгілде бильярд шарын
киймен (таяқшамен) соққан болсын. Бұл күштердің әрекетімен дене
бір мезгілде екі бағытта қозғала алмайды (егер, әрине, ол жарылып
қалмаса). Сондықтан дене осы түсірілген күштердің арасындағы
әйтеуір бір бағыт бойымен қозғалады. Олардың әрекеттерінің
нәтижесі векторларды қосу ережесінен табылатын F R тең әрекетті
күшке байланысты болады.Тең әрекетті күш деп денеге бір мезгілде
әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті
айтады. (45- сурет)
Егер біз екі күшті бір тең әрекетті күшпен алмастыра
алсақ, онда бір күшті де бір – біріне қандай да бұрыш
жасай әрекет ететін екі құраушыға жіктей алатын
боламыз. Әдетте бұл екі құраушының арасындағы бұрыс
90 0 деп қарастырылады. (46-сурет)
Осы жіктелуді күшті бір – біріне тік бұрыш жасай
әрекет ететін екі құраушыға жіктеу деп атайды. Құраушыларды
есептеуді жеңілдету үшін FR күшке a бұрыш жасайтын
құраушының модулі әрқашан FR cosa болатынын есте сақтаған жөн,
онда екі құраушысы FR sina болады.
Сабақты пысықтау: Карточкалар тарату арқылы
білімдерін тексеру.
Сабақты қорытындылау: Күш деп – дененің басқа
денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу
алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып
табылатын физикалық шаманы айтады.
Үйге тапсырма:
11 тақырып 40 – 41 – 42-43 беттерді оқу.
9 -шы жаттығуды орындау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz