Мемлекет нысаны түсінігі - мемлекеттану ішіндегі негізгілердің бірі




Презентация қосу
Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің
анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары
органдарының жүйесіне, олардың арасындағы
құзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік
принциптеріне баса назар аударады. Басқару
нысаны мемлекетті сипаттайтын басты
көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт
таңдау мен мемлекетгік саясат басымдығына және
оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің
демократиялық дәрежесіне және оның халыққа
түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.
Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі
мәселелер ескеріледі:

Мемлекетте қандай органдар және лауазымды
тұлғалар жоғары билікті бейнелейді;

Олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады
және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен
тепе-тендік механизмі қолданыла ма;

Олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі
саласын басқару жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;

Жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық
үшін ашықтық дәрежесі қандай.
Мемлекеттің даму процесінде оның нысанына
бірнеше факторлар әсер етеді.

1. Географиялық, климат, тарихи факторлар
2. Экономикалық және саяси жағдайлар
3. Мемлекеттің ұлттық құрамы, тарихи әдет –ғұрыптары
4. Халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым – қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері
5. Діни факторлар
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі
мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады.
Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық,
мәдени, рухани мазмұнына байланысты.
Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын
болсақ, олар тек қана республика немесе
шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал
шығыс мемлекеттерде көбіне монархиялық
басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан,
Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің
философтары, Аристотель, Монтескье, Локк,
Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп
көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның
нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекет
түсінігін толық ашып, оның негізгі
элементтеріне тоқталу, сондай-ақ оларға
жекелей сипаттама беру
Мемлекет нысаны

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ РЕЖИМ
БАСҚАРУ НЫСАНЫ
ҚҰРЫЛЫМ – саяси билікті
– мемлекеттік
нысаны – мемлекеттің жүзеге асырудың
биліктің
әкімшілік-аумақтық тәсілдері
жоғары органдарын
және ұлттық мен әдістерінің
ұйымдастыру
бөлінісі жиынтығы
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық
және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-
қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық
оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген
сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының
арасында басқару формасы маңызды элемент болып
саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі
түрге бөлінеді.

Монархия жоғарғы билік
бір адамның қолында
болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі.
Монархияның белгісі:
мемлекетті басқаратын
адамның билігі оған
әкесінің немесе басқа
туысқандарының қолынан
көшуі.
Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі
әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ
тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа
мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның
озбырлық жолмен де көшуі мүмкін: Наполеон,
Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский.
Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілі
патшаның орнағаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші
түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан
сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған
мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта).
БАСҚАРУ НЫСАНЫ – мемлекеттік биліктің жоғары
органдарын ұйымдастыру

Монархия Республика

Шектелген Шектелмеген Аристократиялық Демократиялық

Өкілдік Парламентарлық

Президенттік Парламенттік
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген
монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін
басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған
биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның
да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия –
Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония).
Монархтың қолында өте күшті экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан
мемлекеттердің географиялық және ерекше
экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы,
Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп,
Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың
осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің
қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың
биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа
отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық,
қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін
басқарған.
Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері
көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим
империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың
орнына келді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ нысаны – мемлекеттің
әкімшілік-аумақтық және ұлттық бөлінісі

Жай Күрделі

Конфедерация Империя

Федерация Достастық

Қауымдастық Одақ
САЯСИ РЕЖИМ – саяси билікті жүзеге асырудың
тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы

Демократиялық Антидемократиялық

Деспотия Фашизм

тирания Авторитаризм

Тоталитаризм
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының
Егемендігі туралы декларация қабылданды, ол
мемлекеттік билік тармақтарын бөлуді жария еткен
бірінші құқықтық құжат болды. Әлемдік тәжірибеде
мемлекетті басқару республикалық, яғни президенттік,
парламенттік немесе аралас деп бөлінетінін ескерсек,
Қазақстан Республикасында президенттік басқару
нысанының таңдап алынғандығы тегіннен-тегін
болмаса керек.

Ұқсас жұмыстар
Мемлекет түсінігі
Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшелігі
Мемлекеттің белгілері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет қызметтері
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Билік объектілері
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ТУРАЛЫ
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Пәндер