Сақтау және сақтандыру шаралары туралы түсінік




Презентация қосу
ЖОСПАР

Кіріспе

1 тарау. САҚТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ
ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
1.2 Сақтау шарты бойынша жауапкершілік

2 тарау. САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 Сақтандыру жіктелуінің негіздері
2.2 Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру
жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен
таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен
шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды
сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай
жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән
бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру,
дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар
мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы
белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда)
сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас
заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен
айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда
сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік
субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларьгаың
сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде
айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану
тиімдірек болып та-былуы мүмкін. Бұл аталған
кэсіпкерлерге қайта үй жайларының кұрылысына (оларды
сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма
жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр
болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын
жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес
туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке
алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден
қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге
асырылады.
Сақтау және сақтандыру шаралары

Сақтау шартының субъектілері (тараптары).
Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке
тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола
алады, Бұл азаматтың ұзақ іс сапарға кетуіне
байланысты өз туысқанын (танысын) затты
сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын
алады.
Сақтау шартының мерзімі. Сақтауды реттейтін АК
нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа
мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін.
Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің
тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының
ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге
мүмкіндік беретіндігімен). Қандай мерзімнің қысқа болып
табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт
мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін.
Мәселен, театрдың, стадионның, мұражайдың киім ілгішіне
сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана
сақталады. Қысқа мерзімді шарт сол бір немесе өзге
мекеменің жұмыс тәртібіне бағдарланатын киім ілгіштің
жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталуы мүмкін.
Сақтау шартының пәні. Бұрын әрекет еткен
заңнамада мүлікті сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау
пәні нақтыланбаған. Қазіргі әрекет етуші заңнамада шарт
пәні ретінде заттың (заттардың) өзі анықталған. Бұл
шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы
заңнамада "мүлік" пен "зат" түсініктерінің арасындағы
айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның
салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін "мүлік" терминін
де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға
сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған
кезде, шарт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін
бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше
"консервативті" деуге де болады. Егер сатып алу сату,
жалға алу, сыйға тарту және кейбір өзге шарттар үшін
олардың пәндері бола алатын обьектілер аясы бірден
кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрынғы қалпын сақтап
қалды.
Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін
белгілі бір мәселелер аясында жоғарыда қарастырып
өткенбіз. Біз мұндай жолды әдіснамалық тұрғыдан
дұрысырақ деп есептейміз, өйткені соның арқасында
тараптардың міндеттері мен олардың құқықтық
жағдайының басқа да ерекшеліктері жақсы
сипатталады (нақтыланады).
Даулы жағдайларды шешу және кінәлі тұлғаларды
жауапқа тарту үшін азаматтық құқықтағы
жауапкершілік туралы жалпы ережелерді кеңінен
қолданған жөн екенін атап өткен дұрыс. Сақтау
стандартты шарттың институт, ал жауапкершілік
бойынша талап етілмелі ерекшелік оны реттейтін
нормаларда ескерілген.
Қазіргі жағдайда сақтандыру -бұл өмірдің әртүрлі
салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс
әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау
әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар
сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын
және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды
қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе
түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып
шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне,
шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына
байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл
сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт
ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар
мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының
салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.
Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен № 491.
27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002
жылдары Қазақстан Республикасында
сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл
бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға
сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын
қалыптастыру белгіленген (аталған). Мұндай
сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың
және шаруашылық субъектілердің мүдделерін
қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен
қоса тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік
әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де
танылуы керек.
Бағдарламада атап
өтілгендей, сақтандыру
саласы адам өмірінің
өндірістік жөне әлеуметтік-
экономикалық қызметтерінің
барлық жағын қамтиды.
Сақтандырудың дәстүрлі
орын толтыру
(компенсациялық) міндетімен
бірге өзге де міндеті
қарастырылған. Енді
сақтандыру жинақтау
-қаражат сақтау міндетін де
атқаруы қажет.
Сақтандырудың мәні бір қатар
факторлармен анықталады. Ол
мемлекет тарапынан қаралған
шаралар көлемі мен сипатынан
тәуелсіз халық пен ұйымдардың
әртүрлі мүдделерін қосымша
қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді.
Табиғи және техногендік апаттар,
әсерлерін жою бойынша
шығындардың негізгі ауыртпалығы
қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері
объективті шектеулі болып келетін
мемлекеттік бюджетке түседі.
Сақтандыру осы қолайсыздықты
жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру
механизмін пайдалану өндірісте
қолданылып жүрген технологияның
жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің
жедел дамуына мүмкіншілік береді.
Жалпы сақтандырудың кластарына төмендегілер жатады:

1) сәтсіз оқиғадан және аурулардан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) көлік пен жүктерді сақтандыруды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай өзге салалармен қатар,
сақтандырудың да қазіргі Қазақстанның экономикасындағы рөлі арта
түсуде. Осы мақсатқа орай экономикалық инфрақұрылым мен
сақтандыру ісінің өзінде инфрақұрылым құру үшін сақтандыру
механизмы енгізіледі, сөйтіп бұл көп жылдар бойы теориямен
практикада қалыптасып қалған сақтандыруды экономикалық категория
ретінде пайдаланудан сондай-ақ сақтандыруды болмашы әрі жай ғана
нәрсе деп түсінуден құтқарады.

Сақтандыру нарығының қаз тұруына орай, кәсіпорындар мен ұйымдардың
сол секілді тұрғындардың мүлкін шын мәнінде сақтандыру мен қорғау үшін
қолдан келгенше қуатты сақтандыру қорын құрған жөн болады. Бұл мақсат
үшін бірнеше миллиард теңгемен сақтандыру нарығында бірнеше аса мол
меншіктің капиталы бар ірі сақтандыру компанияларын иемдену қажет.
Бұған жету үшін ұзақ жылдар қаржылы еңбек
етіп осы жұмыстарға қажетті жағдайларды
жасау керек. Оның үстіне біздің республикада
қайта сақтандыру нарығы әлі жоқ. Сондықтан
да шет елдегі ірі қатерлерді қайта сақтандыру
әзірге өзекті мәселе болып қалуда, бұл жерде
біздегі заңдардың жетілмегендігіде әсер
етуде. Мәселен біздің республикада шет ел
сақтандыру компанияларын құруға тиым
салынған тіпті бірікен сақтандыру ұйымдарын
құруға да тиым салынған. Сақтандыру ісіне
деген мұндай көзқарас мүлдем ақылға
қонбайды.
Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметтер өздерінің
алғашқы қадамдарын имене жасауда, олар
ведомстволардың мүддесін қорғайтын әр түрлі
дәрежедегі мемлекеттік төрелер тарапынан да
сан алуан кедергілерге ұшырауда, кейбір
тұрғындар тарапынан да жағымсыз қарсылыққа
кездесуде.
Бұл істе сақтандыру мүддесін нығайтып
нарықтық қатынасты дамыту жөніндегі
сақтандыру ұйымдары іскер қызметкерлерінің
бастамасы көп жағдайда жүзеге аспай жоққа
шығарылуда.

Ұқсас жұмыстар
Медицина социологиясы
АУРУЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖІКТЕМЕСІ
Аурухана ішілік инфекциялар
Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары
Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері
Салауатты өмір салты ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алу негізі ретінде
Денсаулықты нығайту
Емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Гигиена туралы түсінік
Пәндер