Мейірбикелік көмек сапасын басқару. Мейірбикелік көмектің сапасын басқару жүйесі. Мейірбике жұмысы сапасының критерилері. Медициналық көмек стандарттары




Презентация қосу
Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Денсаулық Сақтау және Фармацевтика
әлеуметтік даму академиясы
министрлігі

Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып: Мейірбикелік көмек сапасын басқару.
Мейірбикелік көмектің сапасын басқару жүйесі.
Мейірбике жұмысы сапасының критерилері.
Медициналық көмек стандарттары.

Орындаған: Ганиев Н
Тобы: 401 А МІK
Қабылдаған: Оразбаева Э.А.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлімі
1.Мейірбике жұмысы сапасының
критерилері.
2. Медициналық көмек
стандарттары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Мейірбике ісін дамыту үрдісі мен мейірбике кәсібі денсаулық сақтаудың
заманауи жүйесінде мейірбикенің ролін барынша күшейтеді. Басында
мейірбике орта медициналық персоналға жатқызылған, дәрігердің көмекшісі
саналып, дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике күтімін жасады.
Қазіргі уақытта ғылыми тәсілдер мен дәлелді практикаға негізделген
мейірбике ісінің заманауи теориялары мейірбикені мейірбике шешімдерін
дәрігерге тәуелсіз қабылдайтын, дәлелді мейірбике күтімін, оны мейірбике
құжаттамасында көрсетіп, жоспарлайтын және жүзеге асыратын, дәрігердің
тең әріптесі (партнер) ретіндегі мейірбике. Қазір дәрігер мен мейірбикенің
партнерлығы денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде
медициналық көмек сапасының тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау
мамандарының мультикәсіптік командалары шеңберінде жұмыс істей отыра,
дәрігер пациентке дәрігерлік көмек, ал мейірбике мейірбике көмегін
көрсетуден тұрады.
«Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың
медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады.
Мысалы,пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін
қаншалықты ақтағаны маңызды. Өйткені пациентті медициналық
көмектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас
танытқандығы, ем-шаралар өмірінің сапасына қандай әсер еткендігі
туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке
медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету
туралы ақпарат маңызды.
Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде
дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Көптеген зерттеулер осы мәселеге арналған. Қазақстанда
денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару
Мемлекет басшысының жіті назарында.
Медициналық көмек сапасын арттыруда медициналық
ұйымдардың техникалық жабдықталуын жақсарту шаралары
жасалуда, ол өз кезегінде емдеу-диагностикалау үрдісінің
техникалық деңгейінің жетілуіне, медициналық техниканың
мақсатты жұмсалуына және медициналық көмек деңгейі мен
тиімділігіне қолайлы әсер етеді. Осы тапсырма емдеу-
профилактикалық ұйымдарында, медициналық көмек көрсетудің
әртүрлі сатыларында медициналық іс-әрекет пен
ресурстық қамтамасыз ету (жабдықтау технологиясы)
стандарттарының жіктемесін жасау арқылы іске асырылып отыр .
Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту
аясында біз елдің барлық аумағында медициналық
қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ
медицина мекемелерінің материалдық-техникалық
жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.
Мейірбикелік іс – үлкен көлемді
кадрлық ресурстары бар денсаулық
сақтау саласының құрамды бөлігі.
Мейірбикелік көмек
денсаулық сақтау саласындағы
көмектің экономикалық
тәсілдерінің бірі ретінде
қарастырылады. Мейірбикелік
көмек
жүйесінің дамуы - денсаулық
сақтау саласының экономикалық
тиімділігін келешекте арттырудың
жалпы тенденциясы
болып табылады
Мейірбикелік көмек сапасын бақылау процедурасы - мейірбикелік
қызметтің дамуындағы жаңа бағыт болып отыр. Оны бақылау міндеті
бас мейірбикеге жүктелген. Бұл іс-әрекетті мейірбикелік қызметтің
басшылары түрлі мейірбикелік мамандықтар бойынша мейірбикелік
көмектің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, бақылау және
бағалау әдістері, эксперттік шешімдер болғанда ғана тиімді іске асыра
алады .
Бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы тиімділік,
баламалылық, өнімділік, моральдық-этикалық қағидалар
жағынан қарастырылады. Медициналық көмек көрсетудiң
қолжетiмдiлiгiн, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын
қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған,
әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық
сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты
өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi
басымдықтардың бiрi болып табылады.
Сондықтан ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде мына
мақсатты негізге алуды жоспарладық: стационардағы
мейірбикелердің қызмет сапасын бағалау жүйесін зерттеу
және оны жетілдіру бойынша кеңестер дайындалады.
Жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде келесі тапсырмалар
қойылды:
1. Медициналық көмек сапасын бағалаудың жалпы
жүйесінде мейірбикелер қызметінің сапасын бағалаудың
алатын
орнын анықтау.
2. Ресми статистикалық есеп беру үлгісіне сәйкес
стационардағы мейірбикелердің еңбек сапасын бағалау
жүйесіне талдау
жүргізу.
.
еңбек сапасына социологиялық бағалау
жүргізу.
4. Стационардағы мейірбикелердің
еңбек сапасын бағалау жүйесін
жетілдіру бойынша ғылыми-
негізделген кеңестер
дайындау.
Қойылған мақсат пен тапсырмаларды
шешу үшін келесі әдістерді қолдануды
негізге алдық: эксперттік бағалау,
анкета
жүргізу, медициналық статистикалық
мәліметтердің анализі, математикалық
және мтатистикалық анализі.
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау
жүйесін мынадай деңгейлермен қарастыруға
болады:
Бірінші – кезекшілікті қабылдау мен тапсыру сапасын
ағымдағы бағалау;
Екінші – жетекші маманның манипуляциялық техниканың,
күтімнің сапасын кезең сайын бағалауы;
Үшінші - критерийлер бойынша мейірбикелік көмектің
сапасын (жылына екі рет) тереңдетіп бағалау;
Төртінші – проблемаларды анықтау және түзету, кәсіби
шеберлік мектебінде талқылау, семинарларда оқыту
Стандарттарды қолдану мейірбике жұмысын
жеңілдетеді, бұйымдар мен уақыттың босқа
шығындалуын азайтады, сабақтастықты қамтамасыз
етеді, пациенттерге қызмет ету сапасының және емдеу
нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартады.Іс-әрекет
стандарттарын әрқашан қолында ұстау арқылы
мейірбикеге пациенттерді зерттеулерге дайындау
немесе манипуляцияларды орындау алгоритмін табу
және есіне түсіру жеңілірек (қосымша басқа жерден
іздеудің немесе дәрігерді мазалап сұраудың қажеті жоқ).
Сапаны бағалауға процессуалдық тұрғыны бөлімшенің
аға мейірбикесі жүзеге асырады. Бас мейірбике аға
мейірбикелердің жұмыс сапасын бағалайды.
.
Емдеу, күтім жасау, асқынулардың алдын алу және
ерте оңалту мәселелерін қарастыруға кешенді
тұрғыдан келу ондағы орталық буын пациент болып
табылатын кері байланыс жүйесімен бірге
динамикалық жүйеде қарастыру қажеттігін талап
етеді Мейірбике ролі науқастың жай-күйін дер
кезінде бағалауда, сырқаттың өмір сүру сапасын
жақсартуда, асқыну қауіптерін мейлінше азайтуда
жатыр.Дұрыс іріктелген басшылық табысқа жетудің
негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ұйым өз
мақсатына жету үшін міндеттердің еңбекті
вертикалды бөлу жолымен үйлестірілуі тиіс.
Сондай-ақ ұйымның ықпалды жұмысы үшін
функционалдық міндеттерді және өкілеттерді,
сондай-ақ олардың өзара қатынасын нақты және
айқын анықтау маңызды. Ұйымның әрбір
қызметкерінің өзінен не талап етілетінін, қандай
өкілеттілікті иеленетінін, басқа қызметкерлермен
өзара қатынасының қандай болуы тиістігін білгені
жөн. Айтылғандарды қорыта келе мейірбикелік
қызметкердің – денсаулық сақтаудың маңызды
стратегиялық ресурсы екені мойындалуы тиіс.
Мейірбике жұмысының сапасын басқаруды
инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру заман талабы.
Бұл үшін мынадай мәселелер қарастырылып, өз
шешімін табуы қажет:
- мейірбике кәсібінің әлеуметтік мәртебесін және
әлеуметтік-экономикалық қорғалуын арттыру;
- мейірбике – емдеу-дигностикалық және
профилактикалық үдерістің тең құқылы қатысушысы;
- мейірбикелік үдерісті инновациялық
ұйымдастыру технологиясы ретінде
жалпы практикаға енгізу;
- мейірбике жұмысын стандарттау
және оның сапасын көтеру;
- мейірбике практикасы мейірбикелік
істің ғылыми модельдеріне негізделуі
тиіс.
- мейірбикелік қоғамдық ұйымдардың
ролін және мәнділігін арттыру.
.
Қорытынды.
Қазақстандағы бүгінгі күнгі медициналық қызмет көрсетудегі сапаны
басқарудың үлгісі сыртқы (мемлекеттік), ішкі (ауруханаішілік), тәуелсіз
бақылау (сараптама) болып бӛлінеді. Осы бағдарлама аясында
денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттардың біріңғай жіктемесі
және мәліметтер базасы; медициналық технологияларды
бағалау жүйесі дайындалып, енгізілді; диагностикалау, емдеу және
клиникалық нұсқаулар стандарттары дайындалып, іс жүзіне енгізілді
және оның тиімділігінің мониторинг жүйесі құрылды.
Денсаулық сақтау саласында сапаны басқаруды жетілдіру туралы
әдебиеттерге шолу жасауда, медициналық көмек сапасын қамтамасыз
етудің түрлі механизмдері мен құралдарының бар екендігін кӛрсетіп
отыр. Сыртқы және ішкі бақылауды, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы
қатар жүргізу денсаулық сақтауда сапаны басқарудың тиімді үлгілерінің
көпшілігіне ортақ сипаттама болып отыр
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Блохина М.В. "Методика деловой оценки различных категорий сестринского
персонала”//Методические рекомендации для главных медицинских сестер
учреждений здравоохранения// – С.: ГОУ ВПО СамГМУ Росздрава, 2007.
2. "Сестринское дело”. //Административно-управленческие дисциплины: Учебное
пособие (Под ред. Г.П. Котельникова. 2-е издание перераб.// – Ростов н/Д: Феникс
2006 – (Высшее образование).
3.Даулетбаев,Д.А. Мейірбике манипуляциясы алгоритмі: оқу құралы,- Алматы, 2011.
4. Қаныбеков,А. Медбикеге арналған нұсқаулар: оқулық Алматы, 2014
5. Интернет желісі.

Ұқсас жұмыстар
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау жүйесі
Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді салыстыру
Паллиативті көмектің көрсеткіштері
Денсаулық сақтауды мемлекет тарапанынан реттеу
Мейірбике мен пациент
Науқастың дағдыларын дамыту
Орта және кіші медицина қызметкерлердің қызметіне әкімшілік бақылауды ұйымдастыру
Науқас проблемалары
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Қажеттілік теориялары
Пәндер