Цистит,пиелонефрит,гломерулонефрит,бүйрек ауруларындағы мамандандырылған мейірбикелік көмек




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ МЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІ
КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
1-КРЕДИТ
№5 Тақырыбы: Цистит,пиелонефрит,гломерулонефрит,бүйрек
ауруларындағы мамандандырылған мейірбикелік көмек

Орындаған: Абдулла Т
Тобы:402б МІҚ
Қабылдаған: Султанова Ж.С.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Цистит ауруындағы мамандандырылған мейіргерлік
көмек
2. Пиелонефрит ауруындағы мамандандырылған
мейіргерлік көмек
3. Гломерулонефрит,бүйрек ауруларындағы
мамандандырылған мейірбикелік көмек
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүйрек түйілу (коликасы) бүйрек кеселдерінде
пайда болатын шұғыл жағдайлар қатарына
жатады. Бүйректің түйіліп ауыруы бүйрекке тас
байланудың (уролитиаздың) жиі белгісі
(симптомы) болып табылады. Ол зәр ағарға
шығатын тастың оны бітеп тастаған
оқиғаларында туындайды. Зәр ағуының шұғыл
бұзылысы бүйрек тостағаншаларындағы
қысымның артуына, бүйрек қабының созылуына
және ауыру ұстамасының пайда болуына
әкеледі.
Цистит — қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа
кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына
қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін
мынадай факторлар себепші болады: дененің
қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған
тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір
болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің
аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен
сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не
күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай
күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде
дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.
Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты
толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы
түрге өтіп кетеді. Циститтің алдын алу үшін жыныс
ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың
тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде
емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға
шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден),
қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ
болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті
түрде емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі
тиіс, сонымен қатар ежелгі халық емшілігінде
қолданылған мынадай кеңестерді де ескеру керек.
1. Науқастың дене қызуы көтерілгенде оны төсекке жатқызуға, аяғын
бұлауға (32-35°С) түсіру керек, қарынның төменгі жағына ыстық кебек не
болмаса қайнатылған дәннің қауызы мен езілген картоп басу қажет. Емдәм
— сүт және өсімдік тағамдары.

Сұйықтықты жылы күйінде көбірек ішкен жөн. Тәтті тағамдар мен спиртті
ішімдіктерді қолданбау керек. Күн сайын жарты қасық ас содасын суға
қосып ішкен пайдалы.

2. Іш қату жағдайында касторка сияқты күшті іш жүргізуші дәрі беруге
болмайды, мұндайда қарапайым әдістерді: қара өрік, шикі сүт, сәбіз
шырынын, қышқылт қырыққабат жегізу арқылы ішті жүргізу қажет.

3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған.
Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де отқа мұқият қыздырады,
екеуін де бос шелекке салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен
қымтап, үстіне дене тигізбей кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін
жылы киініп, көрпе жамылып жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен
жазылып кетеді. Мұндай халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.
Дәрілік өсімдіктер
1. Итмұрын (шиповник) тамырының қайнатпасы. Ұнтақталған итмұрын
тамырының екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатып,
кейін екі сағат тұндырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 4 рет жарты стаканнан тамақ
алдында ішеді.

2. Итбүлдірген (брусника) жапырақтарының қайнатпасы. Екі шай қасық
жапырақты бір стакан суға салып, 15 минут қайнатып, салқындатады, сүзгіден
өткізеді. Циститке, нефритке шалдыққан адам күні бойы аз-аздан жұтымдап ішіп
жүреді.

3. Мыңжапырақ шөбінің тұнбасы. Екі шай қасық шөпті бір стакан қайнаған суға
салып 1 сағат тұндырып қояды да кейін сүзгіден өткізеді. Күніне 1/4 стаканнан 4
рет тамақтан бұрын ішеді.

4. Қарбыз. Қарбыз — күшті зәр айдағыш. Қарбыздың суы қуықтағы тасты ерітеді.

5. Шөптер қоспасы. Дала қырықбуыны 15 г, қазтабан 15 г. жолжелкен жапырағы
20 г - бәрін қосып, талқандап, бір ас қасығын 2 стакан қайнаған суға шай сияқты
бұқтырып, бір сағат тұндырады. Кешке жатарда жылы күйінде біржола бір-ақ
ішеді. Бір емдеу мерзімі — 15 күн.
Пиелонефрит – бүйректің жұқпалық-қабынулық кеселі болып табылады.
Оған көбіне 7 жасқа толмаған балалар, 18-30 жастағы әйелдер (алғашқы
жыныстық қатынаста болған, жүкті және бала босанған әйелдер), простата
аденомасы бар кәрі адамдар шалдығады. Пиелонефрит кейде бүйрек
қыспасының және бүйрекке тас байланудың жағымсыз салдары болып
келеді. Қант диабетіндегі әлсіз иммундық жүйеде кеселдің туындау қауіпі
бар.
Пиелонефрит жедел және созылмалы түрде өтеді.
Жедел пиелонефритте дене қызуы 40оС-ге дейін көтеріледі. Бас ауырады,
адам әлсірейді, көп терлейді. Кейде құсуы да мүмкін. Бел аумағындағы
ұйып ауыру білініп, ол күшейе түседі.
Созылмалы пиелонефрите бел аумағындағы ауыру сақталады, жайсыз
ауа райында ауыру күшейеді. Шарт бойынша пиелонефрит қандай да бір
кеселге шалдыққан науқастарда, мысалы просата аденомасы немесе зәр
тас кеселі бар адамдарда дамиды. Сондықтан тек басты себепті жойып,
яғни денедегі кеселді емдеп, пиелонефрит кеселінің жолын кесуге
болады. Бұдан жақсы профилактика әлі ойлап табылған жоқ.
Екі қабат кезде әйелге ай сайын зәрді бактериологиялық зерттеу
тағайындалады. Суы көп жүктілікте профилактикалық шаралар күшеюі
тиіс.
Себептері. Бұл сырқатпен кез келген адам ауыруы мүмкін. Бірақ
ол көбіне 7 жасқа дейінгі балаларда, 18-30 жастағы қыздар мен
әйелдерде, қартаң тартқан ер адамдарда кездеседі. Ауру
туындауына балалардың анатомиялық ерекшеліктері, қыз
балалардың жыныстық өмірді бастауы, әйелдердің жүктілігі мен
босануы, ер адамдарда қуықасты безінің қабынуы ықпал етеді.
Сонымен қатар пиелонефритке несеп жолына тас байлану,
жалпы иммунитеттің төмендеуі, қантты диабет, созылмалы
қабыну сырқаттары да, бүйректе тұз немесе тастардың болуы да
себеп. Сондықтан олардың алдын алу өте маңызды.
Емі. Біріншілік пиелонефрит кезінде көбіне консервативтік ем
жүргізіледі. Науқас ауруханаға жатқызылады. Негізгі ем
антибиотикпен, химиялық бактерияға қарсы дәрілермен
жүргізіледі. Созылмалы бүйрек қабынуы кезінде ем осыған
ұқсас, бірақ ұзағырақ. Ауру басылғанда бактерияға қарсы емді
ара-тұра жасап тұру керек. Бүйрегі ауыратын адамдарға
шипажайларда емделген жақсы. Сонымен қатар бүйрек ауруына
шөптер тұнбасын ішкен тиімді.
Гломерулонефрит – бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге
жауапты бөлігі зақымданатын ауру.

Себептері:

Бүйректер организмнен қалдықтардың шығарылуына, электролиттік
балансты, артериалдық қысымды реттеуге және эритроциттердің түзілуін
ынталандыруға жауапты.
Гломерулонефрит организмнің иммундық жүйесіндегі
бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе, оның пайда
болу себебі анықтала бермейді.
Шумақтарының зақымдануы бүйректен несеппен бірге қан
мен ақуызды жоғалтуға апарады.
Бұл жағдай тез дамуы мүмкін, бүйректің қызметі бұл кезде
бірнеше апта немесе ай бойы жоғалтылады (тез ушығатын
гломерулонефрит).
Ұзақ уақыт бойы өтетін гломерулонефриті бар адамдардың
төрттен бір бөлігінде қандай да бір бүйрек ауруы болмаған.
Келесі жағдайлар гломерулонефриттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін:
1. Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар
2. Көміртекті еріткіштердің әсері
3. Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы
4. стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.

Көптеген жағдайлар гломерулонефритті немесе оның пайда болу қаупін туындатуға
қабілетті, оның ішінде:
1. Амилоидоз
2. антигломерулярлық мембраноздық антиденелердің жиналуына байланысты ауру
(организмнің ауру қоздырғыштарына және генетикалық бөгде заттектер мен
жасушаларға қарсы телімді қорғаныс факторы)
3.қантамырларының аурулары, мысалы, васкулит немесе полиартериит
4.Фокалды сегментарлық гломерулосклероз
5.Гудпасчер синдромы (өкпенің альвеоларының және бүйректің гломерулярлық
аппаратының базальдық мембраналарының зақымдануымен өтетін ауру)
6.Ауырсынуды басатын құралдарды жиі қабылдау, әсіресе, НПВП (стероидты емес
қабынуға қарсы препараттарды )
7.Шенлейн – ГенохПурпура бөрітпесі
8.IgA – нефропатия
9.Люпус – нефрит
10.Мембраналық пролиферативтік гломерулонефрит
Симптомдары
Гломерулонефриттің жиі симптомдары:

1.Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы)
2.Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан)
3.Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі

Сондай-ақ, тағы басқа симптомдары кездеседі:

1.Іштің ауырсынуы
2.Құсықтағы және нәжістегі қан
3.Жөтел және ентігу
4.Диарея
5.Несеп жүрудің жиілеуі
6.Қызба
7.Жалпы өзін нашар сезіну, әлсіздік, тәбетті жоғалту
8.Бүкіл дене немесе бұлшық еттің ауырсынуы
9.Мұрыннан қан кетуі
Емдеу
Емдеу аурудың себептеріне, түріне және симптомдарының ауырлығына
байланысты. Жоғары артериалдық қысым бақылауға келмеуі мүмкін.
Оны бақылау әдетте, емдеудің маңызды құрамбөлігі.
Тағайындалатын препараттарға жататындар:
1.жоғары артериалдық қысымды бақылауға арналған дәрілер, көбінесе,
бұл ферментті ангиотензин-айналдырушы тежеуіштер және ангиотензин
рецепторларын тежеуіштер
2.кортикостероидтар
3.иммундық жүйені тежейтін дәрілер

Организмдегі иммундық бұзылыстардың салдарынан дамыған
гломерулонефрит кезінде плазмоферез аталатын ем-шара
қолданылады. Бұл шара кезінде құрамында антидене бар қанның сұйық
бөлігі жойылады және көктамыр арқылы сұйықтықтың немесе
донорлық плазманың (антиденелер болмайтын) құйылуымен
алмастырылады. Антиденелерді жою бүйрек тінінің қабынуының
азаюына ықпал етеді.
Тұзды, сұйықтықты, ақуыз бен басқа заттектерді тұтынуды шектеу қажет.
Алдын алу
Гломерулонефриттің көпшілік жағдайларының алдын алатын
тәсілдер жоқ. Кейбір жағдайда органикалық еріткіштердің,
сынаптың және стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың
(НПВП) әсерін шектеу немесе алшақ болу арқылы алдын алуға
болады.
Бүйрек аурулары
1827 жылы Брайт бүйрек ауруларын
-дененің жалпы ісінуімен,
альбуминурия, гематурия, жүрек
гипертрофиясымен сипатталатын -,
ауру деп алғаш рет сипаттаған,
сондықтан бүйрек ауруларын Брайт
сырқаты деп атап кеткен.
Диагностика
Көптеген науқастарда бүйректің созылмалы ауруының барлық
сатысында жоғары артериалдық қысым байқалады.
Медициналық қарау кезінде дәрігер жүректің және өкпенің
ауытқулы шуылын анықтауы мүмкін. Неврологиялық қарауда
нервтердің зақымдалуы анықталуы мүмкін.
Несептің талдауында протеинурия (несептегі ақуыз) және
басқа өзгерістер байқалуы мүмкін. Осы өзгерістер пайда
болғаннан аурудың симптомдарына дейін 6 айдан 10 жылға
дейін және одан асатын уақыт өтуі мүмкін.

Бүйректің қызметтік қабілетін бағалау үшін келесі зерттеулер
тағайындалады:

1.Креатинин клиренсі
2.Креатинин деңгейі
3.Қандағы несепнәр азотын анықтау (АМК)
Қорытынды
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті
пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу
бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің
жасушалары зиянды заттарды шығара
алмайтын болады. Жасушалар қабынып,
зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз
бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен
уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі
тоқталады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Н.Ю.Корягин,Н.В.Широкова, Ю.А.Наговицына,Е.Р.Шилина,В.Р.Цымбалюк
«Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру»-М: «ГЭОТАР-
Медиа»2015-11-101б
2. Қаныбеков,А. Медбикеге арналған нұсқаулар:оқулық Алматы:Эверо,2014-
80экз.
3. Л.М.Адилова «Мейіргердің манипуляциялық әрекетінің алгоритмі»
Учебное пособие-м.: «Литтера»2016
4. Островская И.В. Основы сестринского дела:Учебник для мед.училищ и
колледжей.-М.,2008г
5. Интернет желісі яндекс

Ұқсас жұмыстар
Созылмалы бүйрек қабынуы
Мейірбикелік тексеру
Ісіну синдромы
Зәрдегі эритроциттер
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Бүйрек құрылысы
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Бүйректің патофизиологиясы
Несеп тас ауруы
Жүктілік патологиясы
Пәндер