Онкологиялық ауруы бар науқастардың үй жағдайындағы мейіргерлік күтімі. Лейкоздар. Негізгі себептері. Клиникалық көрінісі. Зертханалық диагностика. Қазіргі терапияның мүмкіндіктері,оның негізгі қағидаттары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ МЕН МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

1-КРЕДИТ

№5 Тақырыбы: Онкологиялық ауруы бар науқастардың үй жағдайындағы мейіргерлік күтімі. Лейкоздар. Негізгі себептері. Клиникалық көрінісі. Зертханалық диагностика. Қазіргі терапияның мүмкіндіктері, оның негізгі қағидаттары.

Орындаған: Абдулла Т

Тобы:402б МІҚ

Қабылдаған: Султанова Ж. С.

Slide 2

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Онкологиялық ауруы бар науқастардың үй жағдайындағы мейіргерлік күтімі.

Лейкоздар. Негізгі себептері.

Клиникалық көрінісі. Зертханалық диагностика

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.

Slide 4

Онкологиялық аурулары бар пациенттер - адамдардың ерекше санаты. Пациенттегі өмір сүрудің қажетті сапасын ұстап тұру үмітінің дәрежесі медициналық қызметкерлерге байланысты болады. Бұл үмітке егер ол өзін жеке тұлға ретінде бағаланатындығына сенетін, өзінің айналасындағылармен өзара қатынастары екі тарапқа да мәнді екендігін көретін жағдайда ғана қолдау жасаудың сәті түседі.

Slide 5

Онкологиялық кабинет медбикесінің міндеттері:

Ауруларды тіркеу құжаттарын жүргізу;

Амбулаторлық жағдайлардағы оперативті араласуларды жүргізуге қатысу және оларды есепке алу журналын жүргізу;

Басқа ЕАМ медициналық қызметкерлерін обырдың ерте кезеңдегі көзге көрінетін белгілерін анықтау үшін алдын алу тексерістерін жүргізуге үйрету;

Санитарлы-эпидемия тәртібін ұстану;

Тоқсан сайын учаскелік медбикелермен онкологиялық аурулар бойынша құжаттамаларды салыстырып, тексеру;

Аурухана жатқызылған науқастарды, цитологиялық және гистологиялық зерттеулерді, түрлі зерттеулерге жолдамаларды есепке алу журналдарын жүргізу. Онкологиялық диагноз анықталған жағдайда №030-бу формасы толтырылады «Диспансерлік бақылау картасы».

Slide 6 Slide 7

Онкологиялық аурулардан емделудің 3 жолы бар:

1) Хирургиялық әдіс (ота жасалып, ісік алынып тасталынады) ;

2) Сәуле емі (мұнда ісік шоғырланған жерге сәуле түсіріледі) ;

3) Химиятерапиялық әдіс (ем дәрі арқылы қонады) .

Бұлардың ішінде ең тиімдісі - хирургиялық әдіс.

Slide 8

Науқастардың күтімі мен қолайлы жағдайды ұйымдастыру

Ауыр науқастардың күтімін бастау үшін оның айналасында қолайлы жағдай жасау керек. Науқаспен оның туыстарымен келісіп, жеке жарық бөлмеге жатқызамыз. Онкологиялық аурудың соңғы сатысында науқастар өте ашушаң болады. Оның себептері-өлім алдындағы қорқыныш пен өзі ештеңе істей алмағандықтан болатын ауырсынулар. Науқас жатқан пәтерге көп адамдарды шақырмау, кіргізбегені дұрыс. Отбасы мүшелеріне науқастың жағдайы туралы, олардың сабырлық сақтауын түсіндіру қажет.

Науқас жатқан бөлмені таза ұстап, күнделікті жинау, бөлмені желдету қажет. Науқастың кереуетінің жанына қажетті заттарды қоятын үстел қоямыз:ішуге арналған су, кітаптар, гигиеналық сүлгі, сағат, телефон, біреуді шұғыл шақыру үшін, бос стақан мен қасық.

Slide 9

Кереуеттің жанына зәр жинау ыдысы болуы қажет, егер науқас бөлмеде оны қолдана алса. Жатып қалған науқастарға памперс қоладанады. Оны дене бітімі бойынша таңдайды. Егер памперс дұрыс таңдалса, шат және жамбас-сан буыны аймағы терісіне тығыз бекітілсе сыртқа ағу болмайды. Гигиеналық құралдарды қолдану шат арасы тазалығының маңыздылығын жоғалтпайды. Памперс ауыстырған кезде (тәулігіне 1-2 рет) шат арасын арнайы күтім құралдарымен жуып, құрғату керек, аяғын тізесіне бүгіп, арасын ашу арқылы ауа ваннасын ұйымдастыру қажет. Егер науқаста ауырсынулар болса, процедураның алдында 30-60 минут бұрын анальгетик енгізу керек. Төсек тартып жатқан науқасты күнделікті дене тазалығы қажет. Бұл манипуляцияны науқаспен келісіп, жүргізу керек. Егер науқас өз бетімен істей алса, өзі істесін. Дене гигиенасына:бет жуу, ауыз қуысын күту, көз, құлақ, мұрын қуысы, қол жуу, тырнақ алу, теріні күту, жатып қалғанда дақтарды алдын алу жатады.

Slide 10

Гиперемия-денеде ойылу пайда болған белгісі.

Ойылудың алдын алу:

-Әр 2 сағат сайын науқастың жатқан күйін ауыстыру қажет.

-Киім мен төсек-орын жағдайын бақылаймыз. Төсек орын құрғақ және таза болу керек. Жазда аптасына 2 рет ауыстыру, қыста аптасына 1 рет. Клеенканы кереуетке түгел жабу керек емесол теріге әсер етеді. Дене киімі мақта-матадан болуы тиіс. Ұзын көйлекті беліне дейін қысқарту керек. Ыстық кезде ауа ваннаны ұмытпау керек. Төсек-орында жиырылған жерлер болмау керек.

-Мәселелі жерлердің терісін күту қажет. Қызарған жерлердің терісіне «Солкосерил» гелімен уқалау жасаймыз. Ойылу өлшемдеріне қарамастан мұқият емді қажет етеді.

Slide 11 Slide 12

Су ішу мен тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар тамақты аз ішеді. Тамақтануды ұйымдастырған кезде тек қана науқастың қалауымен жасау керек. Ешқашан оны күштеп тамақтандыруға болмайды. Әдетте дайындалған тамаққа қызығушылығын арттыруға болады. Тамақ ішердің алдында жағымсыз иіс болдырмау үшін бөлмені желдету қажет. Дайындаған асты әдемі әзірлеп, науқастың қалауы бойынша аздап беру қажет. Егер науқас тамақтан бас тартса, ашуланбаңыз, ештеңе демеңіз. Ас ішкенде, астан кейін су бермеңіз. Ауыр науқастар тамақтанғанда су ішкенді талап етеді. Тамақ ішпесе, оған калориялы шырын, көкөніс, жидек, әртүрлі сусындар ұсынуға болады. Науқас құсқан кезде, қасықпен аз-аздап жиі тамақтандырады. Науқас естен танғанда, тамақтандыру дұрыс емес, тек дымқыл сүлгімен еріндерін сүрту қажет.

Slide 13

Соңғы күндерінде өлім аузындағы науқастың жанында күні-түні болу керек. Науқас қайтыс болған сәтте өлімді тіркеу құжаттарды рәсімдеу үшін ІІБ телефон соғып, қызметкерін шақырту керек. Сағат 8. 00-17. 00 дейін өлім жайлы анықтаманы емханадан алуға болады, ал 17. 00-8. 00 дейін өлімді тіркеу үшін жедел жәрдем бригадасын шақырады.

Slide 14

Лейкоз лейкемия (грек. leukos - ақ) - қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Лейкоз иондаушы сәулелердің (радиацияның), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т. б. ), вирустардың әсерінен дамиды. Клиник. ағымы бойынша және қан элементтерінің цитохим. өзгерістеріне қарай Лейкоздарды жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел Лейкоздер кенеттен басталады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, қызыл иектің қанап қабынуы, ауыз шырышты қабықтарының қанталауы, мойындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің шошынып ісінуі байқалады. Қандағы лейкоциттер саны 1 мкл қанда 10 мыңнан 100 мыңға дейін (10, 0-100, 0 109/л) жетеді, олар негізінен жетілмеген клеткалардан тұрады.

Slide 15

Шырышты қабықтардағы, денедегі қанталау ошақтары қан ұюына қатынасатын тромбоциттер санының азайып кетуіне байланысты болады. Қан тамырларының қабырғасына Лейкоз клеткаларының сіңіп қалуы - миға қан құйылуына әкеледі. Науқас адам қалтырап тоңады, қаны азаяды (қ. Анемия) . Адамды әр түрлі инфекциялардан қорғайтын қалыпты лейкоциттердің, лимфоциттердің тапшылығы - организмде екіншілік инфекциялардың, өкпе қабынуының (пневмония), денеде іріңді ошақтардың, сепсистің дамуына алып келеді. Лейкоз клеткаларының ми қабықтарына таралуы науқасқа өте қауіпті жағдай туғызады. Тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді, адам әлсірейді. Созылмалы Лейкозға көк бауырдың, бауырдағы лимфа түйіндерінің өте ұлғайып кетуі жатады. Мыс., көкбауырдың салм. 5 - 8 кг, бауыр - 3 кг-ға дейін жетеді. Аурудың дене қызуы көтеріледі, тәбеті болмайды, қатты жүдеп әлсіздік пайда болады. Науқас тез шаршап, қатты тер басып, ентігеді, басы айналып, сүйектері сырқырайды.

Slide 16

Қанда лейкоциттер саны ерекше көбейіп кетеді (1 мкл қанда 1 млн-ға дейін жетеді) . Лейкоздың бұл түрі бірнеше жылдар бойы (кейде 5 - 8 жыл) дамиды. Егер ауру қатерлі ісік түріне ауысса, науқас 3 - 6 айдың ішінде өліп те кетеді.

Slide 17

Басылымдағы әдебиеттердің мәліметтері бойынша лейкоздардың аурушылдығы Жер шарында біркелкі таралмаған, олардың барлық түрлерін қосқанда 100 000 тұрғынға жылына 3-10 жаңа жағдай аралығын құрайды. Қазақстан Респуликасында лейкоздар 100 000 тұрғынға жылына 3, 93 жаңа жағдай жиілікпен кездеседі. Ең жоғарғы аурушылдық 100 000 тұрғынға жылына 5, 83 пен 5, 59 жаңа жағдай Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында (Семей және «Капустин Яр» полигондары орналасқан аймақтарда) байқалады. Азия халықтарының өкілдеріне қарағанда Еуропа тұрғындары арасында лейкоздар жиірек кездеседі. Бұл дертпен әйелдермен салыстырғанда ерлер 1, 5 есе жиірек ауырады. Жедел лимфобласты лейкозбен негізінде балалар, жасөспірімдер, қарт кісілер ауырса, жедел және созылмалы миелобласты лейкозбен орта жастан асқан кісілер зардап шегеді.

Slide 18

«Лейкоздардың дамуына бензол және құрамында хош иісті көмірсулары бар миелотоксикалық химиялық заттар әсер етеді», - деген болжамға жетекші мән берілген. Хлор ерітіндісі, сыр (эмальданған бояу), метилэтилкетонмен жұмыс істеген жұмысшылардың балалары арасында лейкозбен аурудың жоғарғы қаупі анықталған. Сондай-ақ тағам құрамында жоғары концентрациядағы пестицидтер, гербицидтер қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді.

Қатерлі ісіктерді емдеуінде қолданылатын химиотерапиялық, әсіресе мелфалан, хлорамбуцин, нитрозомочевина, циклофосфамид, миелосан, азатиоприн екіншілік лейкоздың дамуына себеп бола алады.

Slide 19 Slide 20

Соңғы жылдары дені сау адамның жасушасындағы вирустық онкогенге ұқсас гендер өмірге қажет қызмет атқаратыны және олар тек вируспен кездескеннен кейін ғана онкогенге айналатыны анықталған. Бұл гендерді «протоонкоген» деп атайды. Осы күнде хромосомада осындай протоонкоген деп санауға болатын 60 жуық гендер табылған. Олар ретровируспен әсерлескеннен кейін мутацияға, хромосомдық ақауға ұшырап, онкогендерге айналып, лейкоздың дамуына алып келеді.

Сондай-ақ назарды генетикалық және тұқым қуалайтын ақауларға аударған жөн. Даун, Блюм, Фанкони, Клайнфелтер ауруы және басқа да туа болған хромосоманың ақауымен жүретін синдромы бар адамдарда лейкоз даму қаупі 20 есе жоғары екен. Себебі оларға анэуплодия немесе хромосоманың өздігінен кез келген уақытта үзілуі тән.

Лейкоздың пайда болуына тұқым қуалауға бейімділіктің атқаратын маңызы зор. Бір жанұя адамдары, әсіресе бір тұқымды егіздер арасында лейкоз жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылықты зерттеу барысында жедел лейкоздың дамуы доминантты түрде берілетіні анықталды.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы лейкоздар
Олигофрения ауруы және емі
Мейірбикелік күтім
Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті ұйымдастыру
Созылмалы энтерит пен колит кезіндегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Паллиативті терапия
Науқастың қажеттіліктері
Қант диабетімен ауыратын науқастардың негізгі проблемалары
Туа біткен жүрек ақаулары
Жатыр мойнының қатерлі ісігі кезіндегі мейіргерлік күтім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz