Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы




Презентация қосу
Жекелік қасиеттердің
психодиагностикасы.
Психолог зерттеуіндегі жеке тұлға оның алдында
жеке дара қарастырылады. Психологияның негізгі
жетістігі де осында – жеке тұлғаның дара
қасиеттерін анықтайды. Б.Ф. Ломовтың
айтқанындай, жеке тұлға – бұл психологиялық
аспектілері бар қоғамдық ғылымдар мәселесі, ал
жеке даралық бірінші кезекте психология мәселесі.
Жеке дара адамды зерттеуде
психодиагностиканың өзінің арнайы бағыттары
бар. Бұл зерттеу бағытында бағаланған жеке
адамды сипаттауда көрінетін дамыған түсінікті
құралдарға және көптеген әдістемелерге ие.
Жеке адам диагностикасы жобасының жасалуын және
дамуын түрлі теориялық позициялар тұрғысынан алынған
мәліметтер интерпретация сыналуларынан ажырату керек.
жобалық техникаларда интерпретациядан тәуелсіз
стимулды материал зерттеу мәселесі бар, мысалы,
калориметрмен және сыналушылар жауаптарының
әртүрлілігін зерттеу жолы арқылы да анықтауға болады.
Бұл мүмкіндіктердің әрқайсысы дәлдік деңгейіндегі өз
негіздері бар: физикалық құралды – оның құрылымы мен
шкаласы, ал екінші жағдайда ол тыңдау, тестілеу, ситуация
т.б. параметрлерге бағынышты болады. Бұл стимулды
материал құрылымын зерттеу жолдарының ешқайсысы да
теоретикалық конструкттің жобалық сәйкес сыртқы
концепцияларға тәуелді емес.
Бұл терминді ғылымға енгізген американдық социолог Р.
Мернон енгізген. Ортаңғы деңгейдегі теориялар кіші жұмыс
гипотералары және ұзақ теоретикалық деңгейлер
арасындағы тығыз байланысты.
Мәліметтер жинақтау диагностикалық
әдістер көмегімен (әңгіме, ауру тарихы,
басқа да мамандардың қорытындысы)
жасалады. Барлық белгілі диагностикалық
әдістер авторлары сынақталушыны
жақсылап танып алуға зейін аударады
және оның өйткені мен болашағы білу
қажеттігін айтады. Осымен зерттеудің
негізгі фоны жасалады.
Оқушының көңіл күйін және эмоционалдық ерік-жігерін
зерттеу.
Баланың мектепке психологиялық дайындығының
маңызды бір бөлігі эмоционалдық ерік- жігерінің
дамуымен байланысты болып келеді.
Бала 6-7 жаста өзінің сезімдерін басқара біледі, әрекеті
мен тілегін ортамен санаса отырып жүзеге асырады.
Өзінің мінез-құлқын ерік-жігерінің арқасында басқаруға
дағдыланады. Ерік- жігер баланың бойындағы екі
қарама-қарсы қызығушылықтың бір сәтте келген
кезінде анық байқалады. Мұндай сәттерде тез өкпелеп
қалу, бірбеткейлік жылау, мазасыздық ,бұзақылық
сияқты теріс пиғылдағы баланың эмоционалдық
күйзелісі пайда болады. Осындай эмоционалдық күйдегі
балаларды қиын балалар тобына жатқызамыз.
Ызақор бала. Педагог-психолог баланың ызақорлық
реакциясының деңгейінің ұзақтығына, ықтимал
себептеріне баса мән беруі керек.
Эмоционалдық қалпын ашық көрсететін балалар.
Бұл түрге жататын балалар тым әсерленгіш. Ренжісе
барлығына көрсетеді, қуанышын жасыра алмайды.
Ұялшақ, жанына тым жақын қабылдайтын,
өкпелегіш, жасқаншақ, мазасыз балалардың
табиғаты. Олар өздерінің ойларын қатты айтып
жеткізуге батылдары бармайды, өздерінің
проблемаларын ешкіммен бөліспейді, өзіне көңіл
аударудан қорқақтайды.
Әр түрлі диагностикалық тәсілдер психологке баланың ішкі жан-дүниесіндегі
прблемаларды анықтауына көмектеседі. Бала мектеп пен үйде екі түрлі мінез-құлық
көрсетуі мүмкін.
№ 1 тапсырма оқушының көңіл күйін жане эмоционалдық ерік-жігерін зерттеу.
Бұны сурет тест арқылы анықтауға болады. Тест сынып сағатында жүргізіледі. Мұғалім
тақтаға 6 түрлі адамның бет-әлпетін салады.
өте ұнайды. Ұнайды. Ұнамайды. Мүлдем ұнамайды.
Мұндай суретті тіпті суретке икемі жоқ бала да оңай салады.
Нұсқау. «Балалар, менің салған суретіме назар аударыңдар. Суреттер бірдей ме, әлде әр
түрлі ме?». Балалар жедел жауап қайтарады. Суреттердің айырмашылығы неде екенін
нақтылай түс. Балалардың «Біреулері көңілді», «Біреулері ренжулі», т.б. жауаптар айтуы
ықтимал. Бала ойын тағы бір нақтылама сұрағын қойып жинақтай түсіңіз: «адамның
жүзінде күлкі байқалса, ол қандай нышанды білдіреді? Ал жүзінде реніш байқалса ,
қандай көңіл күйді білдіреді?» деген жетелеме сұрақтар қоюға болады. Жауап беруге
тығырыққа тірелетін болса, сұрақтарды одан да жеңілдетуге болады. Сөйтіп әрбір бет-
әлпеттің көңіл күйіне жекелеп тоқталасыз. Мұғалім көңіл күйді анықтауға байланысты
басқа да тапсырмалар беруіне болады. Балалардың жауаптарын жинақтай отырып,
олардың бастарынан кешірген сезімдерін, көңіл күйлерін анықтауға болады. Осы
жауаптардың артында балалардың ішкі сезім толқынысы, қиналысы жатуы мүмкін. Тест
барысында бала мұғалімге үнемі бір реңді жабырқау суреттерді салып беретін болса,
мұғалімнің ойлануына тура келеді, себебін анықтау керек.
Өзіндік мінездеме сауалнамасының
мәтіні.
Өзіндік мінездеме сауалнамасының мәтіні.
1. Өзіңді, құрбы жолдастарыңды тереңділік білуге қажеттілік туындай
ма?
2. Өз-мінез құлқыңда нені түзету керек деп ойлайсың.неге?Ол үшін не
істеу керек?
3. Жасаған әрекеттеріңді,өзіңді қалай бағалайсың? Қандай жеке бас
(жағымды,жағымсыз) қасиеттеріңді ерекше атайсың?
4. Адамдардың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды?
5. Қоғамда қандай адамдарды құрметтеуге лайық деп есептейсің?
6 Құрметті де сыйлы адам атану үшін қандай қасиеттер керек деп
санайсың?
7. Жақсы оқып,белгілі бір мамандық иесі атанып,адал қызмет ету үшін
қандай қасиеттерді бойыңа жинақтау қажет деп ойлайсың?
8. Қазіргі қоғамда ар-ұят,қадір,бедел деген ұғымдарды қалай
түсінесің?
9. Қазір азаматтардың бойында парыз неден көрінеді деп ойлайсың?
Педагогтардың көп жылдық тәжірибеден түсінүі: бағалаудың бұлжымас
төрт ұстанымы бар.
Біріншіден, бағалау жәпе баға — оқу үрдісінің ажырамас біртұтас
құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады: бағалау — ынталандыру
әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы құралы; бағалау емтихан не
сынақ алу — білім сапасын жетілдірудің, оқушының басқа да қасиеттерін
дамытудың, ұштаудың кепілі; бағалау мұүғалім мен оқушының жан-жақты
ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастырады, жағымды ықпал етеді
Екіншіден, бағалау жәнс баға оқушыларды өмірге үйретеді. дайындайды,
бейімдейді. Бұл ұстаным да өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады:
үлгірімді жоғарылату ісіне ықпал етеді; тәрбиенің маңызды құралы:
оқушылардың белсенділігі мен ынтасын арттырудың құралы.
Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашан әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана
оның ғыльми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
Юнгтің аналитикалық психологиясы және Адлердің индивидуалды психологиясы
Девинатты мінез-құлықты балалармен педагогикалық жұмыс
Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі
Класс жетекші
Классикалық неміс
Адаптивті оқытудың заманауи зерттеулері
Әлеуметтік - психологиялық тренинг әдістері
Көптік жалғаулары
Маслоудың қажеттілік пирамидасы
Пәндер