Қазақ жеріндегі әскери шектердің салынуы



Тақырып: Қазақ жеріндегі әскери шектердің салынуы

Күтілетін нәтиже:
Білімдік
Жаңа
Білім
Ресей Қазақстанды отарлау саясатына байланысты ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде салына бастаған бекіністерді есіне түсіреді.
Әскери шептердің салынуын сипаттайды.
Жаңа
түсінік
Шекара шептерінің салынуының мақсатын анықтап, түсіндірмесін береді.
Құзырлылық
Қолданым
Әрекеті
Бекіністер мен шекара шептерінің байланыстарын анықтайды.
Картадан бекіністер мен шекара шептерін белгілеп, жасап шығарады.
Талдау
әрекеті
Жаңаелек, Жаңашеп шекара шебінің орналасуын бейнелеп айтады, өзара байланысын көрсетеді.
Шығарма-
шылық
әрекет
Патша үкіметінің жүргізген саясатына қайта қарайды, түйіндейді
Құндылық
Бағамдау
әрекеті
Шекара шептерінің салынуының мақсатына сыни талдау жасайды.

жоспары:
Патша үкіметі әскери бекіністер шебін салуы.
Бекіністер салу тездетілді.
Жаңаелек шекара шебінің құрылуы
Жаңашеп аймағының құрылуы
Жаңаесіл шекара шебі.

Патша үкіметі әскери бекіністер шебін салуды
ерте бастады
Алғашқы Сібір губернаторы М. П. Гагарин І Петрге Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер шебін салу жоспарын ұсынады. Қазақ жерінде болған саяхатшылар дипломат, сауданың «алтын аралас құм» мол деген әңгімелері І Петрдің есінде.
Ресей орыс-швед соғысынан кейін мемлекет қазынасы сарқылған кезі еді.
Тұңғыш экспедицияға полковник И. Д. Бухгольц бастап Томск, Түмен, Тара қалаларының тұрғындарынан 2800 адаммен шықты.
Бекіністі азақтарды жоңғар шапқыншылығынан, ал жоңғарларға қазақтардан қорғау үшін салып жатырмыз деп түсіндірумен болды.
Шын мәнінде Ертіс бойында билігін күшейтуге, қолайлы плацдарм салу болды. Барынша мол жерлерін басып алу мақсатын көздеді.

Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі.
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттерін күшейте түсті.
Ең алдымен қазақтардың жерін тартып алудан айқын көрінді.
Жерді барынша ауқымды көлемде тартып алу Елек өзені аймағында, Ор және Троицк әскери бекіністерінің аралығында орын алды.
Бұл аймақ ежелден тама және табын рулары көшіп-қонып жүретін дәстүрлі мал жайылымы болатын.
Олар мұнда тұз өндірумен де айналысатын
Патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының жерін тартып алды

Патша үкіметі қазақ жеріндегі шептер мен бекіністерді салуды Әбілқайырға дейін бастаған
Бекіністер
Жәміш - 1716ж.
Железинка - 1717ж.
Омбы - 1716ж.
Семей - 1718ж.
Өскемен - 1720ж.
Бұқтырма - 1761ж.
Колбасинская - 1717ж.
Черноярская - 1720ж.
Коряковская - 1720ж.
Шептер
Горькая шебі (Сібірден-Омбы ұз. 553)
Ертіс шебі (Омбы - Кішінарын ұз. 1684)
Коливан шебі (Өскемен - Алтай тауы ұз. 723)
Батыста Каспийден, шығыста Алтай жағалай, Ертіс бойлай бекіністер тізбегі пайда болды.

Жаңаелек шебінің құрылуы (1810-1822 жылдар)
1810 жылы патша үкіметі Жаңаелек шебін жасауға кірісті.
Шекара шебін қазақ даласының ішкі жағына қарай тереңдете жылжыту арқылы жүргізілді.
Сөйтіп, Жайық, Елек, Құралай, Бердянка өзендері аралығында қазақтардың 600 мың десятинаға жуық ең тамаша шұрайлы жері патша үкіметінің меншігіне берілді.
1822 жылы қазақтар ол жерлерден күштеп ығыстырылды.
Патша үкіметінің жергілікті өкімет органдарының қатаң бақылауындағы хан билігі Ресей империясы тарапынан қазақтардың жерін тартып алу әрекеттеріне қарсылық жасай алмады.
*десятина-1, 09 гектарға тең жер көлемі

Елек өзені бойында салынған бекініс-қорғандар:
Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская,
Бердянская бекініс- қорғандарының негізі қаланды.
Олардың төңірегіне айналдыра ор қазылды, кедергілі жал тұрғызылды.
Әскери адамдар мен казактар, жер аударылғандар, орыс шаруалары қоныстандырылды.
Бекіністердің дерлік аттары орысша атаулармен аталды.
*Бекіністік шеп-Ресей үкіметінің өз үстемдігін нығайту мақсатында қазақ жер-лерінде салған қамалды қорғаныстар жүйесі.

Жаңашеп аймағының құрылуы (1835 жыл)
Жаңаелек шекара шебіндегі бекіністердің құрылысы аяқталғаннан кейін
1835 жылғы 5-наурызда Министрлер Кабинетінің «Орынбор губерниясының қырғыз(қазақ) даласымен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы» Ережесі бекітілді.
Ереже бойынша:
Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін Орынбор шекаралық шебі қазақ даласының ішкі жағына қарай жылжытылды.
Қазақтар тағы да 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылды.
Мұның өзі көлемі жағынан бүкіл Орынбор губерниясының төрттен біріне тең еді.
Жаңа Ереже бойынша қазақтар жаңа шекара шебінің сыртқы жағына көшуге тиіс болды

Жаңаелек, Жаңашеп шекара шебі Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс бөлігін қамтыды

Қазақтар бұрынғы атақоныстарынан айырылмау үшін түрлі айла -тәсілдер жасады:
К. Қасымұлы жасақтарының шабуылы мен озбырлығынан құтылу қиын болады деген шағым айтты .
Шағымға байланысты Орынбор өлкесінің басшылығы уақытша қалуға рұқсат бергенімен, қазақтар өз жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды.
Қазақтардың саны жыл сайын артты.
1855 жылы қазақтар саны 28 мыңға жетсе, ал 1891жылы қазақтар саны 50 мыңға жетті.

Жаңа шекара шебіндегі аймақтар ең құнарлы да шұрайлы жерлер болатын
Онда күні кешеге дейін қыпшақтар мен жағалбайлы руларының 12 мыңға жуық отбасы көшіп-қонып жүретін.
Бұл қоныстан ығыстырылған қазақтар кейінірек Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске белсене қатысты.
Патша үкіметінің озбырлықтары қазақтарды көтеріліске шығуға итермеледі

Алғашқы жылдары тұрғызылған бекіністер:
Императорское,
Наследницкое,
Константиновское,
Николаевское,
Михайловское т. б.
Жаңа шекара шебінде Орынбор казактары мен 9 және10 кантондағы башқұрттардан тосқауылшы күзетшілер қойылды.

Қазақтардың жерін тартып алудың ауыр зардаптары
Қазақ халқы кедейленіп, қайыршылана түсті.
Үй басы түтін салығын төледі.
Өз жерлерін жалға алып, қосымша алым-салық төлейтін болды.
Жалға жер алғандар өздерін қашан қуып жіберетінін білмей алаңдаумен болды.
Жаңа шекара шебі бірқатар станицалар мен поселкелер тұсынан қазақ даласының ішкі жағына қарай тағы да 5-8 шақырым жылжытылды.
Патша үкіметі бұдан кейін де қазақ жерін басып алуды тоқтатпады.

Патша үкіметі қазақтардың байырғы дәстүрлі қоныстарын үсті-үстіне тартып алды
Қазақстан аумағында әскери бекіністерді көптеп салдыхан билігін жойды
Мұның бәрі де отаршылдыққа қарсы қозғалыстың тууына алып келді.

ХҮІІІғ. 50 жылдардың басында патша үкіметі қытай-жоңғар, жоңғар-қазақ қатынастарының шиеленісуіне байланысты бекіністер салуды тездетті.
Алты бұрышты - 2 және тоғыз бұрышты - 4 бекіністер салдырды.
33 редут салдырды
Есіл мен Пресногорьковск шебін құрды.
Ең ірісі Петропавл - 1752 жылы қамалы салынды.
Патша үкіметі осылай қазақ жерін бекіністер арқылы отарлаудың шешуші кезеңін аяқтады. Нәтижесінде: қазақтардың көші-қон жері тарыла бастады.


Жаңаесіл шекара шебінің салынуы
Патша үкіметі қазақ-жоңғар шапқыншылығын пайдалана отырып, қазақ жерлерін ашықтан-ашық одан әрі жаулап алу әрекетіне көшті.
1752-1755ж. ж. Орта жүз жерінің солтүстігінде Жаңаесіл шекара шебі салына бастады.
Ертіс шекара шебі-Үй шекара шебінің жалғасы болды.
Звериноголовская Петропавл Пресновская
Нәтижесінде: қазақтардың көшіп - қонатын жері 250 шақырымға азайды.
250 шақырым
Жаңаесіл шебі Ескіесіл шебі
Қазақтар күштеп қуылды
Дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды
Қазақтардың қарулы қарсылығы басталды

ХІХ-ғасырдағы орыс зерттеушілерінің бірі И. С. Хохлов былай деп жазды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz