БЕСШАТЫР ҚОРЫМЫ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ: БЕСШАТЫР ҚОРЫМЫ

Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:
ЖОСПАР:

Бесшатыр қорымы.
Бесшатыр ескерткіші.
Бесшатыр обаларының
архитектурасы.
Бесшатыр қорымындағы менгир
тастар.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Мақсат: біздің заманымызға дейінгі
бірінші мыңжылдықтан хабар беретін
құпиясы әлі толық ашылмаған
Бесшатыр обаларына тарихи-мәдени
саяхат жасап, тарихқа тағы бір үңілу,
бас ию.
БЕСШАТЫР ҚОРЫМЫ

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі
ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км
жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында.
1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық
экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр
Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан
шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км
болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық
тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты
түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік
топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді.
Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17
м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м,
кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай
жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Бесшатыр ескерткіші
Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі
Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл
ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.

Археологтар молаларды қазған кезде тастармен қаланған ұзын қоршауларды тапты. Тақташа тәрізді
тастардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр және басқа да жануарлардың суреттері бейнеленген.
Қоршаудың кейбір тас тақташаларына адамның көзіне ұқсас түрлі таңбалар түсірілген. Бұл қорымның
тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ ерекше салтанат және діни салт-жоралғылар өткізетін жер
болғанын да көрсетеді.
Бесшатыр обаларының архетектурасы.
Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі
үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар.
Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың
әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы,
тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі,
архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-
жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды
мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның
алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын
тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке
дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар
құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса,
қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс
жағын ғана қоршап тұр.
Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар
Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың
маңайында да бар. Оның біреуі
Бесшатырдан батысқа қарай 10 км
жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар
бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр.
Тізбектердегі көптеген тас плиталардың
беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты
аңдардың суреттері салынған. Үлкен
Бесшатыр обасының маңындағы кейбір
қоршаудың плиталарына түрлі таңба
іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың
арасында күн рәмізіне жақын тұрған
немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас
дөңгелек бейнелер кездеседі.
Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес,
сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін
ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше
құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы
қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-
үлкен оба катакомбасының жалпы ұзындығы 55 м.
Жолдардың биіктігі 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру
ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында
жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке
бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де
сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр
түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен
толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді.
Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Бесшатыр
зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының
сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады.
Менгир тастар.
Менгир (бретонша men – тас, hіr – ұзын) – тігінен
орнатылған үлкен, өңделмеген тастар түріндегі
археологиялық ескерткіш. Неолит және қола дәуірінің
мегалиттік ескерткіштері қатарына жатады.

Менгир.
Алғашқы менгирлер б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда
болған. Классикалық түрлері Батыс Еуропа елдерінде
болғандықтан, еуропа ғалымдардың еңбектерінде
кеңінен зерттелді. Негізгі көп тараған
жерлері Пиреней түбегі мен Франция, Британия аралы.
Менгирлерге жатқызуға болатын жәдігерлер, әлемнің
түкпір-түкпірінде, оның ішінде еуразиялық далалық
белдеуде кездеседі. Батыс Еуропадағы ежелгі
түрлерінің биіктігі 4 – 5 м асады, салмағы ондаған,
жүздеген тоннаға барады.
Францияның Бретань өлкесіндегі менгирлер айрықша
көзге түседі. Қазірде өз бейнесін (тұрпатын) сақтап
қалған (яғни, тігінен тұрған) менгирлердің әлемдегі ең
үлкені осындағы биіктігі 12 м Керлоас менгирі болып
табылады. Сонымен қатар, қазір құлап жатқан, бірнеше
бөлініп, сынған Морбиган Менгирін ғалымдар биіктігі
20 м, салмағы 350 тонна болған деп топшылайды.
Кейде ескерткіштер төртбұрышты дөңгелек пішінде немесе параллель
қатарлар, яғни менгирлер аллеясы түрінде топтала орналасады.
Менек алқабындағы 1169 тас 11 қатарды құрайды,
Кермариода 10 қатарға тізілген 1029 тас ені 100 м, ұзындығы 1120 м тұтас
ансамбльді құрайды.
Карнак (бұрынғы Бретань өлкесінде) маңындағы менгирлер тобына
бірнеше қатарға тізілген 3 мыңға жуық тас кіреді, қатарлардың ұзындығы
4 км-ге барады.
Әр елдерде жүргізілген қазба жұмыстар менгир маңында күл қабаттары,
мал сүйектері, бұйымның кейбір түрлері болатынын көрсетті. Ғалымдар
менгирлер ғұрыптық ескерткіштерге жатады деп санайды, өлген ата-
бабалар рухын қастерлеумен байланыстырылады.
Қазақстан аумағында Ә.Марғұлан зерттеулері барысында қола дәуірінің
менгирлері Орталық Қазақстан жерінде көптеп табылды. Ол өлытау
мен Шыңғыстау аралығында шашырай орналасқан 100-ге жуық менгирлер
тобын ашты. Ақтоғайдағы Көрпетай тауының маңында
орналасқан Қызылшоқы менгирлер тобын ұзындығы 250 м тізбек түріндегі
20 тас құрайды. Тастардың ең үлкендерінің биіктігі 3 – 4 м, жалпақтығы
2,8 – 3 м. Оның көрнекті түрлері:
Қарқаралы,
Қызыларай,
Бұғылы,
Баянауыл, т.б.
өлкелерде жиі кездеседі
Меңгірлермен және ғұрыптық қоршаулармен қоршалған
үлкен Бесшатыр обалары.
Жоғарыдан түсірілген сүреттен үлкен обалар айнала
жатқан ғұрыптық қоршаулар мен меңгірлер көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.А.Ақышев. Қазақстан тарихи (көне заманнан
бүгінге дейін) 5-томдық. І том.-Алматы: Атамұра,
2010 ж-544 б.
2.”Қазақстан” Ұлттық энциклопедия. Бас. Ред.
Ә.Нысанбаев. Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”
1999ж. -720 б.
3.З.Қинаятұлы. Ұлы Дала мемлекеттері. –Алматы.
Аруна Ltd ЖШС, 2010 ж. 216 бет.
4. К. М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов. Қазақстан
Археологиясы. Алматы. Қазақ университеті.-2011 ж.
354 б.
НАЗАРЛАРЫңЫЗғА
РАХМЕТ.

Ұқсас жұмыстар
Сақ археологиясы
Жетісу өңірі
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі
Дарий бастаған парсылар
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
Кейіннен сарматтар
Археологияның кемеліне жеткен - Кемел Ақышев
Қола дәуір
Қола дәуірі
Сақтар
Пәндер