Қауыншы мәдениеті (Қазақстан-Орта Азия): археологиялық зерттеулері, ескерткіштері және тарихи хронологиясы


Slide 1

. Қауыншы мәденитеі

*

Slide 2

Қауыншы мәдениеті

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қауыншы мәденеті

Қауыншы мәдениетінің зерттелуі

Қауыншы мәденитеінің ескерткіштері

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, қаңлылардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді

Slide 4

Қауыншы мәдениеті

Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б. з. б. III ғасырмен б. з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақтөбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бұлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Slide 5

Қауыншы мәденетінің зерттелуі

19 ғ. соңы - 20 ғасырдың басында зираттары қазыла бастады (Н. А. Остроумова, М. Е. Массон) . Мәдениеттің толығынан ашылуына 1930 ж. Г. В. Григорьевтің қалалардан алған тың деректері негіз болды. Алғаш 1933 ж. зерттелген. Қауыншы қаласы Ташкенттен 17 км жердегі Күркілдек арығы бойында, осы күнгі Қауыншы қалсының ортасындағы төбе. Қалындығы 6, 5 м қабырғамен қоршалған каланың үйлері шикі кірпіштен қаланғаны, мәдени қабаттың 6 м болғаны анықталды. Басқа ескерткіштерін А. Г. Максимова, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сенигова, Л. М. Левина, М. С. Мерщиев, А. И. Тереножкин, М. Э. Воронец, т. б. зерттеді.

Slide 6

Шардара алқабында, Сырдың оң жағасында орналасқан Ақтөбе-2 қаласы үш жағынан топырақ жалмен, өзен жағынан пахса қабырғамен коршалған. Жалпы қаланың аумағы 325x115 м. Ортада биіктігі 20 м дөңгелек төбе бар. Қала үйлері төбе үстінде және оны айнала қоршай салынған. Төртбұрышты, аумағы 28x18, 5 м сарайға жүргізілген қазба жұмыстар оның айшық үлгісімен орналасқан 5 бөлмеден, кіре берістегі құрылыстардан және ғимараттың шығыс, батыс жағын айнала өтетін дәлізден тұратынын көрсетті. Ортада салынған шаршы пішіндес қонақ қабылдайтын жай (3, 6x3, 6 м) ішінен құдык пен камин пеш табылды. Төртбұрышты, шаршы пішіндес шикі кірпіштен қаланған сарайдың кезінде салтанатты ғимарат болғанын көптеп табылған сәнді қыш ыдыс, қару түрлері, әшекей бұйымдар дәлелдейді.

Slide 7

Қаланың оңтүстігін ала аумағы 75x90 м үлкен цитадель орналасқан. Шәушіқұмтөбе қаласына шаршы пішіндес жоба тән (250x250 м) . Төбенің биіктігі 4-5 м, құрылыстар цитадель және кала үйлері болып екіге бөлінеді. Қауыншының айнала сырты да, цитадельдің өзі де қабырғамен коршалған. Ерте сатының саны мен орта сатының бас кезінен бастап ғұн ықпалдары күшейеді. Ақтөбе-2 қаласы сарайының ашылған бөлмелерінің бірінен ғұн жауынгерінің мүрдесі табылды. Ғұн сарбазы ағаштан торкөз үлгісімен жасалған табытта жерленген.

Slide 8

Шәушіқұм қорымы сізбасы

Slide 9

Қаунышы мәдениетінің ескерткіштері

Қауыншы мәдениетінің керамикасын зерделеген Л. М. Левина оның дамуындағы үш кезеңді бөліп көрсетеді.

Slide 10

Шардараға жақын жердегі Ақтөбе қонысы қауыншы мәдениетінің жақсы зерттелген ескерткішінің бірі болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен (жалмен), ал Сырдария жағынан пахса қабырғамен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық сопақша төбе ерекше көзге түседі. Төбе аумағында және Ақтөбе-2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілген. Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28х18, 5 м болып шықты. Сарай шаршылап жатқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3, 6х3, 6 м) бар, ол басқа жайлардың барлығымен арка арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышқа салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған.

Ақтөбе қонысының зерттелуі

Slide 11

Залдың айналасына орналасқан жайлар доғалана иіліп, ал олардың біреуі күмбезделіп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған күмбездердің бірі болып табылады. Ғимарат конструкциясында шатыр маңызды рөл атқарады, оған баспалдақ және төбедегі тесік арқылы шығуға болатын еді.

Қазба барысында б. з. І-мыңжылдық бас кезіндегі ескерткіштерге ұқсас керамиканың бай жиынтығы: көзелер, саптыаяқтар, табалар, хумдар, шүмекті құмыралар жиналды. Керамикалық ыдыстардан басқа І-ІV ғасырларға жататын ұршықбастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды

Slide 12

Қазба кезінде табылған заттар

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Сарай кешенінің мерзімін белгілеу үшін күмбезді жайға жерленген адамның табылуының ерекше маңызы бар. Мүрде батыс қабырғаны бойлата қойылған, ағаштан жасалған торлы табытқа жерленген. Мүрде басы батысқа қаратылып, шалқасынан жатыр. Керек-жарақтары да ерекше: ағаштан жасалған екі ыдыс, көз салып, қара тас орнатылған, күміс пен алтын құймасынан жасалған сырға, қорамсық пен садаққа арнап жасалған қап (футляр), сүйекпен әрленген ағаш садақ, темір қанжар, екі темір айылбас жатты. Құрал-саймандарға қарағанда, адамды ІV-V ғасырларда жерленген деп айтуға әбден болады, демек қоныс өмірінің жоғарғы хронологиялық шегі б. з. ІV ғасырдың бас кезіне жатады.

Slide 16

Қауыншы мәдениетінің бірінші кезеңіне топырақ үйіндісінен тұратын обалар мен олардың астындағы дәлізді катакомбалар тән. Катакомбалар ішіне бір немесе ұжымдық қабірлер қойылды. Қару-жарақ болмайды.

Slide 17

Екінші кезеңіне тән нәрсе - қоыстар санының артуы. Катакомбалар мен олардың ұзын өсімен перпендикулярлы дәліздермен (дромостармен) қатар бүйірлі және топырақ шұңқырға жерленген қабірлер пайда бола бастайды. Жеке адам жерленген қабірлер саны едәуір арта түседі. Қабір құрал-саймандар арасында қару-жарақ пайда бола бастайды.

Ыдыс-аяқ жиынтығы бірінші кезеңдегі тұрпатты (пішінді) қайталайды. Бұл сол баяғы ұстағышты науа еді, алайда «өгіз басы» қойылған тұғырларды қой бастары бейнеленген тұғырлар алмастырады. Осы уақытта керамикада жетіасар мәдениетінің белгілері байқала түседі: мойын тұсына кедір-бұдыр салу, денесін жалтырату, ернеуіне шүмек орнату.

Slide 18

Үшінші кезеңге оның соғдылық мәдениетке жақын болуы тән. Мәселен, керамикаға штампты ою-өрнек салына бастады.

Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларындағы қауыншы мәдениетін зерделеуде Сырдарияның оң жағалауында, Шардара аймағында орналасқан қорымдардың мол материалдары көп септігін тигізеді. Шәушіқұмнан мейлінше көп (57 дана) обалар зерттелінген. Мұнда негізгі жерлеу түрлерінің бәрі ұшырасады: камерасы дәлізге (дромосқа) перпендикуляр орналасқан І-типтегі катакомба; ІІ-типтегі катакомба - дәліздің жалғасы болып табылатын камералар; бүйірі қазылған молалар; қарапайым топырақ молалар. Бір аумақта түрлі құрылысты молалар болуы осы дәуірдің өзіндік ерекшелігі болып табылады және ол барлық аудандардан ұшырасады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қауыншы мәдениеті: археологиялық зерттеу, ескерткіштер және кезеңдік сипаттама
Ерте темір дәуірінің хронологиясы және Қазақстандағы археологиялық ескерткіштері
Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-археологиялық және табиғи-туристік ескерткіштері
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті: археологиялық негіздер мен тарихи-мәдени ерекшеліктері
Сақтар: тарихы, қоғамы, мәдениеті және негізгі археологиялық ескерткіштері
Орта Азия мен Кавказдағы Қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері: Афанасьев, Андрон, Қарасұқ, Майкоп және Қобан
Қазақстандағы тарихи-археологиялық туризм: Түркістан мен Жетісу өңірлерінің ескерткіштері
Археология және Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі: кезеңдері, археологиялық ескерткіштері және көшпелі өркениеттің қалыптасуы
Археология және Арал өңірінің тарихи-археологиялық ескерткіштері мен табиғи-экономикалық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz