Оспан батыр (1899-1951): өмірбаяны, Моңғолия шекарасындағы рөлі және әдеби мұрасы


Slide 1

Тақырып: Алаштың ақиық батыры Оспан Батырұлы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе бөлім.

Негізгі бөлім.

1. 1 Оспан батырдың өмірбаяны

1. 2 Батырдың шежіресі

1. 3 Моңғолияның саяси жағдайында Оспан батырдың рөлі

1. 4 Батыр рухына арналған еңбектер

Қорытынды бөлім.

Slide 3

КІРІСПЕ

Ата тарихымызды тану, оны өскелең ұрпаққа өнеге етіп қалдыру атадан балаға жалғасқан дәстүр. Еліміздің етек-жеңін жиғалы бері көне тарихымыздың көзі ашылып, тарихымызды түгендеп, еліміз бен жеріміздің ой-шуақтарын тануға сол арқылы тұжырымдама жасауғак мүмкін деп туды. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді түзеп ұлы Мұхаңның «ел боламын десең бесігіңді түзе» деген дананың сөзін жадымызда ұстануымыз керек. «Өткеніміз бүгін, бүгінсіз-болашақ тұл» өсер ұрпақ тарихтан тағлым алмай болашаққа батыл қадам жасай алмайды.

Slide 4 Slide 5

Батырдың өмірбаяны

Оспан Батыр Сіләмұлы(1899-1951) -жазда ҚХР ШҰАР Алтай аймағы Көктоғай ауданы, Күрті ауылының арал жайлауында дүниеге келген. Орта жүздің Керей руынан. Керейдің моқы руының Машан атасынан тарайды. Атасы Төлес ел арасында беделді кісі болған. Әкесі Сіләм ауыл балаларын оқытқан, діни сауатты кісі болған. Шешесі Қайша Хамитқызы денелі, қарулы адам болған. Оспан ілгерінді, кейінді үш әйел алған адам. Бірінші әйелі Нұрқызар, руы шақабай. Алты ұл, үш қыз туған. Екінші әйелі Мемей, руы тасбике. Үш қыз туған. Үшіншісі Баян, бір ұл, бір қыз туған. Ол ұлт азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен әйгілі батыр. Оның еңбегі Шығыс түркістан аталатын Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған байтақ даланы жат табанынан қорғаумен айналысқан. Оспан батыр 1945 жылы қыста Сарсүмбе қаласына көшіп барып, сол жерде губернаторлық міндетін өтейді. 1951 жылы 23 сәуірде өзінің ата жауы, қас дұшпаны коммунистік Қытай үкіметі қолынан Үрімжіде атылады.

Slide 6

Оспан Батыр Шежіресі

Slide 7 Slide 8

Моңғолияның саяси жағдайында Оспан Батырдың рөлі

1947 жылы Қытай Моңғолдың шекарасында күрделі жағдайлар қалыптасты. Бұл жағдайға ұлт азатшылар қозғалысы өлкелік үкімет әскері КСРОның әскери бөлімдері АҚШ консулы Моңғолияның батыс шекарасының шекара қорғау бөлімдері қатысуын Моңғолияның батыс шекарасы 1946-1947 ж халықаралық деңгейдегі саясатшылардың назарын төтенше тартқандығымен ерекшеленеді. Оспанның мақсаты Моңғолия шекара әскерін олжалау, барлау жасау. Сарысүмбе маңында шоғырланған әскерлермен соғыс жаттығу жұмыстарын жүргізеді. 1934-1949 жылдары арасында Моңғолияның батыс шекарасында Оспан батырмен Қытай және Моңғол шекарашылары аралығында болған қарулы қақтығыстар соңы ұлт азатшылар үшін нәтижесіз аяқталды. Екі жақта Кеңес одағының тапсырмасымен Оспан батырды тұтқындауға әрекет жасап, 1951 жылы ауылын қоршап, оны қолға түсірді. Сот шешімімен өлім жазасына кесті. Шыңжаң өлкесіндегі өрбіген ұлт азатшыларының қозғалыстарына соңғы нүкте қойылды.

Slide 9

Батыр рухына арналған еңбектер

Оспан туралы әдеби шығармалар, естеліктер, мақалалар көп жазылды. Солардың алғашқысы: Сейтхан Әбілқасымұлының «Оспан батыр» романы, Моңғолиялық Шынай Рахметолланың «Оспан» кітабы, сонымен қатар Оспан бастаған ұлт азаттық көтерілісін тілге тиек еткен Шыңжаңда жарық көрген Пәтіхан Сүгірбаевтың «Алтай арпалыстары», Шәйсұлтан Қызырұлының «Қайқая шапқан қарагер» атты кітаптары, Жақсылық Самидұлының «Сергелдең» романы, Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған ел» секілді еңбектерін атауға болады. Ағылшын және монғол тілінде жазылған тарихи мақалалар бар. 1999жылы Оспан батырдың туғанына 100 жыл толды.

Slide 10

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс Айтматов: өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Сейітжан сал, Айтбай батыр, Манақ батыр, Итіке батыр және Салғара Жанкісіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы: өмірбаяны, әдеби және аудармашылық мұрасы
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Бауыржан Момышұлы: өмірбаяны, әскери ерлігі және әдеби-тарихи мұрасы
Сәкен Сейфуллин: өмірбаяны, әдеби мұрасы және саяси-қоғамдық қызметі
М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасының әдеби-тарихи және тәрбиелік талдауы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964): өмірбаяны және Қазақстан геологиясындағы ғылыми үлесі
Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығы: өмірі мен әдеби мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz