Рене Декарттың жан мен тән туралі ілімі. Дуализм



Тақырыбы: Рене Декарттың жан мен тән туралі ілімі. Дуализм
Қабылдаған:
Орындаған: Нарзуллаева Э.
Тобы: ППП-711

ЖОСПАР
.
Кіріспе.
1. Р. Декарттың Өмірбаяны
2. Шығармалары.
3. Р. Декарттың пікірлері мен дәлелдемелер.
4. Р. Декарттың білімі.
5. Р. Декарттың дуализм теориясы.
6. Қызық жағдайлар
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж. ) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.

Өмірбаяны
1596 жылы 31 наурызда Рене Декарт францияның Туреньдегі Эндр-Луарада (Лаэ, қазір "Декарт" деп аталады, ) дәрежесі төменірек ақсүйек отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Joachim сол Лаэдегі Бретань парламентінің мүшесі болып сайлаған екен. 1 жасында Декарттың шешесі өкпе туберкулезі ауыруынан қайтыс болады. Бала Декартқа шешесінің ауруы жұғып кеткендіктен, денесі әлжуаз, көп ауыратын бала болып өсіпті. Шешесі қайтыс болған соң әкесі басқа қыстаққа кетіп, сонда қайта үйленіпті. Декартты нағашы әжесі бағып өсірген екен. Ол әкесін сирек көріпті, бірақ әкесі оған экономикалық жағынан қамсыздандырып, жақсы тәрбие алуына заттық мүмкіндік жасап беріпті. Бұл оның тұрмыстық істерге назарын аудармай, өз арманына талпынуына мүмкіндік берген көрінеді.


1606, не 1607 жылы Декарт Ла-Флештегі иезуиттік қоғамның Королдік колледжіне түсіп білім алған. Онда ол математика, физика қатарлы пәндерді үйренген. Тіпті сонда әйгілі ғалым Галилео Галилейдің жұмыстарымен де танысқан көрінеді. 1616 жылы желтоқсанда аталған оқу орынын тамамдап, әкесінің қалауы бойынша адвокат болу үшін Пуатье университетіне заң мамандығын үйренеді. Университеттен кейін ол жұмыс таңдауда екіойлы болып, "Дүние деген ұлы кітаптың даналығын" оқу үшін еуропаны аралап көруге бел байлайды.
1618 жылы Рене Декарт әскери қызмет өтеу үшін Нидерландтың Нассаудағы Морис қосынына тіркеледі. Бірақ Нидерланд және Испания ортасында соғыс тоқтату келісімі жасалғандықтан, ол осы бос уақытында математикалық білімін жетілдірумен болады.

1621 жылы Декарт әскерден қайтады. 1622 жылы 26 жастағы Рене Декарт әкесінен қалған мұраны түгел сатып жіберіп, сол қаражатқа еуропаны 4 жыл бойы аралаумен болады және 2 жыл Италияда болып, соңында Парижге оралады. Декарт және Швеция ханшайымы Кристина (сол жағында) 1649 жылы Декарт Швеция ханшайымы Кристинаның ұсынысымен Стокгольмде ханшайымның жеке ұстазы болады. Бірақ осынау "аю, мұз және жартасы бар өңірде" өкпе қабыну ауыруына шалдыққан ұлы ойшыл, 1650 жылы 11 ақпанда 54 жасында дүниеден озады.

Шығармалары
Декарттың ең негізгі философиялық еңбектері: «Әдіс жөніндегі пікірлер»,
(Discours de la méthode) «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады, Méditations métaphysiques), «Философия ережелері»(les Principes de la philosophie)қатарлылар.

Декарт былай деген болатын: « "Мен университетке мол білім алып, көкейімдегі сұрақтарыма жауап табамын, түрлі мәселелерді шешім ететін қабілетті игеремін деп түскен болатынмын. Университет бітіргенде байқасам, өзімнің дұрыс ойлай алмайтын, жаттанды сөз сөйлейтін, неге сенерін білмеген, білімі таяз топасқа айналыппын. Енді мен нағыз білімді дүние-өмірдің ұлы кітабынан алуға тиіспін. " »
Декарт пікірлері мен дәлелдемелері:

Декарт былай дәлелдеді: Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т. б. ) ; Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т. б. ) ; Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; Күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; Ойлау - ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай) . Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
материалды (заттар), рухани (идеялар) .

Р. Декрат білімдері
Ол білімдер екі түрде: Ұғымдар; Пікірлер түрінде беріледі. Туа біткен ұғымдарға жататындар: «Құдай» (бар) ; «сан» (бар) ; «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т. б.

Туа біткен пікірлер: «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т. б. Декарт практикалық танымды жақтады. Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс: «адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету; ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану; адамды жетілдіруге және түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану. »

Жан - адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тіршілік қуаты туралы түсінік. Жанның заттық қасиеттері жоқ болғандықтан, оны ғылым жолмен тану мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан жан туралы дінде, мифологияда, философияда әртүрлі түсініктер қалыптасқан. Діни дүниетанымда адамдарға жан беруші және оны алушы - Құдай. Бұл барлық діндерге ортақ түсінік. Демек жан иесі - Құдай. Ислам философиясында жан- Алланың нұры немесе Алланың нұрынан жан пайда болады. Қалай болғанда да жан адамға қатысты емес, ол Алла әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі “жалған” өмір болса, тәннен бөлініп “ұшып” кеткен соң, ол “мәңгілік”. . Жанның бір денеден екінші денеге ауысуы будда дініндегі түсінік. Жан мифологияда, көркем өнерде түрлі образдарға негіз болған.

Р. Декарттың дуализм теориясы
Декарт пікірінше, екі - материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам - өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz