Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі және ғылыми дүниетаным негізі



Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрк университеті
Тақырып: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі және ғылыми дүниетаным негізі
Орындаған: Нарзуллаева Э.
Қабылдаған: Малдибекова
Тобы: ППП-711

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістері.
2. Тәрбие үдерісінің формалары
3. Тәрбие әдістерінің тұлғаны қалыптастыруда негізі
4. Тәрбие жүйесі
ІІІ. Қортынды
ІУ. Пайдаланңған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамалары дәлел. Т. Е. Конникованың анықтамасы; тәрбие әдісі- бұл педегогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. Бұл анықтамадағы тәсіл дегеніміз- әдістің бір бөлшегі, оның бояуын реңін келтіреді. Мысалы; сөз арқылы оқушыны толғандыру, оқушыға ескерту жасағанда онымен «Сіз» деп сөйлесу. Әдіс, тәсіл, мұғалімнің байланысын мына схемадан көруге болады.

Тәрбиенін құралдары, формалары мен әдістеріне жалпы түсінік
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель) .

Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы. Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс) . Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т. б. ) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет

Тәрбие үдерісінің формалары
Тәрбие үрдісіне әсерлі ықпал ететін факторлар өте көп те жан-жақты. Олардың бастылары мыналар: тұлғаның дамуына алдымен ықпал ететін отбасы- семья, мектеп, өмір сүріп отырған айналасы, қоғамдық ұйымдар, көпшілік бұқаралық ақпарат, өнер, әлеуметтік-экономикалық жадайлар, маныңдағы жеке адамдардың тәлімі, т. б. Әрине, тәрбие бір сәттік, немесе бір күндік, бір жылдық іс емес, тоқтаусыз жүріп отыратын, ұзаққа созылатын құбылыс болумен қатар оның тірелетін жері тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу. Сондай-ақ тәрбиенің нәтижесі де барлық адамға бірдей емес, уақыт жағынан қарағанда белгіленген бір мезгілде әсер етеді деп қарауға келмейді. Айталық, педагогтардың жүргізген сыныптағы тәрбие жұмыстары оқушыға бірден әсер етпей, оның мән -мазмұнын шәкірт мектеп бітіргеннен кейін ойына алып, сондағы іс-әрекетін, немесе жіберген ағаттығы үшін өкініш білдіруі мүмкін.
Тәрбие үрдісінің тиімділігі қандайлық дәрежеде болғандығын айқындау педагогикалық талдау арқылы жүзеге асырылады. Мұнда бақылау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Тәрбие үрдісінің тиімділігін айқындау қол жетуге тиісті нәтиженің қалай болғандығы және ол қандай іс-әрекет арқылы орындалғанын білуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы іс-әрекетті шартты түрде екі жүйеге бөліп қарауға тиістіміз.



Тәрбие әдістерінің тұлғаны қалыптастыруда негізі Тәрбие әдістер-ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т. б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы - тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталадьі), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы, т. б


Тәрбие әдістерін нәтижесіне қарай екі топқа бөлуге болады:
Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, идеялар тудыратын әдістер.
Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. Өсіп келе жатқан жеткіншектің жеке басын қалыптастырудың екі жағы бар екендігін кезінде Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Щацкий, А. П. Пинкевич т. б. айтқан болатын.
А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөле қарап, оның бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімге әсер теу әдісіні жатқызады. Ал екінші тобына өтпеліәдісті жатқызған болатын. Яғни, белгілі бір жағдайда қысқа мерзімде ғана нәтиже беретін әдістерді енгізген.
Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыруісі, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40- жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородинков, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Щукина, В. А. Сластенин т. б. 60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келді. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және С. В. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді. Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді. Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтығу, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық, нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап - нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі. Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т. б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі. Жаттықтыру әдісі-бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т. б. ) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады. Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу; шынын айту, немесе жалған сөйлеу т. б. Мұндай ситуациялар балалар көп ойланады, қайғырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz