Ақан Сері
Презентация қосу
Қабылдаған: Доц.Адилбекова З.
Орындаған:Манбаева З.
Тобы:ТТХ-711
Өмірбаяны
Ақан Сері, Ақжігіт
Қорамсаұлы — ақын, әнші,
композитор.
Ақан сері, Ақжігіт
Қорамсаұлы (1843 жылы
бұрынғы Көкшетау облысы,
Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913
жылы, сонда) — ақын, әнші,
композитор.
Әкесінің есімі Қорамса,
шешесі — Жаңыл. Ақан сері
жас кезінен өнерімен көзге
түсіп, кейін ақындық, әншілік
өнері кемелденген соң алты
алашқа аты мәлім сері
атанған.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан
туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері
жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан
әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым
қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан
серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл
— арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан
серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”,
“Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”,
“Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары.
Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да
егде тартқан Ақан серінің өмірі мен
шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей
Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі
қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде
ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі
тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан
сері енді: “Жақсылықтан
жамандық асып кетті, Бой
бағып тұру артық келсе
шамаң” дейді. Ел аралауды
сиретіп, бойын бағуды
ойлайды. Жайлауға көшпей,
Ыбан екеуі қыстауда қалады.
Дұшпандары оны әр саққа
жүгіртіп өсек таратады.
Бірақ Ақан сері өмірден де,
өнерден де қол үзбейді.
“Өнерді бойға біткен іркіп
болмас” деп қарайды.
Шығармалары
Ақан серінің “Ақтоқты”,
“Алтыбасар”, “Тер
қатқан”, “Мақпал”,
“Балқадиша”,
“Сырымбет”, “Майда
қоңыр”, т.б. әндері әйел
жанының сұлулығын
жарқырата көрсетуімен
бірге, махаббат құдіретін
асқақтата суреттеуімен де
құнды. Кеңінен танымал
бұл әндер әйелдер
образының галереясын
жасап, шынайы махаббат
рухын ту етіп көтереді.
Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы,
атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас
өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен
қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”,
“Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер”
әндерінде Ақан серіның ішкі жан
дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек,
телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай.
Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез
келген жүректі толқытады. Әсіресе
“Құлагердегі” экспрессивті интонация,
толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған
қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды.
Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін
бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер
адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі
өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін
ашады. Ақан серінің музыка туындылары
қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын
тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер
Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов,
Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды.
Қазақстан композиторларының симфониялық
және опералық шығармаларында кеңінен
енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады.
Музыка және әдебиеттегі үлесі
Қазақстан композиторларының симфониялық
және опералық шығармаларына кеңінен
енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады.
Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс
Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит
Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын,
Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын,
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын
жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен
фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің
ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел
жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран
бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау
өлеңіне жатқызған
Қазақстан композиторларының симфониялық және
опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері
екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы
Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов
«Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов
осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын
жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры»
атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін
жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған
«Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет»
әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған
Ақан серіге орнатылған ескерткіш
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz