Біржан сал Қожағұлұлы




Презентация қосу
Біржан сал Қожағұлұлы
(1834, Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы —
1897, туған жерінде) —
Қазақтың әйгілі ақыны,
сазгер. Ол 1834 жылы
Ақмола облысының
Еңбекшілдер
ауданында дүниеге
келіп, 1897 жылы алпыс
үш жасында туған
жерінде қайтыс болған.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан
салдың композиторлық, әншілік, ақындық
өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді.
Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік
өнерін, халық музыкасын жаңа белеске
көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған
ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның
Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан
Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай,
Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты
ақын-әншілері – Біржан салдың
мектебінен өнеге алып, оның
композиторлық өнерін жалғастырып ,
ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар .
Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі
Тұрлыбай қарапайым шаруа болған.
Біржан алғаш ауыл арасында ән салып,
өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән
шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-
орындаушылық өнерін дамытып, халық
музыкасын өз шығармашылығымен биік
белеске көтерген аса дарынды халық
композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір
кешкен заманның неше алуан окиғаларын ,
адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап ,
адам жанының нәзік сезім күйлерін
лирикалық әсем сазға бөлейді.
Біржанның алғашқы әндерінің бірі —
«Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-
жалыны да, салдық, серілік салты да,
сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді.
«Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ»,
«Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты
әндер Біржан сал шығармашылығындағы
шоқтығы биік, сыршыл шығармалар.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық
өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара
өнерпаз болғандықтан, оның айналасына
халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары
топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір
тобы Біржан салның әншілік, ақындық,
композиторлық өнерін өздерінің
шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса,
Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т.
б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы,
орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен
таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума,
Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін
қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің
заманға оның 44-ке жуық әні жетті.
Біздің заманға Біржан салдың
алпысқа жуық әндері жеткен. Оның
әндері нәзік сезімді, сұлулықты
жырлаған сыршылдығымен қоса
(«Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім
шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.),
әлеуметтік мән-мазмұнымен де
(«Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай –
Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара
ақынмен айтысы оны дарынды,
суырыпсалма ақын ретінде дүйім
елге танытты. Біржан салдың
ақындық өнерінің өріс ашып, өрби
түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б.
қатарлы тұтас бір сала буын игі
әсерін тигізген.
Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-
тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан
салдың жеке басына да қатты әсер еткен.
Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген
лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға
дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың
«Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады.
Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар»,
«Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек»,
«Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі
қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде
қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын
Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі
трагедиялық жағдайда өтті. Ел
ішіндегі руаралық талас-
тартыстың салдары Біржанға да
соқпай кеткен жок. Біржанды
«жынданды» деп ел арасына
жалған лақап таратып, қол-
аяғын байлап, жан азабын
тартқызады. Кеңестік заманда
әдебиетшілер мен музыка
этнографтары Біржаның
жырларын, сыршыл әндерін
жинап, бірнеше рет жинақ етіп
бастырды. Оның әдеби және
музыка шығармашылығы
туралы бірқатар зерттеулер де
жазылды.
Біржан мен Сараның айтысы
негізінде КСРО халық артисі,
композитор М. Төлебаев
қазақ опера өнерінің
классикалық туындысы
болған «Біржан—Сара»
операсын жазды (либреттосы
Қ. Жұмалиевтікі). Ал
академик А.Қ. Жұбанов
«Қазақ композиторларының
өмірі мен творчествосы»
(1942) атты кітабының үлкен
бір тарауын Біржанға
арнады. 1982 ж. республика
жұртшылығы халық
композиторының туғанына
150 жыл толуын салтанатпен
атап өтті.
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Біржан сал - үш бірдей өнер иесі: асқақ үнді ақын, сазгер, әнші
Әнші- ақындар шығармашылығы
Біржан сал шежіресі
Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы
Абайдың қонағы кім
Халықтың әнші-композиторларының шығармашылығы
Педагогикалық технология және әдебиетті оқыту
Мәнжазба Біржан мен Сара айтысы
Солтүстiк Қазақстан облысының көрiктi жерлерi
Кімнің сөзі
Пәндер