Қауыншы мәдениеті: археологиялық зерттеу, ескерткіштер және кезеңдік сипаттама


Slide 1

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрк университеті Тақырып: Қауыншы мәденитеті

Орындаған:М. Исмаилов Қабылдаған:М. Keleş Тобы:ТТА-711

Slide 2

Қауыншы мәдениеті

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қаңлы еліне қысқаша сипаттама

2. Қаңлы мәдениеттері

3. Қауыншы мәдениеті

4. Қауыншы мәдениетінің зерттелуі

5. Қаунышы мәдениетінің ескерткіштері

6. Қауыншы мәдениетінің кезеңдеріне сипаттама

ІІІ. Қортынды

ІУ. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Ежелгі дәуір кезеңдерінде үлкен бір аймақты иеленген Қаңлы мемлекеті негізін қалаған Қауыншы мәдениетіні зерртелуіді әлі де қажет ететін үлкен мұра.

Тақырыптың мақсаты: Қауыншы мәдениетінің өзгешеліктерін көрсету, әр бір кезеңнің өзіне тән мәдениетін талқылау.

Slide 4

Қаңлы еліне қысқаша сипаттама

Территориясы: Қаратау жотасы - Сырдария орта ағысы

Астанасы: Битянь (Түркістан қаласының маңы)

Билеуші: Хан

Тайпа көсемдері: Уәзірлер

Slide 5 Slide 6

Жалпы Орта Азия, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәденитеке бөлінеді.

Slide 7

Қауыншы мәдениеті

Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б. з. б. ІІІ ғ. Және б. з. І ғ. арасы. Қазақстандық ғалымдар бұл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Жақсы зерттелген ескерткіштері Ақтөбе І, ІІ Шаушықұм қалашықтарының орындары мен Жамантоғай, Төребайтұмсық зираты. Олардан алынған керамикалық ыдыс-аяқтар, жер кәсибіне және мал шаруашылығына пайдаланған құрал-жабдықтары да қауыншы мәдениетінің материалдарына ұқсас.

Slide 8

Қауыншы мәдениетінің зерттелуі

Бұл мәдениет қоныстар мен некропольдар, жерлеу ғұрпы, қыш ыдыстары бойынша бөлінген. Қауыншы мәдениетінде 1933, 1935 және 1937 жылдары археолог Г. В. Григорбев алғаш кең көлемде қазба жүргізген болатын, ол алынған керамикалық материалдарды даму бойынша Қауыншы -1 және Қауыншы -2 деп екі кезеңге бөлген еді. Бірінші кезеңде ол б. з. б. ІІ мыңжылдық соңынан б. з. б. І мыңжылдыққа дейін, екіншісін сақ заманымен - б. з. б. УІ ғасырмен мерзімделеді. Кейіннен С. И. Тереножкин Қауыншы-1 кезеңін б. з. б. ІІ-І ғасырларға жатқызады. Ал Қауыншы-2 кезеңін б. з. Шебімен белгіледі. Ал белгілі ғалым С. П. Толстов өз кезегінде Қауыншы-1 кезеңін б. з. І-ІІ ғасырлармен мерзімдеген еді.

Slide 9

Жаңа ескерткіштердің ашылуына орай біртіндеп Қауыншы мәденитінің шекарасы анықталды: оңтүстік-шығыста - Ангрен-Шыршық-Келес алаптарынан Құрам жотасына дейін кіретін Ташкент жазирасы, батыста - Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы. Солтүстік-шығыста бұл ауданға Піскем, Шатқал мен Талас аңғарларындағы аудандар кіреді. Зерттеушілердің пікірінше, Қауыншы мәденитеі Келес өңірінде кеңінен таралған.

жаңа

Slide 10

Қаунышы мәдениетінің ескерткіштері

Қауыншы мәдениетінің керамикасын зерделеген Л. М. Левина оның дамуындағы үш кезеңді бөліп көрсетеді.

Slide 11

Ақтөбе қонысы

Шардараға жақын жерде Ақтөбе қонысы Қауыншы мәдениетінің жақсы зерттелген ескерткіштері бірі болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан. Қала орны үш жағына дуалмен, ал Сырдария жағынан пахса қабырғамен қоршалған. Қала орнының орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық сопақша төбе ерекше көзге түседі. Төбе аумағында және Ақтөбе-2-ның басқа бөліктерінде қазба жұмыстарын жүргізілген. Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28х18, 5 м болып шықты. Сарай шаршылап жатқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған.

Slide 12

Ақтөбе қонысына жүргізілген зерттеу

Қазба барысында б. з. І мыңжылдық бас кезінде ескерткіштерге ұқсас керамиканың бай жиынтығы: көзелер, саптыаяқтар, табалар, хумдар, шүмекті құмыралар жиналды. Керамикалық ыдыстардан басқа І-ІУ ғасырларға жататын ұршықбастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұштары, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды. Сарай кешенінен табылған адам мүрдесі ағаштан жасалған торлы табытқа қойылған. Мүрде басы батысқа қаратылып, шалқасына жатыр. Керек-жарақтары да ерекше: ағаштан жасалған екі ыдыс, көз салып, қара тас орнатылған күміс пен алтын құймасынан жасалған сырға, қорамсақ, т. б. Заттар қойылған. Құрал - саймандардың хронологиялық шегі б. з. ІУ ғасырдың бас кезіне жатады.

І

Slide 13

Шәушіқұм қорымы ерекшелігі

Ақтөбе қорымынан 15 км солтүстік-батысқа қарай орналасқан Шәушіқұм қорымында катакомбаларлың коп табылыуы. Сопақша тұрпаттағы катакомбалар батыс-шығыс сызығы бойынша созылып жатыр. Дәліздер тік бұрышты, тар әрі ұзын. Молаларда түгелдей бір адамнан жерленді. Мүрделер шалқасына жатқызылып, бастары шығықа қаратылған. Қайтыс болған адамның жанына бай құрал-саймандар мен ғұрыптық ас(қой еті) қойылған. Молалардың бірінен лақа балықтың қылтанағы да табылған.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қауыншы мәдениеті (Қазақстан-Орта Азия): археологиялық зерттеулері, ескерткіштері және тарихи хронологиясы
Археология: зерттеу әдістері және Арал өңіріндегі археологиялық ескерткіштер
Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және археологиялық әдіс
Сақтар: тарихы, қоғамы, мәдениеті және негізгі археологиялық ескерткіштері
Арғы түркілердің мәдени мұрасы: ғұндар, Үйсін және Қаңлы мемлекеттері мен археологиялық ескерткіштер
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті: археологиялық негіздер мен тарихи-мәдени ерекшеліктері
Қаңлы мемлекетінің тарихи-географиялық және археологиялық сипаттамасы
Археология және Қазақстанның археологиялық ескерткіштері
Ғұн, қаңлы және үйсіндердің шаруашылығы мен қоғамы: археологиялық және жазба деректері
Қазақстан даласының тарихнамасы мен археологиялық кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz