Қола дәуірі


Slide 1

Тақырыбы: Қола дәуірі

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қола дәуірі

Андронов мәдениеті

Орталық Қазақстанның тайпалары

Андроновшылар шаруашылығы

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе:

Қола дәуірі - адамзат дамуында еңбек құралдарын және қару-жарақ жасауда қола іргелі материалға айналған тарихи-мәдени кезең. Бұл дәуір біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарды қамтиды. Археологияда бұл кезенді "Андронов мәдениетінің" өркендеу дәуірі дейді. "Андронов мәдениеті" біздің заманымыздан бұрынғы 2-ші мыңжылдықтың соңғы жартысы мен 1-ші мыңжылдықтың басында Батыс Сібір, Орал маңы және Қазақстан мен Орта Азияның кең алқабын мекендеген тайпалардың тұрмысың бейнелейтін кезең.

Slide 4

Бұл аймақты тарихи тағдыры ортақ, тегі тамырлас, мәдениеті туыстас тайпалар мекендеген "Андронов мәдениеті" деп аталуының сыры 1914 жылы археологиялық зерттеулер кезінде бұл кезеңнің көптеген жөдігерлері Сібірдің Ачинск қаласыңың маңындағы Андроново деревнясынан табылуында. Біздің дәуірімізге дейінгі 2-ші мыңжылдықта Солтүстік Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындардың тұрмыс бейімі осы мәдениеттің сипатына сай болған. Андроновтықтардың негізгі тіршілік бейімі мал шаруашылығымен, балық аулаумен және терімшілікпен сипатталған. Мал шаруашылығы тіршіліктің негізгі көзі болғандықтан адамдардың тұрмысында жүн бұйымдар көптеп пайдаланылған.

Slide 5

Осыған орай Есіл өңірінде мал түліктерінің барлық негізгі түрлері кездескен Мал терілерінен тоқылған тігілген киімдер қола дәуірі адамдарының тұрмысында жақсы қолданысқа ие болған Сондай-ақ, өзінің атауына сай, бұл дәуірде біздің өңірдің ертедегі адамдары қоланы негізгі тіршілік көзі ретінде қолданған. Еңбек құралдары, қару-жарақтар және әшекей бұйымдар осы материалдан жасалған. Қола дәуірінің айшықты үлгілері біздің облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы. Ғалымдардың кейбір пікірінше сол дәуір-де адамдар қола кенін қорытуды да білген.

Slide 6

Бір қызығы, осы қола дәуірінде адамдардың отырықшылық тұрмысқа бейімделгені айқын айғақталады. Олардың қоныстары жер үйінділерімен қоршалып, ортасында тастан, ағаштан, шымнаң саз балшықтан соғылған жаппалар, жеркепелер, тамдар орналастырылған Мұндай қоныстар көп ретте өзен-сулардың маңына жақын болған. Қола дәуірінің соңы әлі де көшпелі тұрмыс салтының белең алуымен айғақталады. Өйткені, бұл кезеңдегі адамдардың негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болған. Кең даланың өне бойында мал түліктері жайылымнан жайылымға ауы-сып, адамдар соған орай көшіп-қонуға бейімделген. Бұл уақытта егіншілікке аса маңыз берілмеген. Бұдан кейінгі кезеңдерде Қазақстанның аумағында темірді пайдалануға бейімдік байқалған. Археологтардың көптеген дәйектері осыны айғақтайды. Бұл кезеңді сондықтан ерте темір дәуірі деп атайды.

Slide 7

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола - б. з. д. 18-16 ғғ, орта қола б. з. д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б. з. д. 12-8 ғ. б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б. э. д. 17-9 ғасырлар) . Орталық Қазақстан Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ертедегі Нұра кезеңі - жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған. Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. Кейінгі кезеңі - Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

Slide 8

Солтүстік және Батыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы) қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.

Slide 9

Шаруашылығы Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2) . Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3) . Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді. Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б. з. д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Slide 10

Ежелгі кеншілер Кен өндіру б. з. -дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.

Slide 11

Халық, қоғам, әдет-ғұрып Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған. Діні мен өнері Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.

Slide 12

Тастағы суреттер Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі:ерте қола-б. з. дейнгі ХVІІІ-ХVІғ. ғ. орта қола -б. з. дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ; кейнгі қола -б. з. дейнгі ХІІ- VІІ ғ. ғ. басы. Бұл кезендер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептетіледі.

Slide 13

Тастағы суреттер

Slide 14

Бірақ кейн Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына жататына даталанды. Сөйтіп андронов мәдениетінің дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткітерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп ыдырап кететіні анықталды. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстанмен Оралдан табылса; енді кейінгілері Батыс Сібірден; Қазақстаның оңтүстігі мен оңтүстіік-шығысынан табылды. Орта-Азиядан табылды. Әсілі. Федоров тайпаларының жан-жақты таған кіндігі Қазақстан болса керек; олрды бұл ардан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақсанға олар бір белгісіз бір батыс орталықтан келеді. Қоланың кейнгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке Тән-бір қасиет ол бірінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардан айрықша типі өзінділік ерекшелігі бар жерлеу дөстүрі, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болды. Мәйттерді бүктеліп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениетке Ақсу-Аюлы қабыры жатады. Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2м., Төбешік астында дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.

Slide 15

Бұл дәуірде жер бетіне жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылды. Тағыбай-бұлақ қонысында алты тікбұрышты жер бетіндегі тұрғын үй бар екен. Үй қабырғалары жерге паралельді түрде көмілген тақта тастар қатарынан тұрғызылған, тақта тастар арасындағы қуыс ұсақ тастар топырақпен қабат-қабат етіліп бітеліп тасталған. Орталық Қазақстанның таулы аймақтарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңнен пайдаланылған. Жертөлелер қабырғалары ағаш тақталармен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған. Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Орталық Қазақстанның поле металдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген.

Slide 16

Солтүстік және Батыс Қазастанда көптеген андроновтық мәдениет ескеткіштері ашылып, зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұлақ қорымы кеңінен мәлім болды. Орманды дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген Дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл аудандарда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым бар. Ертедегі қола кезеңіне мәиітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропаловск қаласының маңындағы Вишневск қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр жер беті тұрғын үй табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Сол кездегі алғаш қалалардың алдың алушылар деп атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.

Slide 17

Орта қола кезңінде үй салу, қоныстандыру ісі өлікті жерлеуді ұйымдастыру жерлеу ғұрпы біраз өзгергенеді. Қоныстарға бұрынғыша бекіністер салынбайды. Тұрғын жайлар-жартылай жертөлелілер тікбұрышты ұзынырақ болып келеді. Оның 140-тан 200шар. м. дейінгі көлемі қоржын сиқтанып екіге бөлінеді, еденінді біреуден сегізге дейін ошағы болады. Мұндай тұрғын жайлар Явленка Тасты-бұлақ қоныстарында болған. Кейнгі Қола дәуірінде оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің ал Батыс Қазақстан - Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400шар м, . дейін баратын орасан зор жертөлелер салу етек ала бастайды, Олар қысты күні мал ұстайтын болған. Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.

Slide 18

Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің оңдаған қоныстары мен қорымдары табылды., олар- дың дамуы мен қалыптасуына жез бен қалайының алтынның аса бай көздері әсер етеді. Қанай қорымы қорымы және онымен жарыса қатар орналасқан қоныс қабырғаларының дені кейінгі қола кезңіне жатады. Ертістің оң жағалауындағы қонытан көлемі 50шар. м. тікбұрышты жартылай жертөле және омен жалғас қоражайлар қазылып аршылып алынды. Үй қабырғалары қамыспен бастырылып сылақталған.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуіріндегі ерекшеліктері
Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Қола дәуірінің ерекшелігі
Қола дәуірі туралы түсінік
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
Қола дәуірінің ерекшеліктері
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Тас дәуірінің кезеңдерін ата
Қазақстан тарихына кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz