Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау



Тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
СӨЖ
Орындаған: Смағұлова Әйгерім ЕШТ-11

Жоспар
1. Қорық және мемлекеттік табиғи қорық туралы жалпы түсінік
2. Қазақстандағы қорықтың түрлері
3. Қызыл кітаптағы Сирек кездесіп, жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
4. Қоршаған ортаны қорғау жолдары
5. Атмосфераны ластаушы заттардың негізгі көздері

Қорық - ағаш кесу, мал жаю саңырауқұлақтар мен жемістерді жинау, аң және балық аулау секілді кез-келген жұмыстарды жасауға тыйым салынатын аумақ. Қорық - табиғаттың қайталанбас Қызыл Кітабы, мұнда өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы табиғи түрде сақталады.
Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

#
Сурет
Атауы
Құрылған жылы
Көлемі, га
Орналасқан жерi
1
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы
1926
131 934
Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы
2
Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы
1931
71 700
Алматы облысы
3
Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы
1931
191 381
Қостанай облысы
4
Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы
1939
160 826
Қызылорда облысы
5
Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы
1968
543 171
Ақмола облысы және Қарағанды облысы

6
Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
1976
102 979
Шығыс Қазақстан облысы
7
Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы
1984
223 342
Маңғыстау облысы
8
Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы
1992
86 122
Шығыс Қазақстан облысы
9
Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
1998
65 217, 9
Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
10
Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы
2004
34 300
Оңтүстік Қазақстан облысы


Қызыл кітап - сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда қызыл кітап тұңғыш рет 1978 жылы шықты.
«Қазақстанның Қызыл кітабының» бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы - жойылып кету қаупі төнген түрлер ; Б категориясы - сирек кездесетін түрлер деп берілді. «Қазақстанның қызыл кітабының» жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
∙Балықтардың 4
∙Қосмекенділердің 1
∙Бауырымен жорғалаушылардың 8
∙Құстардың 43
∙Сүтқоректілердің 31түрі тіркелді.
Екінші басылым
∙Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
∙балықтардың 16
∙қосмекенділердің 3
∙Бауырымен жорғалаушылардың 10
∙Құстардың 58
∙Сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші басылымында алғаш рет оиыртқасыз жануардың 105 түрі берілді, онда
∙ Жәндіктердің 96,
∙ Шаянтәрізділердің 1,
∙ Ұлулардың 6,
∙ Құрттардың екі түрі туралы тіркелген.
∙

Үшінші басылым
« Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші томның бірінші басылымы
«Жануарлар», оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды . Онда омыртұалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген. « Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері бес категория бойынша:
∙1-категория- жойылып бара жатқан ;
∙2-категория-саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
∙3-категория-сирек кездесетін;
∙4-категория-ғылыми тұрғыдан дұрыс зерттелмеген;
∙5-категория-қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz