Салаутты өмір салтының бағдарламасының аймақтық негізі приоритетінің үлгісін өңдеу


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы №1Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Салаутты өмір салтының бағдарламасының аймақтық негізі приоритетінің үлгісін өңдеу.

Орындаған: Айткулова Г

Тобы. 505 - ҚДС

Қабылдаған: Мусирепова З. Ж

<#>

Slide 2

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Саламатты Қазақстан бағдарламасы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

<#>

Slide 3

<#>

Slide 4

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты - елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады

<#>

Slide 5

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына

<#>

Slide 6

2010 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Рес­публикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

Осы Мемлекеттік бағдарлама «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген.

<#>

Slide 7

<#>

Slide 8

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақса­ы елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады және:

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық іс-қимыл­дың тиімділігін арттыруға;

Профилактикалық іс-шаралар­ды, мақсатты зерттеп қарауды күшейтуге, диагностиканы жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіруге;

<#>

Slide 9

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;

Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіруге; инновациялық технологияларды дамытуға және медицинаға енгізуге;

Халық үшін дәрілік заттардың қол­жетім­ділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсартуға бағытталған.

<#>

Slide 10

2015 жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.

Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын­да­ры үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекет көлік медицинасын, оның ішінде санитариялық авиацияны дамытуды қолдады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру денсаулық сақтау мәселелерінде бүкіл қоғамның келісімге қол жеткізу жолымен қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыра отырып, жалпы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ауруларды төмендете отырып, денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптаст­руға ықпал ететін болады.

<#>

Slide 11

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

<#>

Slide 12

Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т. с. с. әсер етеді.

Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.

<#>

Slide 13

Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

<#>

Slide 14

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады.

<#>

Slide 15

<#>

Slide 16

Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

<#>

Slide 17

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

<#>

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алу негізі ретінде
Қазақстан – 2030 бағдарламасының басты білімділік міндеттерінің бірі – салауатты өмір салты
Медбикелік күтімнің бағасы
Бақытым да, байлығым да - денсаулық
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Христиан діні
Суицидтің қауіп - ұсыну және ақпараттық жағдаяттарды қатер факторлары келісімін алу талдау
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы
Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары
Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz