Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық
Академиясы
Гигиена-2 кафедрасы
Ойыншықтарға қойылатын
гигиеналық талаптар
Орындаған: Байгожаева У
Тобы: 414-ҚДС
Қабылдаған: Долтаева Б.З.
ЖОСПАР:
І.КІРІСПЕ
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
ІІ. НЕГІЗГІ бөлім
Балалардың ойыншықтарына қойылатын талаптар.
Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелер.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Бала тіршілігінде де, тәрбие прцессінде де ойыншықтардың
маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен
танысады, баланың көңіл-күйі көтеріледі. Ойыншықтарды
тәрбиелік құрал ретінде пайдалану балалардың жас
ерекшеліктеріне негізделеді.
Ойыншықтарға арналған баланың жасы, ойыншық қорабының
сыртында немесе арналып салынған қағазда көрсетіледі.
Ойыншықпен бірге берілетін нұсқау қағаздағы ескертулер
ойыншық арналған жас тобындағы балаларға түсінікті болуы
керек және мұнда ойын мен ойыншықты өңдеудің (жуып-
тазалау, залалсыздандыру) ережесі жазылуы керек.
Бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар олардың көру, есту
жағдайларын, дыбыс реакцияларын, дене тұлғасын өзгертуге арналған
қимыл-қозғалыстарын (отыру, тұру, қолдарымен бір нәрсені қармап ұстау
т.с.с.) дамытуға арналады. Бұл жастардағы балалар үшін ең көп таралған
ойыншықтар полимерден жасалған дөңгелектер, әртүрлі шылдырмақтар
т.с.с. болып табылады. Олар мүмкіндігінше ірі, қармап ұстауға ыңғайлы,
ашық түстермен боялған және дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы
керек. Бір жастың соңына қарай қүыршақтар, аңдар, машина, ойыншық-
әткеншектер т.б. қолданыла бастайды.
Одан кейінгі жастарда бала айналасын тереңірек танып, біле бастайды,
қимыл-қозғалыстары реттеліп, тіл дами бастайды. Сондықтан бұл
жастарда біраз күрделірек, түсіну үшін ойлану қажет ететін әртүрлі
мозайкалар, таяқшалар мен кубиктер, құрылыс материалдары, дамыту
ойыншықтары қолданылады. Мектепке дейінгі жастардағы балалар
белгілі роль атқаратын ойындарға (апа, әже, дәрігер, мұғалім т.б.) көше
бастайды, бұл жастарда көбінесе ұжымдық ойындарға арналған
ойыншықтар пайдаланылады.
Балалардың морфофункционалдық ерекшеліктеріне, білім,
интеллектуалдық деңгейлеріне сәйкес, ойындар мен ойыншықтар 5
топқа бөлінеді: бір жасқа дейінгі сәбилерге (ерте жас) арналған
ойыншықтар; бір жастан үш жасқа дейінгі (ясельдік жас); үш жастан
алты жасқа дейінгі (мектепке дейінгі жас); алты жастан он жасқа
дейінгі (бастауыш мектеп жасы) және оннан он төртке дейінгі аралық
(орта мектеп жасы) деп бөлінеді.
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық
сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына
ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту,
сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі
заттардың барлығына келісім беру жатады. Көбінесе, экспертті баға
беру ғылыми зерттеу институтына және ірі СЭС-ға міндеттеледі.
Ойыншықтарға күнделікті бақылауды СЭС жүргізеді және ойыншық
шығаратын өндіріс орындары мен оларды халыққа тарататын
дүкендерді бақылап отырудан тұрады.
Ойыншықтарға қойылатын санитарлық ережелердің негізі
талаптары төмендегідей болып келеді:
Өндіру мен таратуға, үлгілері мен нормалық техникалық құжаттарына
санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындарының дұрыс деп қойған
қортындысы бар ойыншықтар ғана жатады;
Ойыншық жасаумен айналысатын жұмысшыларға, тамақ өнеркәсібінің,
су құбырларының балалар мекемелерінің қызметкерлеріне қойылатындай
талаптар қойылады. Жұмысқа түсер кезде олар дәрігер терапевтің жалпы
тексеруінен өтуі керек және туберкулез ауруына тексеріледі, әрі қарай
жылына бір рет дәрігерлік тексеру-ден өтіп отырады;
Ауызға тигізетін ойыншықтарды дүкеншілердің тексеріп беруіне тиым
салынады. Ол үшін, ауамен үрленетін арнаулы қондырғы болуы керек;
Сатылып кеткен ойыншықтарды ақауы (дефектісі) барынан басқасын
қайта қабылдауға болмайды;
Ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық
заттар бөлмеуі керек. Өтелдерді ойыншық өндірісінде пайдалануға тиым
салынады;
Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықты шыныдан, түкті резеңкеден
және металлдан жасалған лақтыратын снарядттарды (барлық жастағы
балаларға) жасауға тиым салынады;
Ойыншықтың ішін толтыруға арналған материалдар, т.б. ойыншық жасауға
пайдаланылатын жүн, терілер залалсыздандырылған болуы керек;
Балалар ернін тигізетін ойыншықтардың бөлшектері жылдам
залалсыздандырылатын материалдан да-йындалуы керек;
Ойыншықтың шеттерінде жарығы, үшкірі, сынығы болмауы керек. Үшкір
жерлері мен бұрыштары доғалданып келуі керек;
Ойыншықтың салмағы, өте ірі ойыншықтардан басқа, 7 жасқа дейінгі балалар
үшін - 400 гр, 7-ден 10 жасқа дейінгі балалар үшін - 800 гр аспауы керек;
Суық қаруды бейнелейтін ойыншықтардың үшкір және өткір бөлшектері
болмауы керек;
Боялған ойыншықтар, түссіз лакпен қапталуы керек. Олардың беті тегіс,
жарылмаған болуы керек;
Жеті жасқа дейінгі балаларға арналған электірлі ойыншықтардың күшінің
қуаты 12 вт, ал, 7 жастан жоғары балаларға 18 вт аспауы керек.
Зерттеулерге арналған ойыншықтардың үлгісі он күннен
ерте және 30 күннен кейін қалдырмай, пайдаланылғаннан
кейін, саны 5 данадан кем болмай тексерілуге жеткізілуі
керек. "Санитарлық ережелерде" зерттеу тәсілі берілген.
СанНменЕ талаптарының сақталуын қадағалау санитарлық
эпидемиологиялық қызметке жүктеледі.
Егер ойыншық рұқсат етілген материалдардан (бояу, лак,
желім т.б.) жасалған болса, және оларға химиялық анализ
жасалғанына бір жылдан көп уақыт өтпесе, онда, оларға
міндетті түрде гигиеналық экспертиза жасағаннан кейін,
екінші рет химиялық анализ жасауды талап етпестен
пайдалануға рұқсат етуге болады. Жаңа материалдарды
дайындауға рұқсатты Республиканың Мемлекеттік
Санитарлық Эпидемиологиялық қызмет Басқармасы береді.
Техникалық жағдайлары бойынша санитарлық
қызметпен келісімге түспеген ойыншықтар жедел
түрде өндірістен алынып тасталуы керек.
Изолятордағы ойыншықтарды топтық бөлмелерге
апаруға тиым салынады. Бұл ойыншықтардың
материалдары оларды мезгіл сайын
залалсыздандырып тұруға қолайлы болуы керек.
Бала бақшаларда ойыншықтарды бір топтан екіші
топқа тасымалдауға тиым салынады, топтық
жекелендіру принципін қатал сақтау қажет
Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
Барлық өндiрiлетiн, әкелiнетiн және сатылатын балалар ойындары
мен ойыншықтары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық
сараптауға жатады.
Ойыншықтардың барлық түрiлерінiң иiс деңгейлері екі баллдан
аспауы тиіс.
Ойыншықтардың сәндік немесе қорғаныш жабындары сiлекейдiң,
тердiң және ылғалдың әсеріне төзiмдi болуы тиіс.
Ойыншық шығаратын дыбыстың деңгейi мынадан жоғары
болмауы тиіс:
1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтарда – 65
децибелл (бұдан әрi - дБА) (күйіне келтірілген әуенді ойыншықтардан,
үрмелi және дабылды аспаптардан басқа);
2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда – 75 дБА;
3) ойын сәтi (бiр рет ату) ретінде қарқынды шу пайдаланылатын ойыншықтарды – 95
дБА.
Үстел үстiне қойып басатын ойындарда мәтiн фон үшін қарама-қарсы түспен
жазылуы тиіс. Сандық және әрiптік белгілердің түсі қара немесе қара бедерлi болуы тиіс.
Фонның оңтайлы түстерi мыналар: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары
болуы тиіс. Үстел үстiне қойып басатын ойындарындағы қағаздар мен картондардағы
бояулар жағылмауы және қолға, жиhазға дақ болып жағылмауы тиіс.
Үстел үстiне қойып басатын ойындардағы мәтiн әрiптерiнiң биiктiгi 10 жасқа дейiнгi
балалар үшiн кемінде 2,3 мм, 10 жастан жоғары балалар үшiн кемінде 1,75 мм болуы тиіс.
3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын
бөлшектерi кемінде 31,7 мм болуы және өлшемдерді анықтау үшін цилиндрге толық
кiрмеуi тиіс. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi мықты бекiтiлген болуы және
үшкiр бұрыштары болмауы тиіс.
Баланың ернімен жанасуға арналған ойыншықтардың (ысқырғыш, сырнай және
осыған ұқсас өнiмдер) ауаны 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен кезекпен сорғанда
және үрлегенде бөлiнетiн бөлшектері болмауы тиіс.
Бесiкке, балалардың төсегiне немесе арбасына пайдалануға арналған ойыншықтардың
бауының ұзындығы 300 мм аспауы, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден
аспауы тиіс. 25 Ньютон (бұдан әрi - Н) күшпен тартқан кезде оралымды баудың ұзындығы
750 мм-ден аспауы тиіс, бұл ретте созылған баудың ұзындығы баудың еркін қалпындағы
ұзындығынан 40%-ға аспауы тиіс.
Ойыншықтардың бауларында жылжымалы ілмек құруға қабілетті жылжымалы
түйiндері немесе сусымалы iлмектері болмауы тиіс. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған
ойыншықтар бауларының диаметрi кемінде 2 мм болуы және соңында шар тәрiздi
тұтқасы болуы тиіс.
Балалар сыйатын және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвамдар
және басқалары) сыртқа кемінде 50 H күшпен ашылуы және есiгi жабық болған
жағдайда желдетуді қамтамасыз ету үшін ойықтары, тесіктері болуы тиіс. Түймелердi,
сыдырмаларды немесе осыған ұқсас ілгектерді қолдануға жол берілмейді.
Сылдырлауықтар соққыға төзiмдi болуы, сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар
герметикалық болуы тиіс.
Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабын сiлекейге, терге және ылғалға төзiмдi
болуы тиіс. Сылдырлауықтардың бетiн бояуға және жазу жазуға жол берілмейді.
Полимер және басқа да синтетикалық материалдардан, қағаздан, картоннан,
матадан, ағаштан, теріден, резеңкеден, металлдардан дайындалған ойыншықтардан,
материалдардан (пластилиннен, балшықтан, гелден), бояулардан, лактан, әшекей
жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан зиянды
заттардың бөлiнуі тағам өнiмдерi және орталармен жанасатын материалдар мен
бұйымдарға арналған рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
Балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаратын объект баланың денсаулығы
үшін қауiпсіз өнім шығаруға кепілдік беруі және өнiмнiң сапасы мен қауіпсіздігін
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен сертификаттың болуымен растауы
тиіс.
Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында ойыншықтар
арналған балалардың жасы көрсетiледі:
1) бiр жасқа дейiн (жас сәбилер);
2) бiр жастан 3 жасқа дейiн (бөбектер);
3) 3 жастан 6 жасқа дейiн (мектеп жасына дейiнгi балалар);
4) 6 жастан 10 жасқа дейiн (бастауыш сыныптағы);
5) 10 жастан 14 жасқа дейiн (орта сынып жасындағы).
Ойыншықтарды дайындауға және сатуға байланысты қызметкерлер жұмысқа
кірер алдында және кейіннен мерзімдік медициналық тексеруден өтеді.
Сатушы мен сатып алушыға балалардың ернімен жанасуға арналған
ойыншықтарды көрсеткен кезде оларды ауыздарына салуға жол берілмейді.
Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы тиіс.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (зерттеу) үшiн: өнiмге
нормативтiк техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiлері (кемінде 3 дана) және
қолданылатын материалдардың рецептурасы ұсынылуы тиіс. Құжаттардың үлгiлері
мен көшiрмелері қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтардағы ауыр металдардың болу
нормалары осы санитариялық ережеге 3-қосымшада көрсетiлген.
Осы санитариялық ережеге сәйкес келмейтiн ойыншықтар анықталған кезде
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21
шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен оларды шығаруға және сатуға жол
берілмейді (тоқтатылады).
Әдебиеттер
Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы
2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М.,
Медицина, 2004.,
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz