Балалар оқулықтарының гигиеналық талаптары және өсудің акселерациясы мен дамуына әсер ететін факторлар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена 1 кафедрасы

Орындаған: Ысқақова Г

Тобы: 410 - ҚДС

Қабылдаған: Жумадилова А. Р

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Балалар оқулықтары мен кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар

б) Акселерация термині

с) Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс қалыптасуына әсер ететін факторлар

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Балалар ес білгеннен бастап, белгілі көлемдегі ақпаратты қабылдап, түсіне білуі қажет. Білімді меңгерудің жаңа жолдары мен хабар алудың жаңа құралдары пайда бола бастағанымен ақпарат алудың негізгі көзі кітап болып қала береді.

Мектеп оқушыларында жақыннан көргіштік дамуы көптеген факторларға байланысты болатынын, әсіресе, оқулықтар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф. Ф. Эрисман атап көрсеткен болатын. Бұл жағдай офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан, кітаптың өзі де, оқу процессі де регламенттеуді қажет етеді.

Slide 4

Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен (басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін) жүргізіледі:

Әрбір оқулықтардың басылымын, олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік мамандардың іріктеп тексеруі (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар) ;

Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық сараптма жасау үшін, таңдап, іріктеп алу;

Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Текстің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, баспа бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады.

Slide 5 Slide 6

Сонымен, оқулықтың гигиеналық сипаты - қағаздың, баспаның, шрифтің, баспа жиынтығының, форматтың және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.

Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі келтірмейтіндей өте жылтырамауы керек. Кедір бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді, органикалық лас заттарды өзінде ұстап қалады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы анықталған.

№1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық қағазды қолдануға болмайды. Оқулықтарды №3 типографиялық қағазда және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым салынады.

Slide 7 Slide 8

Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.

Оқу процессі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық-педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифт: келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының өлшемдерінің жеткіліктілігі, түр түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталды. Осы талаптарға ең жоғарғы дәрежеде, рубленная (кертік) гарнитура сәйкес келеді екен.

Slide 9 Slide 10

Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда оқушы жас болған сайын, шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық байқалады. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан, оның жеке элементтерінің өлшемі және әріптің өзінің тұтас алғандағы өлшемі жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам көз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені бұндай жағдайда оның өлшемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін төмендетеді. Оқуға дағдылану қалыптасқан соң, үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.

Бірақ, бұдан кейінірек жүргізілген зерттеулер, шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты бөлу қажеттігін көрсетті, және бұл ұсыныстардың бәрі ересектерге де арналатындығы анықталды. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пунктпен өлшенетін литер ауданының биіктігі) .

Slide 11 Slide 12

Осыған байланысты бастауыш және орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағаннан тұратын текст жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағанды баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде, негізінен ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін (анатомия, физиология, география және т. б. ) оқулықтарға ғана рұқсат етіледі. Оқулықтардың мәтінін үш бағанды баспамен басуға тиым салынады.

Slide 13 Slide 14

Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптерінің арасының өзара қашықтығының да (интерлиньяж және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқулықтарында интерлиньяж 2, 8 мм, жоғары сынып оқулықтарында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1 см2 орында 10-15 белгіден көп болмауы керек.

"Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері" оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түріне арналды. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру, оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыққан оқулықтар "санитарлық ереженің" талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады, немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.

Slide 15

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Slide 16 Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар және антропометриялық бағалау
Балалар кітаптары мен мектеп оқулықтарының гигиеналық талаптары
Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін кедергілер мен экономикалық факторлар
Климатотерапия: климаттық курорттардың дамуына әсер ететін факторлар мен емдеу түрлері
Ж.Пиаже теориясы, бала психикасының дамуына әсер ететін факторлар және ойын түрлерінің сипаттамасы
Бүйрек қызметіне әсер ететін факторлар
Балалар ойыншықтарына қойылатын гигиеналық және қауіпсіздік талаптары
Мал терісінің сапасына әсер ететін факторлар және жібіту мен сыпыру технологиясының негізгі талаптары
Балалар тауарлары мен оқу құралдарының санитарлық-гигиеналық талаптары
Қаржылық тәуекелге әсер ететін факторлар мен олардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz