Нитриттер және басқада тамақтық қоспалар мен улану


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

гигиена-2 кафедрасы

Slide 2

Орындаған: Насириддинова Н

Тобы: 413 ҚДС

Қабылдаған: Төлеува А

Нитриттер және басқада тамақтық қоспалар мен улану

Slide 3

Нитриттерден, нитраттардан, нитрозоқосылыстардан уланулар.

Азот құрамды тыңайтқыштарды бақылаусыз қолдану

топырақта нитраттар деңгейінің шұғыл өсуіне әкеп

соқты, нәтіжесінде ол азық - түлік және

ауылшаруашылық жем - шөп дақылдарында да

көбейді. Өсімдіктерде зат алмасуын бұзатын кейбір

пестицидтер және ауыр металдар нитраттардың өсімдік

өнімдерінде жиналуын ондаған есеге күшейтеді.

Slide 4

Нитраттардың ең үлкен консентрациясы тағамдық көк өсімдіктерде, көкөністерде, әсіресе, олардың жапырақтарында және тамыр жемістерінде, бақша дақылдарында байқалады. Парникте өсетін тағамдық көк өсімдіктердің құрамында да нитраттар көп, ол топырақты тыңайтқыштармен өңдеудің қарқынды жүргізілүіне және жарықтың жеткіліксіздігінен болады.

Slide 5

Микрофлоралардың қалпына

келтіретін әрекетінен нитраттар

нитриттерге айналады, сол себепті азықтарды сақтау кезінде, олардың құрамында нитриттер көбейеді. Нитраттар мен нитриттер ағзаға еттен жасалған тағамдардан да (шұжықтар, ысталған ет өнімдері, сырлар) түседі, бұл тағамдарға оларды консерванттар немесе түс беретін зат ретінде қосады.

Slide 6

Нитраттарды ағзаға негізгі түсіріп отыратындар -көшілігінде өсімдік текті тағамдар, ал нитриттер

негізінен ет тағамдарынан түседі. Кулинарлық өңдеу тағамның құрамындағы нитраттар мен нитриттердің азаюына әкеп соғады. Асқазан-ішек жолына түскен нитриттер мен нитраттардың бір бөлігін асқазан және ішек микрофлорасы зат алмасуына түсіреді, сөйтіп, нитраттар нитриттерге айналады. Пайда болған нитриттер асқазан - ішек жолдарына жеңіл сіңеді, қанға өтіп, гемоглобинмен әсерлеседі.

Slide 7

Нитриттер мен нитраттардың әсеріне жас балалардың сезімталдығы жоғары, себебі олардың асқазан - ішек жолдарындағы микрофлорасы нитраттарды нитриттерге белсенді айналдыратын қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Slide 8

Нитраттардың нитриттерден айырмашылығы -

олар метгемоглобин түзуші емес және

соншалықты улы да емес. Егер нитриттерден жедел уланулар 200-300мг, өлімнен аяқталуы 300-2500 мг

дозасында байқалатын болса, онда нитраттардан

улану кезінде бұл дозалар - 1-4г және 8-14г сәйкес келеді. Нитриттердің рұқсат етілген тәүліктік дозасы 0, 2мг/кг дене массасына, ал емшек еметін

жастағы балалар үшін - 0, 05мг/кг, нитраттар

үшін - 5мг/кг сәйкес.

Slide 9 Slide 10

Нитриттер мен нитраттардың

тағаммен ағзаға көп түсуінің

қауіптілігі олардың әсерінен

тек созылмалы нитриттік -

нитраттық метгемоглобинемия

пайда болуымен ғана емес,

сонымен қатар, канцерогенді

белсенділігі жоғары, мутагенді,

тератогенді және эмбрио-

токсикалық қасиеттері бар. Нитрозоаміндердің эндогенді синтезделуіне қатысуымен де байланысты. Нитрозоаминдер қоршаған ортада көп таралған, оның ішінде көптеген тағамдық азықтар да кездеседі.

Slide 11

Адам тәуліктік рационмен орта есеппен 1мкг нитрозоқосылыстар қабылдайды, ал ауыз сумен -0, 01мкг, тыныс алатын ауамен 0, 3мкг түседі. Бұл тағамдық азықтардың құрамында нитрозоқосылыстардың алдынғы өнімдердің болатындығымен және олардың ауыл шаруашылық шикізаттарды, жартылай дайын өнімдерді өңдеудің барлық әдістерінде және пісіру, қуыру, ыстау, тұздау, ұзақ уақыт сақтау көздерінде нитроздану нәтіжесінде нитрозоаминдердің пайда болатындығымен түсіндіріледі.

Slide 12

Тамамқ тайындау технологиясында қолданылатын нитриттердің, сондай - ақ, ыстайтын түтіннің құрамына кіретін азот оксидінің, нитроздаушы қабілеттілігі жоғары. Адам барлық нитрозоқосылыстардың жартысын тұздалған - ысталған тағамдардан алады.

Slide 13

Нитриттердің, нитраттардың және нитрозоаминдердің зиянды әсерлерінің алдын алу келесі бағытта жүргізілетін шараларды қамтиды:

Азотты тыңытқыштарды, топырақтың түрін, оның құрамындағы азот мөлшерін, дақылдарды нитрозоқосылыстарды бойына жинау дәрежесін ескеріп, қолдануы;

Slide 14

Азот тыңайтқыштарды бойына белсенді жийнайтын дақылдарды, атап айтқанда, бақша дақылдарын, қиярларды, кәділерді, патисондарды өсіру кезінде, азотты тыңайтқыштарды және суару үшін ағынды суларды қолдануды шектеу немесе тыйым салуд Тыңайтқыш енгізудің регламенттелген мерзімен және препараттардың регламенттелген дозаларын сақтауды

Slide 15

Шұжық, ысталған тағам өндіруде, тағамның құрамында нитрозоаминдерді азайтуға мүмкіндік беретін, жаңа технологияларды еңізу;

Рационда және тағамдық азықтарда рұқсат етілген консентрацияларын нормалау.

Slide 16

Нитрат нитритке айналса, үлкен қауіп алып келеді. Ал нитриттің улылығы мынада:

Гемоглобиннің активті орталығындағы темір атомымен нитрит өте белсенді түрде әрекеттесіп, метгемоглобин комплексін түзеді. Оның нәтіжесінде белок яғни гемоглобин өттегіні таситын қабілиетінен айырылып, шеттегі жатқан органдар мен ұлпалар өттегінің тапшылығын көреді.

Slide 17

Назарларыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Улану және олардың жіктелуі
Газбен улану
Тамақпен улану
Ірі қара малының қант қызылшасымен улануы
Май ұлпасы
Құрамында фотосенсибилизаторлары бар азықтар
Негізгі өндірістік улардың сипаттамасы
Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы. Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз
Малдың уланудағы, токсикологиясына ветеринариялық - санитарлық бағасы
Тамақтану және аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz