Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы мен негізгі міндеттері




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевттік Акаемиясы

Гигиена – 2 кафедрасы

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы

Орындаған: Мырзаева Ж
Тобы: 401– ҚДС
Қабылдаған: Бекжан Е
Жоспар
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны
жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы мен
негізгі міндеттері.
2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны
жұмысшыларының жеке бас гигиенасы.
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшылары кімдер?

1. Ас шебері

2. Метрдотель

3. Даяршы
Ас шебері - тағам
дайындау шебері,
шебер аспаз.
Метрдотель (фр. maître d'hôtel) – мейрамханаға келушілер мен
қонақ үйдің тұрушыларына қызмет көрсетуді бақылайтын қызметкер
болып табылады. Кішігірім мейрамханаларда ол даяршы қызметін де
атқаруы мүмкін. Кез-келген мейрамхана жалпы түрде екі аумаққа
бөлінеді:ас бөлмесі мен асты ішу орнына. Бас аспазшы ас бөлмесін
басқаратын болса, метрдотель ас ішу орнын басқарады. Сонымен қатар,
метрдотельді бар, кафе немесе мейрамхана менеджері ретінде де
қарастырады. Метрдотель даяршылар мен күзетшілердің қызметін
бақылап, басқарып отырады. Оның қарамағында барлық штаттан тыс
жұмыс болады. Ол сонымен қоса, психолог қызметін де атқара алуы
керек. Мейрамханаға келген қонақтардың көңіл-күйінің жақсы болуы
оның қолында. Олардың кейбіреулеріне үстел таңдайды, олармен
әңгімелеседі, кеңеседі. Кейде мейрамхана беделі тек метрдотельдің
жұмысына ғана байланысты болады.
Даяршы (нем. Offiziant; ескі.
Кельнер, нем. Kellner) -
қоғамдық тамақтандыру
орындарының қызметшісі,
қызметі – мейрамхана мен
кафелерде клиенттерге қызмет
көрсету. Даяршының міндеттері
өте қарапайым - келген
клиенттердің үстеліне келіп.
олардан тапсырыс алу, ас
мәзірімен таныстыру және
мүмкінлігінше тез уақытта
оларды алып келі болып
табылады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіорындарында
өндірістің технологиялық операцияларына
орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес
келетін кәсіптік дайындығы (біліктілігі,
мамандығы) бар, сондай-ақ тамақ өнімдерін
өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
талаптарды сақтау саласында гигиеналық
оқытылған және аттестаттаудан өткен персонал
тартылады.
Төңірегіне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қауіп
төндіретін, инфекциялық аурулармен ауырған тұлғалар
немесе инфекциялық аурулар қоздырғышын
тасымалдаушылар, сондай-ақ осындай ауруларға күмән
келтірген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді. Өнім өндіру
процесінде жұмыс істейтін кез келген тұлға өзінің
ауыратындығы туралы немесе ауру белгілері туралы
тікелей басшысына шұғыл хабарлайды. Ауру адаммен
немесе осындай ауру тасымалдағыштармен байланыста
болған тұлғалар медициналық зерттеп-қараудан өткен
соң жұмысқа жіберіледі.
Объектінің жұмыскерлері және тамақ өнімдерін
тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен
айналысатын тұлғалар өнімді ластау көзі болмас
үшін жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды:
қолдарының таза болуын қадағалайды, таза
арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден
шығарда және дәретханаға бармас бұрын
арнайы киімін шешеді, жұмыс басталмас бұрын
және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ
жұмыстағы әрбір үзілістен және лас заттарды
ұстағаннан кейін қолдарын сабындап жуады.
Жұмысты бастар алдында шаштарын
қалпақ немесе үшкіл орамал астына
жинайды, зергерлік әшекейлерін,
сағаттарын және басқа сынатын заттарды
шешеді, тырнақтарын қысқартып
қырқады және лакпен боямайды.
Шикізатқа және дайын өнімге бөгде
заттардың түсуін болдырмау үшін
өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және
металл заттарды (технологиялық
мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға,
арнайы киімді түйреуішпен, инемен
ұстатуға және халаттардың қалтасында
жеке тұтыну заттарын сақтауға жол
берілмейді.
Жұмыскерлерге арнайы киімсіз
өндірістік үй-жайларға кіруге, арнайы
киімнің үстінен сыртқы жеке киімді киюге
жол берілмейді.
Күнделікті, жұмыс
ауысымының басында жауапты
тұлға жұмыскерлер денесінің
ашық бетін іріңді аурулардың,
микрожарақаттардың болуына
тексеріп-қарайды. Терінің іріңді
аурулары бар, кесілген, күйген,
терісі сыдырлған жерлері
іріңдеген, сондай-ақ
инфекциялық аурулармен
ауырған және инфекциялық
ауруларға күдікті тұлғалар
жұмысқа жіберілмейді.
Объектінің әр жұмыскерінің және тамақ өнімдерін
тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын
тұлғалардың медициналық тексеріп-қараудан
өткендігі, гигиеналық оқытылғаны және жұмысқа
жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық
кітапшасы болуы тиіс.
Персонал арнайы киімнің кемінде 3
жиынымен қамтамасыз етіледі. Салқын
тағамдарды өндіруде персонал бір рет
қолданылатын қолғаптармен жұмыс жасайды.
Арнайы киім орталықтандырыла жуылады
және дезинфекцияланады, үйде жууға жол
берілмейді.
Қорытынды.
Сонымен қорыта келе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы сақтаудың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оларды жұмысқа келу
барысында санитарлық дәрігер тексеруден өткізу қажет. Егер жарақат, ірінді аурулары болған жағдайда жұмысқа жарамсыз деп табылады. Жұмыс барысында арнайы киімдерді кию қажет.
Арнайы киім орталықтандырыла жуылады және дезинфекцияланады, үйде жууға жол берілмейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. google.ru
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық
сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
Назар аударғандарыңызға
рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Аспазшының жеке қорғаныс құралдары
Бәсеке - нарық ортасының бөлінбейтін құрамдас бөлігі
Халықты санитарлық - эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз етудің міндеттерң мен қағидаттары
Мейманхана және мейрамхана кәсіпорындарын басқару функциялары
Жалпы практикалық дәрігер отбасылық дәрігер
Психология және кәсіптік қызметтік этикасы
Науқасты назогастральді зондпен тамақтандыру
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА
Науқастарды тамақтандыру қағидалары
ЫДЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Пәндер