Азық-түлікке арналған құрал-жабдықтар, ыдыстар, орауыш материалдары арқылы тамаққа енетін қоспалармен улану




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
фармацевтика академиясы
Жалпы гигиена - 2 кафедрасы
Ыдыс тауарды бүлінуден,жоғалудан басқа дәм
иістен сақтау керек және тасымалдауға, сақтауға
бейімделген болу керек.
Мақсаттары бойынша ыдыстар тұтынулық немесе
алғашқы ыдыстар болып бөлінеді, бұлармен өнім сатып
алушыға келеді және сыртқы ыдыстар, бұлар тұтыну
ыдыстарының сыртында болады немесе ал алғашқы
ыдыссыз салынады (бөшкелер, жәшіктер, контейнерлер).
Қолдану бағыты бойынша ыдыстар өнекәсіптік,
тұтынушылық, транспорттық болып бөлінеді.
• Өнеркәсіптік ыдыстар - (жәшіктер, түптер т.б.)өнім
шығарушы мекемелерде шикізат, жартылай өнім, дайын
өнімдер тасуға қолданылады.
• Тұтынушы ыдыстары - (пакет, қорап, шынылар,
банкалар т.б.) тауардың бағасына кіреді және сатылғанда
тұтынушы меншігіне көшеді.
• Транспорттық ыдыстар - (жәшік, қорап, бөшкелер,
қаптар т.б.) тауарды шығарушыда тұтынушыға
жеткізгенше қолданылады.
Механикалық әсерлерге
төзімділігі бойынша ыдыстар
қатты (бөшкелер, шынылар,
флакондар, жәшіктер), орташа
қатты(картон, жәшіктер),
жұмсақ(қаптар) болып
бөлінеді.
Материалы бойынша
ыдыстардың ағаштан,
металлдан, пластмассадан,
қағаздан,пластиктен,керамикад
ан, шыныдан, жасалған түрлері
болады.
Орауыш материалдары (қаптамасы) – азық-түлікті
бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін
құрал не құралдар кешені.
Орамдар өнімдерді сыртқы ортаның әсерінен,
ақаулардан, жоғалудан, яғни тауардың сапасын сақтауға
керек.Ол жарнама құралы ретінде қолданылады және
қолдануға ыңғайлы,сатып алушыларға мәдениетті қызмет
көрсетуге арналған.
Ағаш ыдыстар-жәшіктер, астаулар, бөшкелер,
корзиналар. Бұлар өздерінің мықтылығы,
арзандығы, жеңілдігі арқылы кең қолданылады.
• Картон не қағаз ыдыстар,жеңіл картон,
желімделген, құйылған қағаз жәшіктер. Бұларда
өнімдер жақсы сақталады тасуға жақсы
бейімделген ағаш ыдыстан артықшылығы көп.
Мата ыдыстар - мата қаптар,кенеп қаптар (25-
100кг)ұн тағамдары, жармалар,крахмал сақтауға
қолданылады.
Шыны ыдыстар - бөтелкелер, банкалар, балондар,
консервіленген немесе сұйық заттарды жабық түрде
сақтауға қолданылады, сүт өнімдері, шараптар, арақ, сыра
сусындарына қолданылады.
Металл ыдыстар шойыннан, тот баспайтын қалайылған
темірден, алюминийден, қанылтырдан, жезден т. б.
жасалынады.
Темір ыдыстар бұлар сұйық май, сүт құюға арналған
флягтар, консервілер мен шайға арналған тюбиктер
жәшіктер, контейнерлер, сыраға, шараптарға, ұнға
арналған цистерналар.
Темір ыдыстар эмаль, мырыш және қалайы жалатылған
түрде шығарылады. Эмальды ыдыстар органикалық
қышқыл, тұз, сабын және басқа сілтілерге төзімді келеді.
Мұндай ыдыстарға тек тамақ пісіріп қана қоймай, тамақты
ұзақ уақыт сақтауға да болады. Қою тамақтарды, әсіресе
ботқа пісірмеген жөн, өйткені ыдыстың түбі күйіп, эмалы
бұзылады.
Алюминий ыдысы белгілі бір соқпа қалыппен және
құйма әдіспен жасалады. Соқпа қалып ыдыстары
пайдалану мақсатына қарай түбінің қалыңдығы әр түрлі
болып шығарылады (жеңілдеуінде—1,5 мм орташасында
— 2 мм, ауырынікі—2,5 мм). Құйма ыдыс-аяқтар (таба,
кастрюль, қазан т. б.) негізінен қою тамақтарды қуыруға,
бұқтыруға және пісіруге арналған. Алюминий ыдыс-аяққа
әр беру үшін оған күміс, хром жалатып түрлі түсті
бояулармен бояйды.
Алюминий ыдыс ыстыққа өте төзімді (алюминийдің
балқу температура 6580С), температураның күрт
(кенеттен) өзгеруі де қауіпті емес. Алюминий ыдыста
пісірілген тамақтық дәмі, түсі, исі бұзылмайды. Мұндай
ыдыстарда кез келген тамақты, оның ішінде көбірек
тұздалған және құрамында органикалық қышқылы көп
тамақтарды да пісіруге болады.Алюминий ыдыста
тамақты 2 тәулік - тен артық сақтауға болмайды; тұздалған
қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған
абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр
береді.
Мырышталған ыдыстар алдын ала мырыш жалатылған
темір табақтарынан болмаса қара темірдің өзінен
жасалады. Мырышталған ыдыста тамақ пісіруге, ауыз
суды қайнатуға болмайды. Өйткені мұндайда пайда
болатын мырыш тұзы адамға зиян. Мұндай ыдыстарда
азақ-түлікті консервілеуге (мысалы, саңырауқұлақ,
орамжапырақты т. б.) болмайды. Мырыш жалатылған
ыдысқа қышқылды, сілтілі ерітінділер (кір жуатын
порошок), ас тұзы әсер етіп, мырыш жалатпаның
бұзылуын тездетеді.
Тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды негізінен
сұйық тамақ пісіруге (себебі түбі жұқа әрі ыстыққа төзімді
келеді) және тамақты ұзақ сақтауға (тамақтық дәмі
бұзылмайды) пайдаланады. Жезден жасалған ыдыстар
негізінен су, қайнатпа (варенье) қайнатуға т. б. арналған.
Оларды алюминий және эмальды темір ыдысқа қарағанда
ұзақ пайдалануға болады. Жез ыдыстарды ұзақ уақыт
пайдаланбаса қарайып кетеді және бетінде жасыл жұқа
қабат пайда болады. Ыдысқа органикалық
қышқылдар, сүт, май және көптеген тағамдар әсер етеді.
Тамақ пісіруге және ауыз суды қайнатуға арналған жез
ыдыстың ішкі жағына міндетті түрде қала жалатады.
Қайнатпа қайнататын ыдыстың ішкі жағына қола
жалатпайды. Өйткені жездің жеміс-жидектің
құрамындағы органикалық қышқыл мен әрекеттесуіне
қанттың жоғары концентраты кедергі жасайды.
Шойын ыдыстар қуырып, бұқтырыл пісіретін
тамақтарға қолданылады. Дұрыс тазаланбаған жағдайда
оның бетін тат басады. Тат адам организміне зиянды әсер
етпейді, бірақ дайындалған тамақтық дәмі мен түсін
бұзады. Сонымен қатар темір тұздары тағам құрамындағы
дәрумендерді жойып жібереді.
Эмальданған шойын ыдыстар органикалық
қышқылдардың, тұздардың, сабын және сілтілердің
өсеріне төзімді келеді. Эмалы кеткен ыдысқа тамақ
пісіруге болмайды. Эмальды шойын ыдыстарды
эмальданған темір ыдыстар сияқты тазалау керек.
Керамикалық ыдыс көбінесе арнаулы керамикалық
сырлармен әрленеді. Керамикалық ыдыстардың фарфордан,
фаянстан, майоликадан, қыштан жасалған түрлері
болады. Фарфор ыдыс түсі ақ, қышқылға (лимон, сірке
қышқылына) төзімді, қатты көзе жалатылған жылтыр
(пышақпен сызғанда да сызат түспейді) әрі жұқа болады.
Фаянс ыдысы кеуек, ылғал сіңірген, ақ түсті болады,
ыдыстың жұқа жерінен де сәуле көрінбейді. Мөлдір көзе
жалатылады. Фаянс ыдыстың беріктігі фарфор
ыдысқа қарағанда шамамен 15—25%-ке төмен, әрі одан
едәуір жеңіл. Ас үйде пайдалануға ыңғайлы (құмыра,
азық-түлік салатын, сүт сақтайтын ыдыстар т. б.).
Фаянсқа ұқсас ақ майолика ыдыстар да болады.
Майоликадан негізінен құмыра, нан салғыш, май салғыш,
конфет салғыш, гүл вазасы, күл салғыш, сияқты заттар
жасалады. Қыш ыдыстарда кеуектеніп келеді (негізінен
қошқыл күрең түсті), оның тамақ құйылатын іш жағына
көзе жалатылады. Тамақ пісіру және ас сақтау үшін
пайдаланылады.
Шыны ыдыстардың ішінде ерекше орын алатыны —
ыстыққа төзімді шыныдай престеліп , тамақ пісіруге
лайықталып жасалатын ыдыстар. Олар ыстыққа төзімді
металл ан жасалған ыдысқа қарағанда тез суымайды.
Тамақтық дәмін, иісін өзгертпейді. Мұндай ыдыстарды
пайдаланғанда жалын көзіне металл тор қою керек; ыстық
ыдысты ылғалды, салқын жерге қоюға болмайды,
шытынап кетеді.
Шыны ыдыстар екі тәсілмен — шойын не болат
қалыптарда (формаларда) үрлеу және престеу арқылы
жасалынады. Әдетте үрленіп жасалған ыдыстың
қабырғасы жұқа болады. Негізінен түссіз, мөлдір,
қарапайым, барт не қорғасын қосылған шыныдай ішінара
түрлі түсті шыныдай жасалынады. Үрленіп жасалған
ьідысқа қарағанда престелген ыдыстың қаб ырғасы қалың
болады: оны түрлі түсті шыныдай және аз мөлшерде
хрустальдан қалыптайды. Ас-су ішетін шыны ыдыстардың
түрлері көп (сусын, салаттарға т. б. арналған).
Полимерлік материалдардан жасалған ыдыстар - бұл
полимерлерден жасалады (полиэтилен пленкасы,
полиэтилен, полипропилен) немесе күрделі
композициялар (пластмассалар, полимермен қапталған
материалдар).
Полиэтиленнен- қатты немесе жұмсақ ыдыстар
жасайды.Қатты полиэтиленнен жәшіктер, бөшкелер,
флягтар, контейнерлер, стакандар жасалады.
Полипрпиленнен - қатты ыдыстар мен пленкалар
жасайды. Қатты ыдыстар берік және жоғары
температураға 110ºС төзімді болады.
• Поливинилхлорид - қатты ыдстармен және пленка жасауға
қолданылады.Олар берік болады, ылғал өткізбейді, ыстық-суыққа
шыдамды болады.
• Целофан - мөлдір, жылтыр пленка қалыңдығы 27-60мк. Орау
пленкаларының ішінде 1 орында.Олар арзан шикізаттан жасалған, газ
май өткізбейді, 40-50ºС дейін шыдамды. Кемшілігі ылғал өткізеді және
ыстықтай біріктіруге жарамайды.Целофан кондитер және темекі
бұйымдарын сыртынан орауға қолданылады.
Пластмасса ыдыстар шыны, фарфор және фаянс
ыдыстарға қарағанда берік, оңай тазаланады. Кейбір
пластмассадан (мысалы, аминонласт) жасалған ыдыс
судың қайнау температурасына (100оС шыдайды.
Органикалық шыныдай немесе полистиролдан жасалған
бұйымдар 70—750С температурада ал, полиэтиленнен
жасалған ыдыстар 100оС температурада формасын
өзгертеді.
Пластмассадан жасалған ыдыстарды сатып аларда
олардың қандай мақсатқа арналғанын білу керек. Мәселен,
нан, кәмпит, печенье салатын ыдыстарды ойланбастан ала
беруіңізге болады. Себебі, олар арнайы санитарлық
сынақтан өткізіледі. Алайда кейбір пластмасса ыдысқа
ыстық тағам құйсаңыз балқып, ал суық құйғанда шытынап
кетеді. Мұндай жағдайда олардың құрамынан зиянды
заттар бөлінеді.
Егер полиэтилен ыдыстың түбінде «10-60°» деп
жазылса, онда оған жоғары температурадағы сұйықтық
құймаңыз. Сонымен қатар техникалық мақсатқа арналған
пластмасса ыдыстарға қандай да болмасын азық-түлікті
сақтауға, құюға немесе салып қоюға болмайды. Бұл астың
дәмін бұзып, адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• http://www.aikyn.kz
• http://kk.wikipedia.org/wikі
• http://www.azh.kz/kz/news
• http://www.sarap.kz/kaz
• http://www.egemen.kz

Ұқсас жұмыстар
Ыдыстар әлеміне саяхат
ЫДЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Жұқпалы аурулардан таза емес шаруашылықтың мекеніндегі ветеринарлық санитарлық шаралар
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджменттік жүйесі
Ағзаға теріс әсер ететін заттарға жалпы сипаттама
Уланудың патологиялық морфологиясы
Туристік жорықтағы міндеттер мен құрал-жабдықтар
Өндірістік қауіпсіздік
Cумоншақпен жұмыс
Пәндер