Пестицидтермен улану туралы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
Денсаулық Сақтау Министрлігі Фармацевтика академиясы
Гигиена – 2 кафедрасы
Пестицидтермен улану.
Орындаған: Егеш А.
Тобы: 415ҚДС
Қабылдаған: Бейсембаева З.И.
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Түрлері
2.Пестицидтердің ыдырау механизмі
пайдасы мен зияны
3.Ауылшаруашылығындағы
пестицидтер;
4.Халық денсаулығын қорғау кепілі
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Пестицидтер (латын сөздерінен pesis – жұқпалы ауру, caedo -
өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден,
арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін
қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді
пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі
кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен
адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға
мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер
пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін
ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді
қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан
пестицидтер 5 класқа
топтастырылады:
1. хлорорганикалық қосылыстар
2. Фосфорорганикалық инсектицидтер
3. Карбаматты инсектицидтер
4. Хлорфеноксиқышқыл туындылары
5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер
Хлорорганикалық қосылыстар
гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан,
полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде
жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға
созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен
қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер
карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос,
амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар
топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты Хлорфенокси қышқыл
инсектицидтер туындыллары
карбамин қышқылының дефолиант ретінде су
күрделі эфирлері қоймаларында өсетін
(севин). өсімдіктерді жою
Бунақденелілердің үшін қолданады.
жекелеген түрлеріне
ғана әсеретеді, ал
жануарлар мен
адамдарға зияны жоқ.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер
транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің
жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған.
Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи
пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер
ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік.
Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және
азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және
т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері
препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне
және организмде жүретін метаболизм процесінің
жылдамдығына байланысты болады.
Пестицидтердің ыдырау механизмі
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және
биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық,
тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің
көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен
ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек
жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына
және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына
байланысты.
Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да
пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мг/кг) артық
екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың
0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған.
1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын
дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам
уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде
пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды
(ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың
шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу
жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды
ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл
зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен
көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп,
миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен
зияндығы басым екендігі анықталды.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км. Жер
қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы
жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау
салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге
айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша
Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га
жайылым және 34 млн. га құнарлы жерлер, 180 млн. га жері
жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60
млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен
ластанған.
Топырақтың ластану көздері
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер
(улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар,
өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың
ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және
мұнай өнімдері және т.б. жатады.
Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық
заттар, биологиялық организмдер (бактерия,
вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың
тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде
болуы.
Пестицидтер - өсімдік зиянкестері мен
ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн,
теріден жасалған бұйым зиянкестеріне ,
жануарлар экопаразиттеріне, адам мен
жануарларға ауру тарататын организмдерге
қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік
қасиетіне байланысты пестицидтердің
бірнеше түрлері бар: гигиеналық,
химиялык., өнеркәсіптік классификациясы
бар.
Химиялық ластаушылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа
топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағыттап,
қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер,
минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б.
Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты
ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық,
қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық
заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен
өнеркәсіптен, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік
мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан
қалдық суларды жатқызуға болады
ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген.
Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін
өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда,
пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден
едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді.
Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол
жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де
қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады
Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың
қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінуде. Осы
мақсатпен ондай препараттар улылығы аз
препаратпен ауыстырылуда. Олардың
формалары кейінгі кезде жетілдірілуде.
Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында
пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
гигиеналық нормалары да
негізделуде.Минералды тыңайтқыштар
ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын
арттыру үшін қолданылатын химиялық
қосылыстар. Оларға макро және
микротыңайтқыштар жатады. Минералды
макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына
топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі
элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар.
Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы,
калийлі және аралас деп бөлінеді.
Минералды тыңайтқыштар түрлері
көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар
тобына аммиак суы, карбомид, натрий
нитраты, аммиак селитрасы, калий
селитрасы және т.б. енгізіледі.
Фосфорлы тыңайтқыштар тобына
қарапайым және қос суперфосфаттар,
негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты
минералды тыңайтқыштар топыраққа
тым артық енгізілсе мал денсаулығына
зиян. Өйткені, нитрат
метгемоглобинемия деп аталатын
улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар
топырақта канцерогенді әсері бар
нитрозаминдердің синтезделуінің негізі
болады.
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң
шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған
ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан
(ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы
пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы
жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швецияда, Нидерландыда
және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл
шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан
зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық
болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік
тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы
жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында
басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны
соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.
Ауылшаруашылық ластану — ауыл
шаруашылығы өндірісі процесінде ортаға улы
химиялық қосылыстарды немесе патогенді
микроорганизмдерді енгізу. Ауылшаруашылық
ластанудың негізгі көздеріне пестицидтер,
тыңайтқыштар, мал шаруашылығының
ағындылары жатады. Топырақты
пестицидтермен және олардың
қалдықтарымен ластау топырақтағы тіршілікті
азайтады, сондай-ақ органикалық қалдықтар
ыдыраған кездегі қоректік элементтердің
рециклинг процесін баяулатады. Тамаққа
пестицидтердің түсуі адамда ауру туғызады.
Топыраққа және ауыл шаруашылығы
өнімдеріне фосфор тыңайтқыштарымен бірге
едәуір мөлшерде ауыр металдар (кадмий,
кобальт, мырыш) түсіп, жиналуы мүмкін.
Пайдасы мен Зияны
А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың
жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене
массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы
келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4
класқа топтастырды. ХХ ғасыр аяғында Республика
территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда
өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар
20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына)
талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы
концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл
жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы,
Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған.
Ауыр металдар (әсіресе, қорғасын) жол бойындағы топыраққа
этилденген бензинмен жұмыс істейтін көліктің шығаратын газынан да
түзіледі. Ортаның (ең алдымен, су қоймалардың — өзендер мен
көлдердің, сондай-ақ грунт суларының) мал шаруашылығы
ағындыларымен, әсіресе шошқа шаруашылығы кешендерінен шығатын
ағындылармен ластануының қауіптілігі өнеркәсіптік және тұрмыстық
ластанудан кем емес. Өйткені, мал бордақылайтын ірі кешен (100 мың
бас) ортаны 100—200 мың халқы бар қала сияқты ластайды. Ірі қара
малдарды бордақылайтын кешендердің, көбіне жеткіліксіз
жабдықталған және едәуір мөлшерде сұйық (төсенішсіз) көң жинайтын
көң қоймасы да қауіп туғызады. Бұл көңді тиісті өндеусіз тыңайтқыш
ретінде пайдалануға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің
нитраттармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиянын тигізеді.
Пестицидтерді жою үшін арнайы күрес
Халық денсаулығын қорғау кепілі
Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және
өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық
қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық
өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып,
өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді. Мұнымен қатар мемлекеттің және
жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Адам денсаулығына улы
химикаттардың кері әсер етуінің ең аса
қауіпті факторлардың бірі – ол бүрку
кезінде адамдардың улануы, өсімдік және
жануарлар, азық-түлік өнімдерінде
токсикологиялық қалдықтардың
жинақталуының әсерінен әртүрлі
онкологиялық және аллергиялық
аурулардың, еркектер мен әйелдердің
бедеулігі, түсік тастауы және жаңа туылған
балаларда патологиялық белгілерінің пайда
болуы. Мысалға, біздің мәліметтеріміз
бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының
мақта егетін аудандарында жылдан-жылға
әлеуметтік шиеленіс артуда, ол мақтада улы
химикаттарды жөн-жосықсыз және
шамадан тыс артық қолдануымен
байланысты.
Қорытынды
Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында
жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді инТенсивті пайдалану топыраққа
қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше
қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару
жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа
қажетті жерлер айналымнан шығып қалады. Зерттеу жұмысы бойынша келесі қорытынды
жасалды:
1.Топырақты ластау көздері қарастырылып сипатталды;
2.Топырақтың құрамы талданды;
3. Топырақты ластану көздері анықталды;
4. Жұмыс бойынша қорытынды жасалды
Пайдаланған әдебиет
1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,
У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
2. Интернет желісі
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz